Сабақтың тақырыбы : Құжат беттерін рәсімдеу Сабақтың түрі: дәстүрлі емес



бет1/4
Дата02.10.2024
өлшемі354 Kb.
#205508
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
kamalova-roza-laboratoriyalyk-zhymystar2


Пәні: ИНФОРМАТИКА
Класс: 8 ә
Мұғалімі: Г.Досмалова
Күні:
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
Сабақтың тақырыбы: Құжат беттерін рәсімдеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас сабақ (І кезең – 5минут; ІІ кезең – 25 минут; ІІІ кезең - 15 минут)
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушыларға Microsoft Word редакторында бетті номірлеу, белгілеу жолдарын, колонтитул ұғымын, орналастыру тәсілін меңгерту;
тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік, ақпараттық, программалық сауаттылыққа, шығармашылық ізденімпаздыққа баулу мақсатында тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
дамытушылық: Әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.
Сабақтың мазмұны:
І – ІІІ кезеңдік тапсырмалар (төменде оқушының жұмыс дәптерінде және мұғалімге арналған жауаптар – кілтінде берілген).
Сабақтың әдіс-тәсілі:
І кезеңде: Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыру;
ІІ кезеңде: а) оқулықпен өз бетімен ізденіс әдісі;
б) практикада бекіту әдісі;
в) дискуссия.
ІІІ кезеңде: үшдеңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері.
Формасы: І кезеңде: фронтальды, жеке;
ІІ кезеңде: а) топтық, б) фронтальды;
ІІІ кезеңде: жеке.
Көрнекіліктер:
І кезеңде: жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушының жеке журналдары;
ІІ кезеңде: а) оқулық, слайдтар, интерактивті тақта;
б) оқулық, жұмыс дәптері;
в) оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.
ІІІ кезеңде: жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың жеке журанлдары.
Сабақтың өту барысы:
І кезеңде: а) ұйымдастыру;
б) үй тапсырмасын тексеріп тақтадағы ашық журналға белгілеу;
в) «Көпір» тапсырмаларын тексеру.
ІІ кезеңде:
а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеуі. мұғалімнің тақтадағы «ашық журналына» алдында өткен тақырып бойынша жиналған ұпай санын өзінің жеке журналына және сынып журналына баға түрінде тіркеуі;
б) интерактивті тақтамен, оқушымен жеке жұмыс;
ІІІ кезеңде:
дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруімен кейін оқушылардың өзіне тақтадағы «ашық журналға» белгілеп отыру, жиған алғашқы ұпайларын қорыту, оларды оқушылардың жеке журналдарына тіркету және қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келуге беру. Үш деңгейді толық орындаған оқушыға төртінші деңгейдің олимпиадалық немесе ғылыми жобадан фрагмент тапсырмаларын беру. Қосымша келесі тақырыптың бірінші кезеңіндегі «көпір» тапсырмаларын орындап келуге беру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет