Сабақтың тақырыбы : Жеміс-жидектер Сабақтың мақсаты



Дата07.05.2017
өлшемі42,14 Kb.
#16130
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сыныбы: 3 «Е»

Сабақтың тақырыбы: Жеміс-жидектер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша толық мәлімет бере отырып, жемістер мен жидектердің атауаларын дұрыс атай білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін арттыру. Ауызекі сөйлей білуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгіме жүргізу.

Сабақтың түрі: Аукцион сабағының элементтерін қолдау.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,түсіндіру,жұмбақтар айту.

Көрнекілігі: Слайдтар,суреттер.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

3.Түгендеу

4.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

5.Сабақтың мақсаты мен барысын таныстыру.



II. Өткенді қайталау

Бүгін сабағымыз ерекшелеу болады. Ал қазірше біз аукционда отырмыз деп елестетейік. Көбіміз білетін шығармыз, аукцион деген не?

Аукцион-бір нәрсені сатып алу, кім де кім ең жоғары бағаны ұсынса, сол сатып алушы болады.

Бізде кіші-гірім аукцион өткізіп көрейік.

Олай болса бастайық. Алма сатылады. Бұл алма сұраққа толық және дұрыс жауап берген оқушыға бұйырады.(Қиықшаның сыртына өрік,шие және жүзімнің суреттері салынған. Ол қиықшаның сыртқы жағында мына тапсырмалар жазылған): Өрік- Мен туралы не білесің?

Шие- Мен туралы не айтасың?

Жүзім- Мен туралы қандай жаңылтпаш білесің?

Өрік: Мен өрікпін,өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін.



Шие: Шиемін мен, шиемін

Бұтақта мен отырамын

Бала келсе піскенде,

Ауызына асығамын



Жүзім: Қызым, жүзім же

Жүзімді үзіп же!

Сендер жүзім,өрік, шие туралы жақсы айттыңдар.

Кеелесі сатылатын мынау әдемі ашықхат (әдемі ашықхатты таңдау керек). Ашықхат мына сұраққа жауап берген оқушыға бұйырады.



Сұрақ: Ал енді алма мен алмұрт туралы не айтасыңдар? (Слайдтан алма мен алмұрттың суреті көрсетіледі.)

Сиаттау: -Мынау-алма. Алма- жеміс. Ол дөңгелек. Алма ағашта өседі. Алма қызыл,жасыл, сары түсті болады. Мен алманы жақсы көремін.

-Мынау-алмұрт. Алмұрт –жеміс. Алмұрт сары,жасыл түсті болады. Алмұрт өте дәмді,тәтті.

Мына ашықхат сенікі,игілігіңе жарат.

-Біздің аукцион аяқталды.



Сергіту сәті.

Ал енді жаңа сабаққа көшейік.

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

-Фрукты.


-Фрукты-ягоды сөзінің қазақ тіліндегі баламасын кім айтады?

-Жеміс- жидектер.



Жаңа сабақ:

Кіріспе:

Балалар , адам өміріне жеміс-жидектердің пайдасы мол. Бізге жемістер әртүрлі дәрумендер береді. Дәрумендер –денсаулығымызға өте пайдалы. Ал енді жемістер мен жидектерді ажыратып көрейік. Ол үшін слайдқа назар аударайық.

Ж- алма Ж- шие

Е- алмұрт И

М –өрік Д- құлпынай

І- жүзім Е

С- анар К- таңқурай

Т- шабдалы Т- бүлдірген

Е- ананас Е

Р- алхоры Р- қарақат

Осы жаңа сөздерге сөз тіркестерін құрайық.

Жеміс-фрукт

Жидек-ягода

Таңқурай-малина

Құлпынай- клубника

Дәрумен-витамин

Алмұрт-груша

Алма-яблока.

Қызыл таңқурай, тәтті құлпынай, дөңгелек алма, сары алмұрт. Фонетикалық жаттығу: -Осы сөз тіркесіндегі қазақ тіліне тән дыбысқа дыбыстық талдау жасау.

Жаңа сабақты бекіту: Ауызша тапсырма. Сыныпты 2 топқа бөлу.

1-топ. Мәнерлеп оқу, мзмұндау.

2-топ. Мәтінге сұрақ қою. 2-жаттығу. Диалогты рөлге бөліп оқу. Орыс тіліне аудару.

Дәптермен жұмыс. 3-жаттығу.(жақшадағы сөздерді аударып жазу)

4-жаттығу. «Апорт » өлеңін оқу. –Апорттыңатасы қай қала?

-Алматы қаласы. (Қаланың суреті слайдтан көрсетіледі).



-Алматы қандай қала?(«Алматым жүрегімде» өлеңі тыңдалады ).

Сабақты қорытындылау:

Тіл дамыту. Балалар, күнделікті сабақ барысында біз кезектесе отырып, өлең, жұмбақ айтушы едік. Ал бүгін кім жұмбақ, өлең айтады?

Үй тапсырмасын беру: 5-жаттығу. Берілген сөздерді қазақ тіліне аудару. Жаңа сөздерді жатқа айту.

Бағалау: Ескерту,мақтау айта отырып,белсенді оқушыларды бағалау.

Кері әсер: Балалар,бағаларыңа ризасыңдар ма? Сабақтан мәлімет ала алдыңыздар ма? Сабақ ұнады ма?
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет