Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов



бет2/2
Дата11.01.2017
өлшемі292,65 Kb.
#7411
түріСабақ
1   2
Жылқының еті құнарлы тағам.Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда жылқының еті,қазы–қартысы,жал-жаясы,қымызы аса құнарлы тағам.

- Оның басты себебі не?


В).Терме оқу.Оқушылар жауапты кітаптан іздеп тауып оқиды.Оның басты себебі:жылқының талғампаздығында болса керек.Ол шөптің құнарлысын,судың тұнығын ішеді.

- Сіздің Жылқы өніміне деген көзқарасыңыз ... Ауызша жауап беру әр топтан бір оқушы.



Г)Түйін сөз:Дүкен сөрелерінен қымызды көру қуантарлық жағдай .Шетелдік сусынды алып ішкеннен ұлттық сусын «қымызды » алып ішсек біздің денсаулығы-мызға пайдасы өте зор болар еді .Қазақстанда жылқы шаруашылығын өркендету керек. т.б.

Жылқы ежелден қазақ батырларының-Қанаты.« Жылқы-ер қанаты» деп тегін айтыл-маған. Жаугершілік заманда атқа мінген батырлар бір-бір атқа мініп ел қорғаған .Қазір де әскери қызметте таулы аймақта шекара күзетіне ат мінеді.Жылқы–киелі көк пырақ.Елімізің Елтаңбасындағы Қос Тұлпар -осы киелі пырақтар.



.

Жылқы қолға тез көндігетін,иесін ұятқа қалдырмайтын жануар.Соған байланысты оны өнер саласында спорт,кино,циркте кеңінен қолданады .Жылқыны цирк аренасына



  1. жылы алғаш рет ағылшын Филип Эшли алып шықты. Қазақстан циркінде де

өнерпаз жылқылар бар. Жылқы туралы әндер,өлеңдер мол,биде бар.Соның бірін айтып,

билеп сергіп алайық



ҮІІІ.Сергіту сәті.«Қара жорға» әнін айтып,билеу арқылы сергіту сәті орындалады.


«Қара жорға» әні мен биі.




Х.Шығармашылық жұмыс.Берілген өлең шумағындағы көп нүктенің орнына тиісті сөздер тауып қойып,өлеңді аяқтау.Өлең құрастыруда суретті басшылыққа алу,тақырып қою.

ХІ .Қорытынды бөлім:Балалар, жылқыға байланысты қандай ұлттық ойындарды білеміз?

– Жылқының пайдасын қайталамай айтып шығайық.әр топтан екі оқушы жауабы тыңдалады.



ХІІ. Бағалау .топ жетекшісі білімдеріне сай бағалайды..

ХІІІ. Үйге тапсырма:«Жылқы» мәтінін түсініп оқу,

«Жылқышы» өлеңін жаттау,жылқышы туралы шағын эссе жазу.



Вертикальный свиток 6

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет