Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ



бет2/4
Дата15.12.2016
өлшемі0,67 Mb.
#3893
түріСабақ
1   2   3   4

ІІІ.Негізгі бөлім.

Мұғалім: - Балалар,бүгінгі сабағымызда қазақ тілі пәні бойынша алған білімімізді пысықтап,өз-өзімізді бағалаймыз.Өздерің оқып жатқан қандай пән болмасын тілден,қазақ тілінен бастау алады.Сендер жоғарыда алған білімдеріңді ауызша қысқа да нұсқа еске түсіріңдер.Ендеше,соны іс жүзінде дәлелдейік.Бүгінгі сабағымыз үш кезеңнен тұрады.

Әр кезеңде екеуден 6 тапсырма бар.Тапсырмаларды орындау барысында «білім шыңына» жетесіңдер деген ойдамын.Білімдеріңді алдарыңдағы бағалау парақтарына ұпай арқылы белгілеп отырасыңдар.

Бағалау парағы

І

ІІ

ІІІ

Ұпай саны

1 2

3 4

5 6



Оқушының аты-жөні




І деңгей.1-тапсырма.

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.

а) Жақсы сөз,жақсы адам,жақсы бала,жақсы ат

ә) Терең сай,терең білім,терең құдық,терең сезім

б) Долы ауыл,долы күш,долы жел,долы адам

в) Әкемнің көзі,қазынаның көзі,терезенің көзі,бұлақтың көзі.

2-тапсырма.Сөздерді орфография ережесіне сай жаз.

Бүгін,сөсіз,келемекен,тайақ,Ешшан,жаш шағында,бүрсігүні,жұмышшы.



ІІ деңгей. 3-тапсырма.Тиісті ұ,ү,ы,і әріптерін қою.

Ұз...н, құр...қ, б...рс...г...ні, күн...зг... ыст...қ, ...нт...мақ, сөзін мақ...лдау,үск...р...кт...ң соғу..., б...лай қарай кетті.



4-тапсырма.Қайсысы мақал,қайсысы мәтел? Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

1)Кәрі түлкі қақпанға түспес.Еңбек етсең емерсің.Айдағаны бес ешкі,ысқырығы жер жарады.Әке – асқар тау,ана – етегіндегі бұлақ,бала – жағасындағы құрақ.Екі қораз ен қораға сыймас.

2) Мақал-мәтелді жалғастыр. «Жылы –жылы сөйлесең, ...», «Білгенің бір тоғыз ...»

ІІІ деңгей.5-тапсырма.Тұрақты тіркестердің мағынасын тап.

Бетінен оты шығу ...(ұялу), ит терісін басына қаптау ...(ұрысу).

Көз ілмеу ... (ұйықтамау), тас бауыр ...(мейрімсіз), ит өлген жер ...(алыс).

6-тапсырма.Тест тапсырмасы бойынша жұмыс.

(Парақшаларға алдын-ала жазылған тест тапсырмалары таратылады.)

1) Ауа өкпеден кедергісіз шығып,үннен ғана тұратын дыбыстарды ... дыбыстар дейміз.

а) дауыссыз ә) дауысты б) екпін в) буын,дауыссыз

2) Дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталған буынды ... буын деп атаймыз.

а) ашық ә) тұйық б) бітеу в) ашық,бітеу

3) Қайсысы артық?

өнеркәсіп,ата-ана,Айдар,тасбақа



  1. Тасымалдаудың қайсысы дұрыс?

а)а-ра,о-ю,а-лақан ә) еле-уіш,ара-лас,қа-ра б) АҚ-Ш,Б-Ұ-Ұ в) 1995-жыл,ХХ-ғасыр,25-кг

5) Қатаң дауыссыз қайсысы?

а) б,в,г,д ә) р,л,м,н б) п,ф,к,қ в) а,о,ү,ұ.

Сергіту кезеңі.Жұмбақ шешу

1.Фонетикалық екі ұғым

Бітімен бірі сыбайлас.

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді.(дыбыс,әріп)

2.Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы еркін өтіп кетеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді.(дауыссыз,дауысты(

3.Оңға қарай оқысаң да бір халық,

Солға қарай оқысаң да бір халық.

Бір буыным – құс

Бір буыным – түс (қазақ)

Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға рналған дидактикалық ойындар

1. «Кім тапқыр» ойыны.Ойынның шарты:тақтаға жұмбақ жасырылған және ту,шар,елтаңбаның суреттері бейнеленген плакат ілінеді.Мұғалім жұмбақты оқиды, балалар жауабын суреттерге қарап айтады.

Желбірейді биікте,

Ел белгісі – ол сенің.

Айта қойшы,балақай,

Рәміздегі қай белгің? Жауабы: (ту)

Сабақты қорытындылап,үй тапсырмасы беріледі.

Оқулық соңындағы сынақ тапсырмаларымен жұмыс.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты : а) Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін түсіндіру;

ә) өз ұлтының тілін,рухани байлығын құрметтеу,тапқырлыққа баулу,адамгершілік,эстетикалық тәрбие беру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : тірек сызбалар ,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қоғамдағы қарым-қатынас ауызша сөйлеу немесе жазбаша тілдесу арқылы жүреді.

Ауызша сөйлеудің де, жазбаша тілдің де түп негізі - ұлттың ғасырлар бойы жасаған, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, жылдар сыннан өткізген жалпы халықтық тілі.

Қазақ тілінде ұлттың дағды-дәстүрімен біте қайнасқан, елдің тарих, шаруашылық, мәдени, әдеби құндылықтарын молынан көрсететін - ауызша сөйлеу тілі.

Ауызша сөйлеу тілі — күнделікті тұрмыста қолданылатын, бетпе-бет көріп отырған екі немесе одан да көп адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, пікір алысуы.

Бұны ауызекі сөйлеу тілі стилі қарастырады. Оның басты ерекшелігінің өзі - өзара сөйлесу кезінде адамдардың пікірі ғана емес, мінез-құлқы, ой-өрісі, сөйлесе білу, тілдесе алу мәдениет, әдебін де көрсететіндігінде.

Әдептіліктің басы сөйлесу, тілдесуден-ақ аңғарылады. Ұлттың дәстүр, мәдениетті бойға сіңірген жанның халықтық сөйлеу әдебін үйренуі, білуі шарт.

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін бір отбасына теліп қоймай, ауыл, ел, ру болып қолға алған. Бір ауыл, ел, рудан өрескел іс істеген, әдепсіздік көрсеткен адам табылса, жұрт болып түзеген.

Пікір алысу, сөйлесу кезінде адамның қимыл-қозғалысы, бет-әлпет өзгерісі де оның жан-дүниесін, ішкі ойын білдіріп отырады. Дауыс ырғағы, сөзді орынды қолдану, екпін, кідіріс сияқты қосымша белгілер де сөйлеушінің пікірін білдіріп қоймай, мәдениетін, тәрбиесін көрсетеді. Орынсыз дауыс көтеру, даурыға сөйлеу, жөнсіз айғайлау, дауысын құбылту, бет-пішінін өзгерту, сөйлесіп тұрған адамды соңына дейін тыңдамау, сөзді бұзып сөйлеу, сөйлемді бұзып айту, дөрекі сөздерді қолдану - тәрбиесіздік, әдепсіздік белгісі.

Мәдениетті, тәрбиелі адам ойын еркін жеткізуді мұрат етіп, тілдегі сөздік қорды барынша мол пайдаланып, орнымен жұмсап, ойды жүйелі, нақты, сабырмен айтуды дағдыға айналдырады. Ауызекі сөйлесудің басты шарты - сөйлесушіні тыңдай білу, пікірін, ойын дұрыс түсіну.



Ауызекі сөйлеу тілінің өзіне тән стильдік ерекшеліктері бар:

- сөйлеу тілі қарапайым қарым-қатынас жасау кезінде айтылады;

- көбіне-көп алдын-ала дайындықсыз өтеді;

- сөздердің, сөйлемдердің қалыптасқан қалпы өзгеріске түседі;

- одағай, қыстырма, қаратпа сөздер көп қолданылады;

- дауыс ырғағы, бет-пішін, қол қимылдары қосымша қызмет атқарады.

Жаттығумен жұмыс: 25-жаттығу. Сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап беріңдер..

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 26-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Жұрт алдында сөйлеу әдебі

Сабақтың мақсаты : а) Білімділік: қазақ тілі пәнінен алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

ә) дамытушылқ: ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.

б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, газет-журналдар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде және ауызекі тілде сөйлеу болып бөлінеді. Ауызша сөйлеу тілі күнделікті қарым-қатынаста жүретінін айтып өттік. Ал әдеби тілде ауызша сөйлеудің де бірнеше түрі бар. Оны жұрт алдында сөйлеу тілі деп те атайды. Жұрт алдында сөйлеу:

- баяндамашы, лекторлар;

- түрлі орындарда айтылар тілек, мадақ;

- құттықтау, көңіл айту, көңіл аулауға қатысты сөздерден құралады.

Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы - тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Сөйлеуші айтар ойын, сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым-ишара, әр қимыл-қозғалысы арқылы да жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану, әрі оларды дұрыс байланыстыру-мен бірге сөзді құлақпен естіп, қимылын көзбен көруінің де ықпалды екенінде.

Сөйлеушінің ым-ишара, қимыл-қозғалысының екі жақты қызметі бар. Ойды дәл, нақты жеткізудің көмекші құралы болса, екіншіден, орынсыз, артық, жөнсіз қолданылса, тыңдаушыларына кері әсер етеді.

Қандай жағдайда болсын ым-ишара, сезім, қимыл-қозғалыстың көмекші құрал екенін ескеріп, айтылатын тақырып, ой, мазмұнын ашатындай болуына назар аударылуы керек.

Қорыта келгенде жұрт алдында сөйлеуде:

- дауыс ырғағына, интонациясына, дауысты сан түрлі құбылтуға;

- сөйлемнің эмоционалды бояуына;

- сөйлеу темпіне;

- дауыс күшіне;

- сөздерді орфоэпия нормасына сай қоюға;

- қимыл-қозғалыс, ым-ишараны орнымен қоя білуге назар аударылуы керек.

Жаттығумен жұмыс: 28-жаттығу. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырып оқыңдар.

Шығармашылық жұмыс: Төмендегі сөздерді тұрақты тіркестермен ауыстырып жазыңдар.

Белгілі, үндемеу, ұйықтамау, тез, ұялу, балағаттау, әдемі, ойламау, қорқу, алыс, жақын, сөзшең, таза, жас, өтірік, шын, мейірімді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 29-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Сөз қолдану мәдениеті

Сабақтың мақсаты : 1) Сөз қолдану мәдениеті туралы түсінік беру;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;

3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білім,іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат, семантикалық карта, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұған дейін біз ауызекі тілде сөйлеудің түрлері, ерекшеліктері туралы айттық. Ауызша сөйлеудің қажеттілігі қолданылатын орындарына қарай маңызды екені белгілі.

Бүгінгі ғылым қарқын алған қоғамда сонау өткен-өткен ғасырлардан бері қарай ауызша сөйлеудің шаруашылық, тұрмыс пен мәдениет, жалпы адамзат дамуы үшін жеткіліксіз екені байқалды.

Қазақ қоғамында жазу мәдениетін болмады деген пікір дұрыс емес екенін бәріміз де білеміз. Бірақ көшпелі мәдениетті даму негізі санаған қазақ ұлты үшін ауызша сөйлеу, әдеби, рухани мұраны жатқа білу есте сақтау қабілетін күшейтті. Сөз құдіретін тануға әсер етіп, сөз киесінің сөйлеуші мен тыңдаушыға неғұрлым тегеурінді жетуіне ықпалын жасады. Ауызекі тілде сөйлесу қарым-қатынасты жасаушы, ұлтты ұйытушы, бірлік, ынтымағын жарастырушы болды, әлі де сол қызметін жоққа шығара алмаймыз.

Жазу адам ойын жүйелі, тиянақты, толық жеткізуге мүмкіндікті молырақ береді.

Жазбаша сөздің, қарым-қатынастың ерекшеліктері:

- сөйлем құрылымы қалыптасқан үлгіден көп ауытқи бермейді (стильдік өзгешеліктері болмаса);

- емле ережесі ортақ, оны өзгертуге болмайды;

- сөздердің жазылуының орфографиялық ұстанымдары сақталуы тиіс;

- қаратпа, қыстырма, одағай сөздер ретсіз көп қолданылмайды (стиль өзгешелігіне қарай ғана).

Қазақ халқы үш түрлі жазу жүйесін қолданған. 1929 жылға дейін мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің таралуына байланысты араб әліпбиін пайдаланады. Кеңес өкіметі кезінде 1929 жылдан латын жазуына көшсе, 1940 жылдан бері орыс жазуын қолдануда.

Қазақ тілінің емле ережесі 1957 жылы, 1983 жылы (2003 жылы) жаңа толықтырулар мен өзгертулер негізінде түзетіліп отырды.

Сөздердің дұрыс жазылуы «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне» сүйене отырып қадағаланады.



Жаттығумен жұмыс: 34-жаттығу. Әр қатарды тапсырма бойынша сөздермен толықтырыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 35-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Сөз дәлдігі

Сабақтың мақсаты : 1) Сөз дәлдігі туралы түсінік беру,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;

3) оқушыларды патриоттыққа,жігерлікке,жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : семантикалық карта,қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тіл ғасырлар бойы, замандар бойы жасалып қалыптасады. Халықтың әр кезеңдегі тарихының, шаруашылық, тұрмысының көрінісі. Ұлттың дәстүр, салт, әдет-ғұрып, тарих, шаруашылық-тұрмыстық өзгерістер, ерекшеліктер, таным, сенім тілде сақталады. Тіл - сонысымен қадірлі. Онда біздің ата-бабаларымыздың ойы, пікірі, жаны мен қаны бар. Тарих тілдің сол тілде сөйлеуші ұлт ерекшелігіне қарай жүйесін қалыптастырады. Тілдік жүйені дыбыстың айтылуы, өзара үндесуі, сөз мағынасы, оның өзгеруі, мағына өзгеруінің әдіс-тәсілдері мен жолдары, қосымша, сөздердің тіркесуі, сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі т.б. құрайды.

Адам ойы тіл арқылы айқындалады. Сөздің өзі - адам санасындағы ұғым, түсініктің көрінісі. Сондықтан да сөз бен ұғымның арасында алшақтық, қарама-қарсылық болмауы керек. Сөз дәлдігі сол сөздің ұғымына сай келетін мағынаны дәл тауып беруімен анықталады. Сөз дәлдігін айтар, жазар ойға ұштастыруда төмендегі ерекшеліктер, ескерілуі керек.

1. Әр сөздің жеке тұрғандағы мағынасымен бірге басқа сөздермен тіркескенде өзгерер ерекшеліктерін, қызметін, стильдік сипатын, қолданылу аясын да ескеру.

2. Қазақ тілінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін жетік білу.

3. Орфоэпиялық норманы меңгеру: әрбір дыбысты, сөзді, тіркесті дұрыс айту, екпінді нық қою, сөздер арасындағы кідіріс, ырғақты дәл беру.

4. Қосымша қимыл-қозғалыс, ым-ишараны дұрыс, орнымен пайдалану.


Сөз дәлдігі




Айтылар ой, сөз туралы нақты білімнің,түсініктің болуы

Ой қисынының жүйелігі


Қажет сөздерді таңдай білу.

Жаттығумен жұмыс: 39-жаттығу.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: қайталау.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Сөз дәлдігі және тұрақты сөз тіркестері

Сабақтың мақсаты : білімділік – оқушылардың сөз дәлдігі және тұрақты тіркестен алған теориялық білімдерін қайталау және іс жүзінде қолдану жолдарын деңгейлік тапсырмалар арқылы анықтау;

тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : семантикалық карта, деңгейлік тапсырма

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тілдегі тұрақты сөз тіркестері тілді көркем, айшықты айтудың бір тәсілі болса, ендігі бір артық белгісі сөзді неғұрлым дәл нақты береді. Мысалы: «тез» деген мен «көзді ашып жұмғанша» тіркесінің мағынасын бірдей дей алмаймыз. Жылдамдықтың соншалықты күштілігін сөзден гөрі тұрақты сөз тіркесі дәл ашып тұр.

Қазіргі тілде де сөзді неғұрлым дәл беретін көптеген тіркестер бар (мысалы: зиялы қауым, салтанатты жиын, ұлықтау рәсімі, жұлдыз жорамал т.б.).

Қазақ ұлтының ерекшелігін ашатын, халықтың шаруашылық, тұрмыс-тіршілігінің айғағы болатын, рухани мәдениет негізін айқындаушы белгілердің бірі - тұрақты сөз тіркестері.



Тұрақты сөз тіркестерінің негізі белгілері

1. Тіркес құрамында кемінде екі сөз болуы керек.

2. Сөздердің орны өзара ауыстырылмайды.

3. Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен өзгертуге келмейді.

4. Тіркес құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны ашады.

5. Құрамындағы сөздер бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады.


Жаттығумен жұмыс: 40-жаттығу Көп нүктенің орнына тұрақты тіркестерді қойып жазыңдар.
Топпен жұмыс: 1-топ: 42-жаттығу. Берілген сөздердің, сөз тіркестерінің сыңарын тауып жазыңдар.

2-топ: 44-жаттығу. Төмендегі тіркестердкн тұрақты сөз тіркестерін бөлек,еркін сөз тіркесін бөлек жазыңдар.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 43-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Ақын көзімен қарағанда

Бұл аптада Қасымбек пен Мұхтар ұзақ-ұзақ үйге оралмай, Әуез ата берген пәрменмен «Абай аға шыққан қырға шығып, Абай аға түскен ойға түсіп», алты күн ат үстінде жүрді.

Мұхтар мен Қасымбек бүгін таң ата Бөрліден Шыңғысқа қарай бет түзеп, Қарауылдың қашанғы қасқа жолымен аттарын сау желдіріп,Ералы жазығына шығып еді, Ұшы-қиырсыз кең дала күн қыза көк бұйра сағымға шомылып шетсіз-шексіз көк теңізге айналды да кетті. Жер бетінде бұлың-бұлың құбылып қозғалмайтын бұршақтай бұлдыр жоқ. Төңірек түгел толқып-шалқып жатты.

Сол жақта маң даланың биіктен жалбыраған жалы секілді ұлан-асу Арқат биіктеген үстіне биіктей түсіп, Шыңғысқа қарай зулап көшіп барады. Қарсы беттегі үйме-жүйме үйіліп қалған қос Орда да қопарыла қозғалып, әрі ығыса, ысырыла түскен. Оң қанатта мұнартқан Ақшоқы таулар тәрізді телегейге жүзбейді,шоқтығын көк торғын шымылдықпен көлегейлеп тұрады-тұрады да,ауық-ауық көкбұйра толқынға сүңгіп жоқ боп кетеді. Жүргіншілер ат басын солай бұрып, желе жортып жақындай түскенде ғана төбеде көлеңдеген көк жібек шымылдығын кеудеге түсіре бере бетін ашып, мыналарды қол бұлғап шақырғандай болады. Бірақ бұл да бір орында тұрып шақырмайды,әрі қарай сағым кеше жылжып жүріп бара жатып шақырады.

Бұлардың бәрі қайда бара жатыр?

Шыңғыстауға-Шыңғыс сілеміндегі Жидебайға,осынау өзі ғұмыр бойы жырлап еліне нәр болар сырға, жеріне әр берер нұрға айналдырған, жалғанның жарығын тастап, фәниден бақиға аттанған Абайға бара жатыр,әрине.

Зейнолла Қабдол. (200 сөз).

Мәтінді бір рет оқып беремін ,оқушылар тыныс белгісін қояды.
Үйге тапсырма : Қайталау.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Сөйлеудегі сөз бен мағына бірлігі

Сабақтың мақсаты : а) сөз бен мағына бірлігі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық, жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : слайдтар, тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет