Сабақтың тақырыбы : Кітап қайдан шығады. Сабақтың мақсаты



Дата10.10.2020
өлшемі111,01 Kb.
#64108
түріСабақ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мерзімі:

Сыныбы:4

Сабақтың тақырыбы: Кітап қайдан шығады.

Сабақтың мақсаты Оқушыларды кітаптың шығу тарихымен таныстыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

- кітапты қастерлеуге үйрету.

-оқушының құзыреттілігін дамыту.

-адамгершілікке,

сыпайы,әдепті болуға тәрбиелеу.

Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Стратегиялық іс-әрекеттері: «Серпілмелі доп» , «Венн диаграммасы» , «Көршіңе әңгімелеп бер», «Ойлан- жұптас- бөліс», «Қол сигналы», «Ыстық орындық» «ВLOB TREE» , «Бағдаршам»


Сабақ кезеңі

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе (2мин.)

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық




Оқушымен амандасу.

Психологиялық дайындық

Оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау.


Сабаққа дайындалады.Алтын ережені еске түсіру

Көңіл ашар

Қарады маған да

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да,

Шуақты көктем нұр төгіп

Көңілді кетті көтеріп.

Сәлеметсіз бе, күн!

Сәлеметсіз бе, жер!

Сәлеметпіз біз.

Сәлем бердік сіздерге



Құрметпенен біз.


"Қол сигналы" арқылы мадақтау

«Жақсы,


Жарайсыңдар»

АКТ-қолдану

Тұсау кесер

5 мин.


Үй тапсырмасын сұрау


Үй жұмысын тексеру "Серпілмелі доп" арқылы сұрау
А)Кітап қайдан шығарды?

Ә )Кітапты кімдер шығарды?

Б)Кітапты неден шығарады?

- Кітап бізге не үйретеді?

- Ендеше кітап керек пе?

- Кітапты біз қалай ұстауымыз керек.



Допты қағып алып сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар тақырыппен танысады.

«Көршіңе әңгімелеп бер»

Берілген тапсырмаларды топта орындайды, сұрақтарға жауаптарын

толықтырады

42 әріпті үйретеді

халықтың тарихын үйретеді

жақсылыққа баулиды

білім береді

ұлы адамдармен танысамыз

мақал - мәтелдер, жұмбақтар үйретеді




Сабақтың басындағы көңіл- күйді смайликтер арқылы білдіру.

оқулық

Негізгі бөлім

30 мин.


Жаңа сабақ Кітаптар жайлы суреттер көрсетіледі . Кітаптардан көрме ұйымастыру

Диалогтік оқыту


«Ойлан- жұптас- бөліс»

Топтық жұмыс

Сергіту сәті

Шығармашылық жұмыс




Кітап қайдан шығады деген сұрақтарға жауап беру Кітап түрлерін интерактивті тақтадан көрсету. Қазіргі заманауи баспа түрлері жайлы бейнежазба көрсету.

Топтарға ауыстыру.

Бағыттау,

Кітаптың шығуы жайлы айту

Венн диаграммасына салып жаңа және ескі кітапты салыстыру ал екінші топ кітап туралы жұмбақ құрастыру.

Кітапты қалай ұстау керек оны қалай күту керек жайлы ереже жасау.

Интерактивный тақтада көрсетілген қимылдарды қайталау«Венн диаграммасы» бойынша ерте заманғы кітаппен қазіргі кездегі кітаптың шығуын салыстыру


Кітап жайлы естігенде көз алдарына, ойларына не келеді сол жайлы әңгімелейді. Сонымен оны постерге түсіру.

Папирус, Пергамент туралы. Балшықтан, тастан жасалған кітап туралы.

Компьютерлі кітап басылымы туралы.

Оқушылар берілген тапсырмаларды жеке, жұптасып, топтасып орындайды



Кітапты күту жайлы ереже құрастырады.

1.Кітаптың мұқабасы бүлінбесі үшін оны қаптап ал.

2.Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.

3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.

4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме –оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.

5.Кітап беттерін Кітап жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.

6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады


Бағдаршам




АКТ пайдалану.

Қорытын

ды

8 мин


Рефлексия-«Ыстық орындық» стратегиясы

Үйге тапсырма

Бағалау


Мақал-мәтел

1.Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

2. Кітап білім бұлағы,

Білім өмір шырағы .

3. Артық ғылым кітабы

Ерінбей оқып көруге.

Кітап жайлы мақал – мәтелдер , нақыл сөздер айту



1. Кітап жинап, түптеймін,- жыртылмасын,

Мұқабасын бүктеймін- қырқылмасын

Таза болсын беттері- сызылмасын.

Көрген кісі кітабы кір демесін.
Жұмбақ: 1. Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған .

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. (кітап)


Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. (кітап)




Кері байланыс «Бас бармақ» тәсілі
«ВLOB TREE» арқылы оқушылар өздерін суреттен белгілеп бояп қояды.

Оқулық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет