Атырау облысы , Құрманғазы ауданы,
Кудряшов ауылдық округі
Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінің
География пән мұғалімі
Муфтахова Анаргуль Кайрбекқызы
Сыныбы: 8 « А »
Сабақтың тақырыбы : Көлдер .
Сабақтың мақсаты ;
Білімділік: Оқушыларға көлдердің және олардың пайда болу
ерекшеліктерімен, маңыздылығы жайлы білім беру .
Дамытушылық : Оқушыларға Қазақстан көлдерін кескін картаға түсірте
отырып , құрылыстық ерекшеліктері жайлы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік : Көлдердің құрылым ерекшеліктеріне тоқталу барысында басты
мақсат экологиялық тәрбие екенін түсіру.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Деңгейлеп – саралау технологиясы , сұрақ – жауап ,
топтастыру , тест , инсерт әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Көрсету материалдары : мультимедиа ,
Қазақстанның физикалық картасы .
Тарату материалдары : тест қағазы , жауап парағы.
Оқу процесін ұйымдастыру әдістері :
Фронтальды , жеке , топтық , оқушы- мұғалім
Сабақтың жүру барысы :
І : Ұйымдастыру кезеңі :
А) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру .
Ә) Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру « Ой шақыру »
Өткен тақырыпты еске түсіру .
Өзен бастауы дегеніміз не ?
Өзен аңғары дегеніміз не ?
Қазақстан өзендері неше алаптарға жатады ?
Қазақстанда ұзындығы 1000 км – ден асатын неше өзен бар ?
Өзен саласы дегеніміз не ?
Өзен сағасы дегеніміз не ?
ІІІ . Қызығушылықты ояту .
Топқа бөлу .
1. Арал тобы
2.Балқаш тобы
3.Каспий тобы . Топтардың өздерін таныстыруы. Топ басшыларының жарысы.
ІV. Жаңа сабақтың жоспары :
Көлдерге жалпы шолу .
Каспий теңізі
Арал теңізі
Балқаш көлі
Көлдердің шаруашылқтағы маңызы
Қазақстанның кең – байтақ аумағында ірілі – ұсақты 48 мыңнан астам көлдер бар . Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды . Көлдің теңізден айыпмашылығы оның мұхитпен тікелей байланысының жоқтыы . Көлдер тереңдігі жағынан да әр түрлі болады . Қазақстан көлдерінің ішіндегі ең ірілері : Каспий , Арал және Балқаш .
КАСПИЙ – Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл . Жалпы ауданы - 376 мың км 2 . Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр . Ол солтүстікпен оңтүстікке қарай 1000 км қашықтыққа созылып жатыр . Біздің елімізге бұл көлдің солтүстік – шығыс бөлігі ғана кіреді. Оның ең терең жері 1025 метрден асады . Каспий теңізі балыққа бай , итбалықта кездеседі . Ең бағалы балықтарға – бекіре тұқымдастары жатады . Сонымен қатар , каспий мұнай мен газға бай .
Достарыңызбен бөлісу: |