Сабақтың тақырыбы : «Көмекші есімдер, Астана қаласы»



Дата15.09.2017
өлшемі50,63 Kb.
#32325
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Көмекші есімдер, Астана қаласы».

Сабақтың мақсаты: 

білімділік: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, көмекші есімдермен сөз тіркестіру және сөйлемдер құрастыру;

дамытушылық: қазақша сөйлеу мәдениетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылық іс-әрекеттерін дамыту, сауатты сөйлеп, әдемі жаза білуді үйрету;

тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұстамдыққа, адамгершілікке үйрету, патриоттық сезімдерін ояту, елін, жерін, Отанын сүюге,тілді құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімілеу, мәнерлеп оқу.

Сабақтың көрнекілігі: «Көмекші есімдер» тірек-сызба, «Астана» -слайдтар, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.


Оқушыларды түгелдеу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа назарын аудару.


Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
2. Үй тапсырмасын тексеру. (барлық ережелерді қайталап келу)

-Буын түрлерін атаңдар. Мысалы.

-Зат есім деген не? Мысалдар.

-Зат есімнің неше септіктері бар? Қандай? Сұрақтарын айтыңдар...

- Ережені бекіту мақсатында бір сөз тіркесін жазып септеңдер. Оқушылар дәптерлерімен ауысып,бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Тақтаға бір оқушы шығып сөз тіркесін жазып септейді,оқушылар

сол оқушының жұмысын тексеріп, қосымша сұрақ қойып бағалайды.
Мысалы:

А.с.бос уақыт+ым

І.с. бос уақыт+ым+ның

Б.с. бос уақыт+ ым+а

Т.с. бос уақыт+ ым+ды

Ж.с. бос уақыт+ ым+да

Ш.с. бос уақыт+ ым+нан

К.с. бос уақыт+ ым +мен


3. Жаңа тақырып.Көмекші есімдер. «Астана қаласы».

-Тақтадағы «Көмекші есімдер» атты тірек-сызбаға назар аударыңдар.

Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейміз.

Көмекші есімдер : үсті, алды, жаны, іші, асты, арты, қасы,сырты

Көмекші есім тіркескен сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін, мысалы; үйдің маңы, мектептің алды, баланың сөзі;

жасырын түрде де көрінуі мүмкін: үй маңы, мектеп алды, бала сөзі.

-Ережені бекіту мақсатында тақтада жазылып тұрған сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті көмекші есімдерді қойып жазыңдар. Оқушылар бір-бірлеп тақтаға шығады.
Керекті сөздер: жанында, асты, үстінде, қасына, ішінде, маңы, алды, сыртында

Мектептің ... кітапхана бар.(ішінде )

Үстелдің ...оқулық жатыр. (үстінде)

Қаланың ... өзен ағып тұр.(сыртында)

Үй ... тап-таза. (маңы)

Есік ... гүлдер өсіп тұр.(алды)

Аяқ ... кілем төселіп жатыр.(асты)

Ол тақтаның ... келіп тұрды.(қасына)

Мұғалімнің ... оқушылар отыр.(жанында)
-Сөздіпен жұмыс.

Сөздерді дұрыс оқып,сөз тіркестер,сөйлем құрастырыңдар(ауызша).

Сөздерді сөздік дәптерлеріне көшіріңдер.
- Балалар,біздің тәуелсіз еліміздің бас қаласы қандай? –Астана.

Слайдқа назар аударыңдар.

Астана туралы қысқаша мәлімет тындаңдар.

(Астана туралы слайдтар.)

-Балалар,Астана туралы кім,қандай қосымша мәліметтер біледі?

Астана туралы ауызекі сөйлесу.

-Мәтінмен жұмыс .

2- тапсырма, мәтінді түсініп оқу. Орысшаға аудару. Көмекші есімдерді өзі байланысып тұрған зат есімдермен теріп жазу. (3 қатарды жарыстырып, тақтаға шығып орындату).Бағалау.'> Бағалау.

3- тапсырма,берілген сөздерді тіркестіріп,сөйлем құраңдар. Бағалау.

4.Сабақты бекіту.

-Тест сұрақтары (15 сұрақ). Бағалау.

-Астана қаласы сөзінен сөздер құрастыру.

(ас,аса,тана,ана,ат,сан,сана,нас,қал,қала,ал,сал,қыс,алыс,қыл,салақ,лақ...)

5.Сабақты қорытындылау. Бағалау.

6.Үйге тапсырма: ережені жаттау,

5-тапсырма.-өлеңді жатау,



6-тапсырма.- тапсырманы жазбаша орындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет