Орынбасарова Бикен Изтилеуовна
«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Естай Есжанов атынағы №9 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі информатика мұғалімі, санаты жоғары
Информатика 7- сынып
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Тәжірибе элементтері енгізілген шығармашылық сабақ
Компьютерлік графика тақырыбы V тараудың 1- сабағы. Сабақ құрылымы бойынша жаңа тақырып меңгеріліп, ішінара тәжірибелік тапсырмалар компьютерде орындалады.
Сабақ баланың отансүйгіштік сезімін одан әрі дамытуға бағытталған «Мен Қазақстан Азаматымын және патриотымын» тренингімен басталады. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бойы ұзыны немесе жасы үлкені, екінші көзі жұмулы оқушының алақанына патриоттық мағыналы сөзді жазады. Көзі жұмулы оқушы сол жазылған сөзді атайды. Оқушылар орындарына отырмас бұрын жасырулы «Бәйтерек», «Тәуелсіздік монументі» «Универсиада» суреттерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді. Топ атының мағынасын ашады. Мақсаты: «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін іс-шарада қолдану, еліміздегі өтілетін «Универсиада» іс-шараны насихатау. Өткен тақырыпты тексеру үшін «Өзіңді тексер» тапсырмасын парталас отырған екі оқушы өзара дәптелерін ауыстырып, дұрыс жауап бойынша тексеріп шығады. Кері байланыс жасалады, әрбір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі. Жаңа тақырыппен танысу үшін bilimland.kz сайтынан «Тыңдалым» өткізіледі. Алғашқы мәліметтерін оқушылар дәптерлеріне түсіреді. Тақырыпты ашу мақсатында «Сиқырлы шаршылар»әдісі қолданылады.
1- әңгіме карточкасы Сіз не ойлайсыз. Сіз неге олай ойлайсыз?
2- әңгіме карточкасы: Мен келісемін ... өйткені. Мен келіспеймін... өйткені
3- әңгіме карточкасы Бөліскіңіз келетін тағы қандай идеяларыңыз бар? Бәріне келсісесіз бе, жалғастырғыңыз келе ме? Балалар өздері жинақтаған идеялары мен білімдерін «Түйінді сөздер» әдісімен постерлерге түсіріп, мәселе шешімін тұжырымдаулары «Оқушы күнделігін» пайдалану арқылы тиімді болады. Оқушыладың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау мақсатында компьютерде А, В, С деңгейлік тапсырмалар орындалады.
«Бастағы қалпақ» әдісінің көмегімен білім алу әрекеті кезеңдеріндегі жетістіктер мен кемшіліктердің сипаты мен себептері интерпретацияланып, сабақ «Бақылау парағында» өлшеуіштер арқылы қортындыланады. Сабақ барысында оқушының оқу, жазу дағдыларын әлеуметпен әрекеттесу кезінде пайдалану қабілетін арттыратын фукнционалдық сауаттылықтары анықтау жұмыстары жүйелі орындалады.
SMART мақсат: Сыныптағы оқушылардың кем дегенде 90%-ы берілген 7 тапсырманы 40 минут ішінде орындап, деңгейлерін анықтауға бағытталған ең кем дегенде 5 тапсырманы ешбір қатесіз орындауы керек.
Сабақтың мақсаты: Компьютерлік графика тақырыбын оқып-үйрену, түсіндіру, тыңдалым арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін байқау, тәжірибелік тапсырмалар барысында оқушылардың деңгейін анықтау.
Күтілетін нәтиже: Компьютерлік графика түрлерінің пайдалану сапасынан мысалдар келтіреді, ұсынылған кескіннен графика түрін анықтайды, әртүрлі компьютерлік графика түрлерін пайдалану саласынан тірек сызбалар арқылы ажыратады.
Ресурстар: 7- сынып оқулығы, кеспе сөздер, түрлі-түсті қағаздар, постерлер, стикерлер, маркерлер, тұжырымдамалық карта, бақылау парағы, «Оқушы күнделігі» парағы, интербелсенді тақта, компьютер.
Қысқа мерзімді жоспар «Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп» КММ
Күні: 21.01.2017 Пәні информатика Сыныбы: 7 А
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты оқып-үйрену, ішінара тәжірибелік сабақ
Сабақтың тақырыбы
|
Компьютерлік графика түрлері
|
Қолжетімді оқыту мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Компьютерлі графика тақырыбын оқып-үйрену, түсіндіру, тыңдалым арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін байқалады, тәжірибелік тапсырмалар барысында оқушылардың деңгейін анықталады
|
Сабақтың мақсаты
|
Кескінді қалыптастыру ұстанымы бойынша компьютерлік графиканы жіктеуді үйрету
Мәңгілік ел актісін насихаттау
|
Табыс
критерийі
|
Компьютерлік графиканың анықтамасын біледі
Әртүрлі компьютерлік графика түрлеріне мысалдар келтіреді
Ұсынылған кескіннен графика түрін анықтайды
|
Тілдік
мақсат
|
Оқушылар білуі тиіс: компьютерлік графиканың анықтамасын, әртүрлі компьютерлік графика түрлерінің пайдалану сапасынан мысалдар келтіруді
Оқушылар үйренуі тиіс: ұсынылған кескіннен графика түрін анықтауды, әртүрлі компьютерлік графика түрлерінің пайдалану саласынан тірек сызбалар арқылы мысалдар келтіруді
|
Құндылықты қалыптастыру
|
Пән сабақтарында қолдана алады
|
Пәнаралық байланыс
|
Сызу, бейнелеу, геометрия
|
АКТ-ны қолданудағы дағдылары
|
Ой ұшқырлығы, тапсырманы орындау шапшаңдығы, негізгі ұғымды табу және ақпараттың мағынасын ашу
|
Сабақтың барысы
|
Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
|
«Мен Қазақстан Азаматымын және патриотымын» зеректікті сергіту сәті . Алақандарына ойша партиоттық сезімдерді білдіретін сөз жазу.
|
Білімді өзектендіру (6 мин)
|
Конверттен тақырыпқа байланысты сөз алады да, жұппен талқылайды
Топқа беілген суреттер арқылы бөлінеді «Бәйтерек», «Тәуелсіздік монументі» «Универсиада». Топ атының мағынасын ашады. Мақсаты: «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін іс-шарада қолдану, жүзеге асыру.
|
Өткенді еске түсіру 2 мин
|
өзіңді тексер. Жауабы: 1.С, 2С, 3Д, 4А. 5 Д. 6А. 7А. 8С. 9Д
|
Тақырыпппен жұмыс 10 мин
|
https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=1&cad=rja&uact=8&ved
bilimLand Тыңдалым. Дәптерге есіне сақтағанын жазады.
Сиқырлы шаршылар әдісі. 1- әңгіме карточкасы Сіз не ойлайсыз. Сізнеге олай ойлайсыз?
2- әңгіме карточкасы: Мен келісемін ... өйткені. Мен келіспеймін... өйткені
3- әңгіме карточкасы Бөліскіңіз келетін тағы қандай идеяларыңыз бар? Бәріне келсісесіз бе, жалғастырғыңыз келе ме?
|
Тәжірибелік тапсырма 10 мин
|
Жеке жұмыс деңгейлік тапсырма А.В.С деңгейлік тапсырма компьютерде орындалады. 101 бет, 1-3 тапсырмалар.
|
Сабақтың_резюмесі__7_мин'>Сабақтың резюмесі
7 мин
|
3-4 балл жинаған оқушылар 5 сұрақ құрастырады. Оны қалаған топтарына береді. 5-7 тақырыптық түйінін жасайды, тақырыпқа баға береді. . 8-10 одан да көп балл жинағандар: Тақырыпқа байланысты газет шығарады.
|
Сабақтың
соңы.
Үйге тапсырма
7 мин
|
Рефлексия Термометр бойынша сөйлейді. Балл саналады. Дескриптор бойынша баға қойылады. Оқушы күнделігі парағы бойынша әр топ сөз алады.
Термометр-сабақ. Әр сабақтың кезеңінде оқушылар өз көңіл-күйін белгілеп отырады
Бағалау шкаласы
36,6 С қызықты, пайдалы
38 С қызықты, күрделі
34 С қызықсыз, пайдасыз
Үйге тапсырма: §19 оқу, өзіңді тексер. Қосымша деңгейіне қарай картокаға жазылған тапсырмны сабақ бойы жинаған балына сәйкес алады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |