Сабақтың тақырыбы : Конденсаторлардың құрылысы және түрлері



бет1/2
Дата15.04.2018
өлшемі435,06 Kb.
#40180
түріСабақ
  1   2



Жаратылыстану-математикалық бағыт.

Физика. 10-сынып

Сабақтың тақырыбы : Конденсаторлардың құрылысы және түрлері.

Сабақтың тақырыбы :Конденсаторлардың құрылысы және түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға конденсаторлардың құрылысын және түрлерін , оларды тізбектей және параллелль жалғау тәсілдерін түсіндіру, олардың практикалық қолданылуы жайлы мысалдар келтіре отырып білім дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ізденуін, өз ойын дұрыс тұжырымдай білуге үйрету,пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке үйрету.

Сабақтың көрнекілігі:электронды оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, дидактикалық материалдар, тірек-сызбалар, кесте , тест

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Әдісі:Блум жүйесі

Пән аралық байланыс: информатика- Визуал Бейсик бағдарламалау тілінде құрылған тест

Қосымша әдебиеттер: , энциклопедия,интернет материалдары


Блум жүйесі.


Синтез



Анализ



Қолдану



Білу

Түсіну


І. Білу.

1.Өткізгіштің электрсыйымдылығы дегеніміз не ?

2.Электрсыйымдылықтың өлшем бірлігі қандай ?

3.Шардың электр сыйымдылығы неге тең?



ІІ. Түсіну. Жаңа сабақ.

1.Өткізгіштің электрсыйымдылығын өзгертудің тәсілдері қандай ?

2.Конденсатор дегеніміз не ?

3.Жазық конденсатор дегеніміз не ?

4.Формуласын қорыту

5.Жазық конденсатордың электрсыйымдылығы қандай шамаларға тәуелді болады ?

6. Конденсаторларды тізбектей және параллелль жалғау тәсілдері.
Алғашқы конденсатордың шығу тарихы туралы .

1745 жылы Лейден қаласында неміс физигі Эвальд Юрген фон Клейст және голланд физигі Питер ван Мушенбрук тарихта ең алғашқы конденсатор – «лейден банкасын» жасады. Сынап Шыны ыдысқа салынған шегенің үлкен Электр зарядын жинақтай алатыны байқалған.

Мұндай конденсаторда сынап бір жапсардың Ролін, ал ыдысты ұстап тұрған экспериментатордың алақаны екінші жапсардың ролін атқарған екен. Кейінірек астарлардың жапсарлардың екеуін де жұқа жезден немесе қорғасын қағаздан жасайтын болады.

Өткізгіштің электрсыйымдылығы мынандай факторларға байланысты өзгереді:
1. Өткізгіштің электрсыйымдылығы оған екінші зарядталмаған

өткізгішті жақындатқанда артады;

2. Екінші өткізгішті жерге жалғау бірінші өткізгіштің электрсыйымдылығын арттырады;

3. Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын арттырады;

4. Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады;

5. Диэлектриктің диэлектрик өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады;

6.Өткізгіштердің бір-бірімен айқасу ауданын арттырғанда жүйенің электрсыйымдылығы артады.


  • Конденсаторларды сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін оларды арнайы корпустармен қаптайды.

1 тірек-сызбаны толтыру.






Конденсатор




Жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйе



Егер өткізгіштер жазық болса және параллель орналасса, онда жазық конденсатор деп аталады

Жазық конденсатордың сыйымдылығын есептеу формуласы.




Мұндағы:

С- электрсыйымдылығы;
Ɛ - жапсарлардың арасындағы ортаның салыстырмалы диэлектрик өтімділігі


=8,85*10 -12






d- диэлектрик қалыңдығы немесе жапсарлардың ара қашықтығы;

S- жапсардың ауданы;

r- шар немесе цилиндр табанының радиусы;

Е- электр өрісінің кернеулігі;

q-электр заряды;

l- цилиндр құраушысының ұзындығы
Жазық конденсатордың сыймдылығын есептеу формуласын қорыту.

Жазық конденсатордың сыйымдылығы қандай шамаларға тәуелді болады ?

(Электронды оқулықтағы тәжірибені түсіндіру)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет