Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады. Топтық міндет; өз ойларын толық айтады, бірін-бірі тыңдайды.Достық сезімдері артады.
(экраннан С.Торайғыровтың суреті көрсетіледі.) Мұғалім: Мына суретте кімді көріп отырсыздар?
Олай болса, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында өмір сүрген, Абайдан кейінгі жазба әдебиетінде өзіндік орны бар, адам сезімін шеберлеудің қас шебері, өзіндік болмысы мен үнін, азаматтық шеберлігін қалдыра білген С.Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы және «Таныстыру» өлеңі жайлы болмақ. Алаштың ардақты ақынының өмірі қиындыққа толы болды. Ақын 1983 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Шешесінен ерте айырылады. Мұқан, Тортай, Әбдірахман деген молдалардан тәлім алады. Ақын 27 жыл ғұмырында артына көптеген шығармаларын қалдырды. «Алаш ұраны» өлеңі Алаш Орда үкіметінің құрылуын қолдап жазған өлеңі. Өлең 1917 жылы жазылған.
5-әрекет. Жаңа сабақ (1,2,3,4,7-модульдер)
Мағынаны тану. «Кубизм» стратегиясы Суреттеңіз Оқулықтан ақынның Алаш идеясының көрінісін сипаттайтын жерін тауып оқы. Қандай көркемдегіш тәсіл қолданылған?
Салыстырыңыз. «Мен -қазақпын» өлеңімен салыстыр.
Зерттеңіз. Өлеңнің тақырыбы қандай? Өлең қай жылы жазылған?
Қолданыңыз. Өлеңде ақынның қандай көңіл-күйі бейнеленген?
Талқылаңыз. Осы өлеңді жазуына не себеп болды?
6-әрекет (1,2,3,6,7-модульдер)
Дарынды оқушымен жұмыс: Қазір сіздерге сыныбымызда әдебиетші мен тарихшы болуды мақсат етіп жүрген оқушыларымыз С.Торайғыровтың өмірі , шығармашылығы туралы өз ізденіс жұмыстарын қорғайды. Мұқият тыңдап өмірі, шығармашылығы жайлы дәптерімізге жазып отырайық.
(Таныстырылым. Алдын ала берілген ізденіс жұмыстарының негізінде Әдебиетші мен Тарихшы оқушы слайд бойынша өз жұмыстарын қорғайды.)
(Шығармадағы баяндалатын оқиға жайлы оқып меңгеру)
Интерактивті тақта бойынша суреттер көрсету арқылы әңгімелеу.
«Әдеби оқу» стратегиясы бойынша өлеңді мәнерлеп оқып, талдау жасау.
Мұғалім сөзі: Балалар, С.Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы туралы білдік. Енді ақынның 1917 жылы жазған «Алаш ұраны» өлеңін мәнерлеп оқиық. Енді экранға назар аударайық.
«Алаш ұраны» өлеңіне подкаст жасау, тыңдату. «Алаш ұраны» әнін «Алаш» тобының орындауында тыңдтау.
Балалар, өлеңді оқулықтан да мәнерлеп оқыдық, экраннан да дыбыстық жазылуын естідік, енді әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі.
Постер қорғау. Әр топқа «Алаш ұраны» өлеңінен үзінді беріледі. Сол үзіндіден ақынның айтпақ ойы мен идеясын постерге жазып қорғау.
7-әрекет. (1,2,3,6,7-модульдер)
«6 қалпақ» ойыны.
1. Ақ қалпақ- нақты мәндегі сұрақтар қояды. Жарнама жасау.
2. Қызыл қалпақ- ішкі сезім, эмоцияны білдіреді. Алған әсері, неге көзі жетті. Неге сенімді.
3. Сары қалпақ- оптимизм, ашықтық,позитивті ойдағы ұсынысты білдіреді. Жағымды жағы, жетістіктері.
4. Жасыл қалпақ - жаңа идеядағы сұрақтар қояды. Өлеңнен туған жаңа идея.
5. Қара қалпақ-негативті ой, мүмкін емес, қарсы шығу. Кері әсері, жағымсыз жақтары.
6. Көк қалпақ-ойды қорытындылап жауап беру. Өлең бойынша барлық қалпақтардың бағытын бақылау.
1. Ақ қалпақтың сұрағы. 20 ғасырдың басындағы туған шығармалардың бүгінгі күн талабымен жазылған шығармаларымен қандай үндестігі бар?
Жауап: 20 ғасырдағы шығармалармен тығыз байланысы бар деп ойлаймын.Себебі, білімге, оқуға деген үндеуі бірдей.Қай заманда да білім өз маңызын жойған емес.
2.Қызыл қалпақтың сұрағы. «Алаш ұраны» өлеңін оқығанда өзіңнің ішкі-көңіл күйің қандай болды?
Жауап: мен осы өлеңді оқығанда қазақ елінің ерекше халық екенін, қанша қиындық көрсе де мойымағанын, біз еліміздің болашағы екенімізді түсіндім. Мен «Алаш ұраны» өлеңін бәріңізге оқып, жаттап алуға ұсыныс беремін. Оны әнұран ретінде жаттап алуымыз керек.
Мен ерекше патриоттық сезімде болдым.
3.Сары қалпақтың сұрағы. Егер сен ақынмен кездессең не айтар едің?
Жауап:Егер мен ақынмен кездессем, патриоттық шығармаларды көп жазуын, өз арманына жетуді, қазақ елінің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосуына тілектес болар едім.
4.Жасыл қалпақтың сұрағы. Сұлтанмахмұт атамыз қазіргі таңда өмір сүрсе, қандай өлең жазар еді.
Жауап: Сұлтанмахмұт атамыз қазіргі таңда өмір сүрсе, ғылымға, техникаға, білімге арнап өлең жазар еді. Сондай-ақ Астана туралы, қазіргі қоғамдағы мәселелер туралы жазар еді.
5.Қара қалпақ-барлық пікірді мүлде теріске шығару. Айтылған пікірлерге қарсы пікір айту.
Жауап: Ақ қалпақтың сұрағы: 20 ғасырдың басындағы туған шығармалардың бүгінгі күн талабымен жазылған шығармаларымен қандай үндестігі бар? ХХ ғасырдағы өлеңдермен тығыз байланысты деді. Мен бұл пікірге қарсымын. ХХ ғасырдағы өлеңдер қиыншылықты, ұлтшылдықты жырлады. Бүгінгі күнде ондай тақырыпта жазылған шығармалар өте аз.
Жауап: Мен «Алаш ұраны» өлеңін бәріңізге оқып, жаттап алуға ұсыныс беремін. Оны әнұран ретінде жаттап алуымыз керек. «Мен ерекше паториттық сезімді болдым»,- деді.
Мен оған былай жауап берер едім: тек осы «Алаш ұраны» өлеңі ғана емес, басқа да қазақтың ақындарының патриоттық өлеңдері бар ғой, соларды да жаттап өсуіміз керек.
3.Сары қалпақтың сұрағы. Егер сен ақынмен кездессең не айтар едің?
Жауап: Мен сары қалпақтың жауабымен келіспеймін.мен бұған қарсымын.Ол ақынның бұл заманға дейін өмір сүруі екіталай дүние. Жеткеннің өзінде де басқаша өлең жазуы екі түрлі іс.
4.Жасыл қалпақтың сұрағы. Сұлтанмахмұт атамыз қазіргі таңда өмір сүрсе, қандай өлең жазар еді. Жаңа заманға сай технология жайлы жазады ,-деді.
Жауап: мен бұл жауаппен де келіспеймін. Ол дұрыс емес сияқты. Ол жазар еді Астана жайлы, Сырдария, өзендер жайлы, еліміз жайлы жазар еді.
Көк қалпақ. Барлық пікірді жинастырып, қорыту.
Мен балаң жарық күннен сәуле қуған,- деп ақын өзі жырлағандай Сұлтанмахмұт атамыздың артына қалдырып кеткен мұрасы ұрпақтарына орасан күн сәулесін шашып тұр. Ақынның өмірі, шығармашылығы, өлеңдері біз үшін баға жетпес құнды дүние болып қала бермек. Бүгінде ақынның атында музей, көше аттары, оқу орындары бар. Ақынның есімін ұрпақтары ешқашан ұмытпауы тиіс.