Сабақ тақырыбы: С. Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы және «Таныстыру» поэмасы



Дата25.08.2017
өлшемі46,89 Kb.
#27149
түріСабақ

Тексерілді :




Күні: 01.03.2017жыл

Мұғалімнің есімі: Жанбосынова Айткүл

Сынып: 9 «Д»

Қатысқандар саны:-

9 «Д»-


Қатыспағандар саны:

9 «Д»-


Сабақ тақырыбы:

С.Торайғыровтың өмірі , шығармашылығы және «Таныстыру» поэмасы

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

С. Торайғыровтың шығармашылығына тоқтала отырып, "Таныстыру" поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу.

Бағалау

Барлық оқушылар: : 1.С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінігі қалыптасады.

Оқушылардың басым бөлігі   С.Торайғыровтың өмірі , шығармашылығы туралы бұрынғы білімдерін жинақтай алады, берілген тақырыпшалар арқылы білімдерін жинақтап, постерге түсіре алады."Таныстыру" поэмасының тақырыбы мен идеясын түсінеді.

Кейбір оқушылар: Поэмадағы кейіпкерлерге мінездеме бере біледі .Өз ойларын тұжырымдап , түйінді ой жаза алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: .....(не істей) алады

Көпшілігі өмірмен байланыстыра алады



Негізгі сөздер мен тіркестер: алаш, біртуар сөздердің мағынасын біледі.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Тақырыпты негізге ала отырып өз пікірін білдіре алады. Талқылауға арналған тармақтар:

Ақынның 13 жасында  жазған  өлеңі  қалай  аталады?

Қандай  өлең  түріне  жатқызамыз ?

Өзіне -өзі   серт  беріп  жазған  тағы  қандай  өлеңін білеміз? 

С. Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасы кімдерге арналған?




Жазылым бойынша ұсыныстар: Эссе жазуға дағдыланады.

Алдыңғы оқу

Өткен сабақты қайталау.

Жоспар Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Жоспарланған уақыты

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар


Басталуы

1.Ұйымдастыру кезеңі. 
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын. "Жүректен-жүрекке" сергіту сәті, топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасы.

І топ тапсырмалары

Өлеңнің авторы.

Өлеңнің тақырыбы.

Жанр түрі

ІІ топ тапсырмалары

Өлеңнің негізгі идеясы.

Өлеңде неше шумақ бар?

Өлеңде неше тармақ бар?

ІІІ топ тапсырмалары

1.Өлеңдегі бунақ саны қанша?

2. Өлеңде эпитеттерді табыңдар.

3. Теңеудің мысалын келтіріңдер.



І топ "Болашақ"; ІІ топ "Ақын" ; ІІІ топ « Ойшыл »  топқа бөлінеді


Ортасы

Білу


 

Түсіну


Қолдану

Талдау


Бағалау

ІІІ.Жаңа сабақ.» Миға шабуыл»(диалогтік сұхбат) Сендерге бір сұрақ: 
-Шәкірт үшін ең басты мақсат не және оқудағы басты мақсатымыз не болмақ? 
-Ондай болса, сіздердей қара көздерді сауаттандыру мақсатында «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болуды армандаған», аз уақыт өмірі ішінде еліне бай да, мағыналы қазына қалдырған ақын туралы білетіндерімізді ортаға салайық! 

1. Мағынаны тану.

С.Торайғыровтың өмірі мен шығармаларын оқып, түсінгендерін топпен талқылайды.

«Ақылдыың алты қалпағы» әдісі бойынша айтады.

Ақ қалпақ - Қазақ  халқының   XX  ғасыр басындағы  аса  көрнекті ақыны,  ғажап   ақыл – ойшысы- С.Торайғыровтың өмірінен мәлімет береді.

Қызыл қалпақ - Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын айтады.

Қара қалпақ – 20-30 жылдардағы қазақ халқының басынан өткерген ауыр жағдай.

Сары қалпақ – «Есімі – ел есінде» ақын туралы...

Жасыл қалпақ – «Тәуелсіздік көгіне...» эссе немесе өлең шығарады.

Көк қалпақ – 5+5+1 түйінді сөз айтады.



Оқушылар сұраққа жауап береді.

Оқулық , стикерлер, постер, ынталандырушы бағалау




Аяқталуы

Үй тапсырмасы:




Кері байланыс жаздырылады.

Не білемін?

 Не білдім?

 Не білгім келеді?

Стикерлер таратылып, жазу тапсырылады.

Топтардың балдардын есептеу,

белсенді топтар анықталады.

С.Торайғыровтың өмірі , шығармашылығы және «Таныстыру» поэмасы, өлеңдерін жаттау.



Түрлі-түсті стикерлер таратылады. Түрлі-түсті стикерлерді тақтаға жабыстырады.

Оқушылар формативті түрде және суммативті бағаны қою үшін өз-өзін бағалайды. 



Қосымша ақпарат Өмірмен байланыстыру АКТ ны пайдалану

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

А деңгей : Поэмадағы кейіпкерлерге мінездеме бере біледі .Өз ойларын тұжырымдап , түйінді ой жаза алады.

В деңгей: 1.С.Торайғыровтың өмірі мен өлеңдерінің идеясы туралы біледі, ой қалыптастырады.   "Таныстыру" поэмасының тақырыбы мен идеясын түсінеді.

С деңгей: С.Торайғыровтың өмірі , шығармашылығы туралы біледі.

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?"

Кері байланыс:

« Екі жұлдыз , бір тілек» әдісі

Өзара бағалау,
топтық бағалау ,

қалыптастырушы бағалау

Пәнаралық байланыс

-Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

- АКТ – мен байланыс

- Құндылықтағы байланыс

Қазақ тілі, Қазақстан тарих.

Рефлекcия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?


Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?


Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз..

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Топпен жұмыс істеу оқушыларға ұнады;

2: Әдіс-тәсілдердің тура таңдалғаны табысты болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. Сұрақты нақты қоюға ұмтылды;

2. Саралаудағы тапсырма сабақты жақсартты.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не екенін білдім?



1.Оқушыларға өз мүмкіндіктеріне қарай тапсырмалар берілді.
Каталог: uploads -> doc -> 0e77
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e77 -> Сабақтың тақырыбы «Сыйынар ем ана деген тәңірге»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет