«Бкеітемін»
Мектеп директоры
---------------К.К.Карбузов
Өтетін орны: бастауыш сынып
Өтетін сыныбы: 4
Күні: 18.01.17 жыл
уақыты : 12.00
Сабақтың тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға тәрбиелеу
Міндеттері:
1.Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
2.Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандықты тани білуге көз қарастарын қалыптастыру.
3.Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы», дидактикалық ойындар, РАФТ
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.
Барысы:
1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсмепаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуіміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың пікірлері сұралады
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.
Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті
мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау..
Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды.
Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
1 - ж. Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық.
1 - ж. «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес
1 - ж. Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан іс келетін адам шағын кәсіпкерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар. Тек еріншектікке жол бермеу керек.
2 - ж: Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.
1 - ж. Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |