Сабақ жоспары
Тобы:ҚТӘ-141
Пән аты: Қазақ тілі практикумы
Оқытушы: Содикова Ч.Ж.
Сабақтың тақырыбы: Мақсат бағыныңқы сабақтас. Мезгіл бағыныңқы сабақтас .Себеп бағыныңқы сабақтас.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.
Сабақтың түрі:тәжірибелік
Оқыту әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап, «Білім биржасы» ойыны, «Өзара оқыту сабағы.» ойыны.
Пәнаралық әдіс: әдебиет,тарих, жаңа педагогикалық технология
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Мақсат бағыныңқы сабақтас. Мезгіл бағыныңқы сабақтас .Себеп бағыныңқы сабақтас.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас туралы толық түсінік беру
2.Тәрбиелік: Өзін- өзі бағалай білуге , еңбексүйгіштікке, өзара сыйластыққа, педагогикалық шеберлікке,адамгершілікке,өз пікірін еркін айтуға,әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Білім,білік,дағды,іскерлікті қалыптастыру,сөздік қорын,тілін дамыту.Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:оқулық,стиккерлер,жетондар,конверттер,слайдтар.
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
I.Ұйымдастыру кезеңі:
I.Ұйымдастыру
II.Тексеру.
III.Үй тапсырмасын сұрап,бағалау.
IY.Өткен сабақты қорытып,жаңа сабақты бастау.
II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Сұрақ-жауап,проблемалық-ситуациялық сұрақтар ,өздігінен пікір айту
«Білім биржасы» ойыны. Ойынның мақсаты: Білім, білік дағдыларын бекіту.
Ойынның шарты:Конверттерге әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар ( «5»-ке, «4»-ке, «3»-ке) бар. Әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай тапсырма алып, дайындалып, жауап береді. Жауаптары «акциялармен» бағаланады. «Акционер» оқушы жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі «акциялар» алады. Толық емес жауап – сары түсті «акция» дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап, қызыл түсті «акция» дұрыс негізделген жауап- жасыл түсті «акция». Әр «акцияның» бастапқы құны бар, оны «банк» бекітеді. Балдардың ең жоғары мөлшері түстердің санымен анықталады. (мысалы: Егер оқушыда екі түсті «акция» болса, онда «түсімге» тек 2 балл қатысады, егер 3 түсті болса онда жоғары.Мұғалім – «банкир» әрбір оқушының «түсімін» есептейді. Егер сары «акциялар» көп болса, бұл акциялардың «құны» төмендейді, ал егер жасыл және қызылдар аз болса онда олардың «құны» артады.Мысалы: Егер қызылдар -10, ал жасылдар 5-еу болса, онда жасыл акциялар қызылдардан қымбат. Осы негізде мұғалім «банкир» баға қояды.
Деңгейлік тапсырмалары:
I деңгей
1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не ? Түрлерін ата.
2.Сабақтас құрмалас сөйлем деп нені айтамыз және оның түрлерін атап бер.
3.Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегенімз не? Мысал келтір.
4.Қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем деп нені айтмыз? Мысал келтір.
5.Салалас құрмалас сөйлем деп нені айтамыз? Мағыналық түрлерін атап бер.
6.Кезектес салалас деп нені айтамыз? Мысал келтір.
IІ деңгей
1.Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтары мен жасалу жолдарын айтып бер.
2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтары мен жасалу жолдарын айтып бер.
3.Жай сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі болғанын анықта. Бұл әңгімені анау қайын жұрт білсе,...
4.Жай сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі болғанын анықта. Қыс қыстаулары басқа болғанымен,...
5.Жай сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі болғанын анықта. Осынша әзірлігі бола тұра,....
6. Жай сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі болғанын анықта.Ерқан дұрыс адам болса,...
7. Жай сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі болғанын анықта.Түбінде осы сөз бос сөз болып қалатын болс,...
8. Жай сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі болғанын анықта.Тәкежанның ұрлатқаны шын болса,...
IІІ деңгей
1.Синтаксистік сатылай талдау жаса. Аздың азаншысы болғанша,көптің қазаншысы бол.
2.Синтаксистік сатылай талдау жаса.Жақсы аттың жалын сақтағанша ,жақсы жігіттің арын сақта.
3.Синтаксистік сатылай талдау жаса.Мыңның түсін білгенше,бірдің атын біл.
4. Синтаксистік сатылай талдау жаса.Қонақтар үйге кіріп отырысмен,Абай Әбіштің жүзіне үңілді.
ІІІ.Жаңа сабақ : Мақсат бағыныңқы сабақтас. Мезгіл бағыныңқы сабақтас .Себеп бағыныңқы сабақтас.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.
Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлем сабақтастың басқа түрлеріне қарағанда тілімізде жиі қолданылады және бағыныңқысының баяндауыштарының тұлғасы да күрделірек болады.Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңарындағы іс-әрекеттің,оқиғаның мезгілін білдіріп тұратын сабақтас құрмалас сөйлем мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлем болады. Мысалы:Абай үйге кіргенде,Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді. Жасалуы:
1.Жатыс жалғаулы есімшеден болады:Бұлар ауылдан аттанарда,екі жігіт соларға қарай шаба жөнелген еді.
2.Өткен шақтық есімшеге –ша,-ше, жұрнағы қосылуы арқылы жасалады:Базарбай атының басын бұрғанша ,жас балалар анталап қарсы барып та қалды.
3.Атау тұлғалы есімшеге сайын,соң,кезде,күнде,уақытта,мезгілде,сәтте күні,жылы дегендер тәріздес сөздердің көмекші болып айтылуы арқылы жасалады:Бұл арадағы майдан біткен соң,ол топ жылқының соңынан шаба жөнелді.
4.Барыс жалғаулы есімшеге шейін,дейін шылаулары тіркесіп айтылуы арқылы жасалады.Мысалы:Құнанбай аттанып кеткенге дейін ,мұндай ауылдар құрақ ұшып,қалбаң қағып жүреді.
5.Шығыс жалғаулы есімшеге кейін, соң, бері шылаулары арқылытіркесіп айтылу арқылы жасалады.Мысалы:Рахмет қоштасып кеткеннен кейін,Наталияның ұйқысы ашылып кетті.
6.Шартты рай етістіктен болады.Мысалы:Байжан райкомға барса,қызметкерлерінен он шақты кісі отыр екен.
7.Көсемше етістіктен болады:Мысалы:Даулет армияға аттанғалы,Марфуға Кеңтоғайға келмеген еді.
8.-ысы,ісі қосымшалы етістіктің көмектес жалғаулы түрінен болады:Мысалы: Қонақтар үйге кіріп отырысымен,Абай Әбіштің жүзіне үңілді.
Себеп-салдар бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы компоненті басыңқыдағы істің болу-болмауының себебін білдіреді. Сондықтан бағыныңқы үнемі себепті білдіріп, құрмаластың алдында тұрады. Оның формалары:
1.Бағыныңқы компонент –дықтан,-діктен қосымшалы өткен шақтық есімшеге аяқталады. Мысалы:Абайдың осындай шағындағы шын мұңдасы Ербол ғана болғандықтан ,жаңағы бір әзірде оның жалғыз келгенін ақын теріс көрген жоқ.
2.Бағыныңқы копонент соң шылау өткен шақтық есімшеге аяқталады.М:Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң,Иса басқа бір тәсілге көшті.
3. Бағыныңқы компонент –ып,-іп,-п,-а,-е,-й жұрнақты көсемше етістіктерге аяқталады.М:Түнде жылқышы ұйықтап қап, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті.
Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің, қимыл-қозғалыстың сындық амалын, қалай болғандығын білдіретін құрмалас сөйлем қимыл-сын бағыныңқы сабақтас делінеді.Кейбір әдебиеттерде баяндауышы –дай,-дей жұрнақты есімшеден болатын .Біреу әдейі жуып, лак жаққандай ,жас жапырақтар күн санап құлпырып өсіп келеді.
Мұнда да мақсат пысықтауыш пен мақсат бағыныңқы компонентті салыстыра көрсеткенде, мақсат бағыныңқы сабақтастың мән-мазмұны, өзіндік белгілері айқын көрінеді.Мақсат бағыныңқылы сабақтастағы бағыныңқы жай сөйлем басыңқы сөйлемнің жетегінде айтылып ,оған меңгеріле,бағына байланысады.Байланысу жолдары:
1.Бағыныңқы компонент үшін шылаулы тұйық етістікке аяқталады:Мыс:Дәуіт ұшып кетпеу үшін, қарлығаш оның қанатын қырқып қояды.
2.Бағыныңқы компонент деп көмекшісіне тіркесіп келген етістік түрлеріне аяқталады.Деп көмекшісіне тіркесіп айтылған етістік бұйрық райдың 1,3-жағында тұруы да ,есімше формада тұруы мүмкін.М:Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп ,бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді.
3. Бағыныңқы компонент бол көмекшісіне тіркесіп келген –мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнақты етістікке аяқталады.М:Оспан жұмыс басына бармақшы болып ,Әйгерім мен Ерболды ерте үйден шықты.
Сабақтастың үш түрі, одан да көп жай сөйлемнен тұратын түрлері бар. Бұл тілімізде, әсіресе , жазушылары тілінде жиірек кездеседі. Бағыныңқыларының басыңқымен байланысына қарап, көп бағыныңқы сабақтастар жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас, сатылы көп бағыныңқы сабақтас болып екіге бөлінеді.
ІҮ.«Өзара оқыту сабағы.» ойыны. ( меңгеру, дамыту)
Ойынның шарты: Жұмыс топқа бөлініп жүргізіледі.Әрбір оқушы тапсырма алады.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері тақырыбы бойынша материалды пысықтап, басты ұғымдарды бөліп атап, тезис-конспект немесе жоспар-конспект жасау. Жұптардың әр мүшесінде өз тапсырмасы бар (1 нұсқа немесе 2 нұсқа). Дайындалуға 10-15 минут беріледі.2. Дайындалған соң оқушы (1-нұсқа конспектісін пайдалана отырып, өз меңгергенін серігіне айтып береді, яғни мұғалім ролінде болады, ал «оқушы» (2-нұсқа) оны тыңдайды.
3. Енді ролдермен ауысады.4.Тапсырмалары бар парақтар таратылады немесе тапсырмалар тақтаға жазылады. Оқушылар ( 1-ші және 2-ші нұсқалар) тыңдаған материалы бойынша тапсырмалар орындайды ( жазбаша немесе ауызша)
Бірін-бірі тексереді.
Тапсырма тексерілгеннен кейін, «оқушы мен оны оқытқан мұғалімге» түрлі түсті жетондар беріледі. Барлық жұптар бір уақытта жұмыс істейді.
Сабақ соңында қорытынды шығарылады.- баға жетондардың түсіне қарай қойылады.
1-ші жұп. Мақсат бағыныңқы сабақтас.Жасалуы.Сұрақ құрастыру
2-ші жұп.Себеп бағыныңқы сабақтас.Жасалуы. Сұрақ құрастыру
3-ші жұп. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.Жасалуы. Сұрақ құрастыру
4-ші жұп. Мезгіл бағыныңқы сабақтас.Жасалуы. Сұрақ құрастыру
5-ші жұп Көп бағыныңқы сабақтастар .Түрлері. Сұрақ құрастыру
IY.Жаңа сабақты қорытындылау,пысықтау : (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
1.Мақсат бағыныңқы сабақтас деген не?
2.Себеп бағыныңқы сабақтас деп нені айтамыз?
3. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас қалай жасалады?
4. Мезгіл бағыныңқы сабақтас қандай сөз табынан жасалады?
5. Көп бағыныңқы сабақтастардың қандай түрлерін білесің?
Ү.Қорытындылау(білім бағалау)
________________________________________________________
YI .Үй тапсырмасы:
Мақсат бағыныңқы сабақтас. Мезгіл бағыныңқы сабақтас .Себеп бағыныңқы сабақтас.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас туралы толық оқып ,әдеби шығармалардан бірнеше сөйлем жазу.
Оқытушы қолы:
Пән бірлестігінің төрайымы:
Достарыңызбен бөлісу: |