Сабақтың тақырыбы : М.Әуезов «Ақын қонақтар»



Дата25.12.2016
өлшемі52,69 Kb.
#4860
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Ақын қонақтар»

Сабақтың мақсаты: Мұхтар Әуезовтің шығармаларымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:білімділік-әңгіменің мазмұнымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу; дамытушылық-әңгіменің көркем тілін таныту; тәрбиелік-өнердің құдіретін таныту.

Типі:білік пен дағдыны қалыптастыру.

Түрі.дамыта оқыту.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

1. «Күй»поэмасының кейіпкері кім?

2. Халық күйшіге қандай тілек айтатын?

3. «Бозінген»күйінің тақырыбы.

4.Күй қай аспапта орындалады?

5.Бозінгеннің құлға айтар ойын тауып оқы.

ІІІ.Актуалдау.

1.Бозінгеннің зары бізге қалай жетті? (Күй арқылы)

2.Күйдің тарихы ше?

3.Шығарма авторы кім еді? (Ілияс)

4.Ілиястың өнерлі ауылдан шыққанын,өнерлі орта әрқашан өнерпазымен мақтанатынын айта келіп,жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланды.(Өнердің құдіреті-жанға дем)

ІV.Жаңа сабақ.

1.Мұхтар Әуезовтың ұлы жазушы екенін айтып,бастауыш сыныпта оқыған шығармалары еске түсіріледі.Жазушының шығармаларын айта келіп,ойымды Шыңғыс Айтматовтың пікірімен дәлелдеймін.

ХХ ғасырдың ғаламат басылымы-әлем әдебиеттерінің кітапханасындағы ұлы ескерткіштер жинағы 250 томының 2 томы Мұхтар Әуезовке тиесілі болуы кездейсоқ жәйт емес.

2.Әбіш Кекілбаевтың «Қазақ әдебиеті»газетінің 1988 жылғы 25 қыркүйектегі «Әлем таныған Әуезов »мақаласы пайдаланылды.

Бұл тұста Мұхтардың атасы Әуездің Абайға сыбаға апарғаны,бала Мұхтардың жылағаны,Абайдың баланы алдына алып жұбатқан тұсы әңгімеленеді. «Абай жолы»кітабы көрсетілді.Сол кітаптан үзінді екені айтылды.

3.Шығарма мұғалімнің мазмұндауымен қатар оқушылардың мәтіннен қажетті тұстарды табуымен жалғасады.

Дамыту кезеңі.4.Оқушылар мәтінмен танысу үшін кеспе қағаздар таратылды.

1.Абай әжесінен әңгіме сұрағанда қалай сұрайтын?

2.Ерекшеленген сөздің мағынасын ашу.

Екі ақын Ұлжан үйін барлық осы үлкен ауылға қан базар қып жіберді.

3.Эпитетті тап.



Абайдың кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу,ең бір әсерлі,күшті жыры осы еді.

4.Теңеуді тап.Бұл нақыл сөз кімнің сөзінде кездеседі?



Шешенің судай төгілген,

Тыңдаушың бордай егілген.

1.Бірнеше кеспе қағаз даярланып,оқушылар ауызша жауап береді.

2.Мәтіндегі оқиғадан хабардар болған соң жоспар құрылады.

Жоспар

1.Он үштегі Абайдың ауруы.

2.Әңгімешіл аналар.

3.Ақын қонақтар.

4.Дертке табылған ем.

Әжесі Зеренің айтқандары



ертегі,аңыздар басынан кешкен оқиғалар

Анасы Ұлжанның айтқандары



Өлеңді сөздер

Ақын қонақтардың айтқандары



жыр бата-тілек

4.Семантикалық карта

Кейіпкерлері

Шығарманың аттары

Барлас

Зере

Абай

Ұлжан

Байкөкше

«Еділ-Жайық»




+










«Қобыланды батыр»

+













«Жүсіп-Зылиха»










+




«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»













+

«Жұпар қорығы»




+










Өлеңді сөз

+













5.Барластан «Қобыланды батырды»тыңдағаннан кейінгі Абайдың қойған сұрағы мәтіннен тауып оқылады.Көрсетілген жырлардың ауыз әдебиетінің үлгісі екендігі оқушылардың өткен білімдерін еске түсірумен айтылады.

V.Бекіту.1.Әңгіменің кейіпкерлері Барлас пен Байкөкше туралы айтылады.Барлас-Дулат Бабатайұлы туралы айтылады.Байкөкше Балғынбайұлының Абаймен достық қарым-қатынасы әңгімеленеді.

2.Байкөкшенің Абай туралы көрген түсі оқылды.(«Егемен Қазақстан»№188 2/ІХ.1993ж. Нысанбек Төреқұлов «Биік болмыс». )

3. «Тұжырым»кестесі толтырылды.

Бөлімдер

Абайдың көңіл-күйі

Себебі


Әңгіменің басында

Абай науқас

Ауылдағы кісі


Қонақтар келгенде

Қатты қуанады

Әңгіме тыңдайтынына


Қонақтар аттанарда

Аурудан айығады

Өнерден ем табады


Мұғалімнің жетелеу сұрақтарына оқушылар жауап береді. «Әңгіменің басына Абай неге ауырады?»деген сұраққа оқушылар толық жауап бере алмайтындықтан мұғалім өзі айтуы тиіс.Қою сызықтың ішіндегі жазулар оқушылардың жауабынан соң ілінеді.

«Абай құлан-таза жазылып кеткен ғой»деген сөйлемін оқытып ойды қорыту.Абай нәр алған бұлақтың бастауы ауыз әдебиеті екенін,Абайдың науқастан жазылуына өнердің әсері екенін айта келіп,бізге келген қонақпен,яғни жыршымен таныстырылды. (Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті, «Шабыт»фестивалінің жүлдегерінің орындауында терме тыңдалды.)

VI.Үйге: 1)әңгімені оқу;

2) «Әжем айтқан ертегі» (шығарма).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет