Шақамбаева Бақытгүл Мұстафақызы «№19 орта мектеп»мм мемлекеттік тіл-менің болашағЫМ



Дата28.01.2018
өлшемі104,37 Kb.
#34472

Шақамбаева Бақытгүл Мұстафақызы


«№19 орта мектеп»ММ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ



«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігер жұмсауымыз керек»

Н.Ә. Назарбаев

Біздің Қазақстан Республикасының қасиетті мемлекеттік тілі- өзінің мемлекеттік мәртебесін аброймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл.

Бүгінгі таңда оқушылар алатын ақпарат жан-жақты даму үстінде. Атап айтқанда, интернет желісінің, электронды поштаның өсуі, күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі оқушылардың ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр. Сондықтан мұғалім оқушыларымен нағыз қатынас орната отырып, шығармашылық байланыста болуы керек. Ұстаз-оқушының ішкі жан дүниесіне әсер ететін нағыз тәрбиелеуші күш, сондықтан оның кәсіби шеберлігі, яғни тілді үйретуі тәрбиемен ұштастыру іскерлігі дамып отыруы қажет. Олай болса, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, әдеби, мәдени бай қазынасын оқушылардың санасына сіңіріп, тәрбиелеу-әр ұстаздың міндеті. Ұлы ойшыл Әл-Фараби “Әлеуметтік этикалық трактаттарында” былай дейді: “Тәрбиелеу дегеніміз-халықтың бойында білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дамыту”. Демек, тәрбие тамыры тереңнен алынатын тарихи үрдіс болғандықтан,болашақ ұрпаққа этикалық,эстетикалық ізгіліктерді орнықтыру әр сабақтың басты міндетіне айналуы тиіс.


ХІХ-ХХ ғасырларда қазақ тілін ғылыми тұрғыда зерттеген Еуразия, Ресей ғалымдарының «Қазақтың жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады...»/ Радлов/ «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл- қазақ тілі» /Малов/ т.б даналар тамсана таңырқағанын , «шешенің судай төгілген , тыңдаушың бордай егілген» бұл тілдің айтқыш та айтқыштылығын, сұлу да сұлулығын есімізден шығармайық!

Қазақ халқы-шынында ақын халық, әнші халық, жыршы халық, тіл байлығы мол халық. Өмір сүрген адамның асқақ арманы, жастық мөлдір махаббаты, нәзік сезімі, сұлу назы, терең мұңы, ыстық сағынышы, көркем сөзі шебер тілмен тізілген. Қазақ тілі-ертедегі Түркі Қағанатының, Алтын Орда заманындағы үстем тіл. Көркем өнерін, мақал-мәтелін, қанатты сөзін, теңеулерін, бейнелі сөзін, өлең сөзін, даналық толғамын, бірін-бірі нұрландыратын нәрлі тіл-қазақтың баба тілі, қазақтың ана тілі.


Тілін құрметтегенді, елі де құрметтер.   Ғ.Мүсірепов атамыз « Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» деп айтқандай әр адамның жүрегі тіл дегенде тебіренетіні анық. Осындай тілдің құдіретін түсінетін кез келген ата-ана мен баланың, қала берді қоғамның тілге қатысты көкейінде мазалайтын сұрақтар жетерлік.
Мемлекеттік тіліміздің болашағы қандай? Ол болашақта  дағдарысқа ұшырайды ма? Өміріміздегі ең асыл нәрсе –тілді түзеу үшін нендей жағдайлар жасау керек? Осындай сұрақтар қай-қай адамның көкейінен, өмірден жауап іздейді.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп ұлы ақын Қадір-Әлі жырлағандай, өзге тілді білу қажет, ал өз тілімізді одан да артық білген жөн. Баланы бала бақша табалдырығынан  бастап ана тілін құрметтеуге шақырып, насихаттау керек. Әрине, оқушыларға арналған көптеген әдеби көркем әдебиеттер мен ертегілер шығып, театрда қазақша қойылымдар көрсетіле бастады. Бұл үлесті жағдай тілді дамыту үшін істеліп жатқан игі істер. Бірақ, олардың тілдік сапасын арттыру жөнінде кемшіліктер де жоқ емес. Кей кезде көше бойында кетіп бара жатырған немесе әріптестеріміз бен қазақ әріптестеріміз де қазақ тілінде  емес, өзге тілде сөйлесуі қынжылтады. Оны тыңдап тұрған мен үшін тұрпайы естіледі. Ең алдымен ата-аналар үйлерінде балаларына, қызмет орындарында басшылар мемлекеттік тілде ғана құжаттар қабылдап, қазақ тілінде сөйлеуге дәріптесе, онда осындай дәрменсіз жағдайға келмес едік. Біз Қазақстандағы тұратын барлық ұлт өкілдеріне мемлекеттік тіліміз арқылы елімізді, мәдениетімізді дәріптейміз, өнеге тұтамыз.

Ел болашағы -біз. Мемлекеттік тілдің болашағы – біздің қолымызда. Сондықтан орыс мекетептерінде білім алып жүрген оқушыларымыз бір-бірімен мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ел тілінің мәртебесін көтеріп, мемлекеттік тіліне деген сыйластығы мен құрметі жойылмағанда ғана тіліміздің болашағы жарқын болады деп үлкен сеніммен айта аламын.
Мемлекеттік тілсіз Қазақстан Республикасындағы өмірді елестету қиын. Сондықтан, болашағымызды бұлыңғыр қылуға жол бермей, тіл дағдарысына төтеп беріп , тілімізді қастерлеу біздің қолымызда.


Тіл - барша адамзаттың ең басты қазынасы. Ол жоғалса, халық та, ел де жоғ алмақ. Сондықтан өзіміз байқағандай, мемлекеттік тілімізге  өзге тілдің араласуы – тілімізге жасалатын үлкен кесел. Оны ескерген жөн. Сол себепті де «Тар жол тайғақ кешу жылдары» жалаң аяқ жар басып, біреудің босағасына қашып, қиындықпен алған тілдің мәртебесін жоғалтпай, еліміз егемендік алып, 70 жылда мемлекеттік тіл болған қазынамызды ардақтап, одан әрі дамытып, құрметтейік. Тіл үшін үлкен тірек болар - сол тілді сөйлейтін адамдар, яғни біздер.

Еліміз шынайы бостандық алып, қазақ тілінің мәртебесі арта түскен қазіргі шақта осы тілді басқа ұлтқа үйретуші ұстаздардың шәкірт алдындағы жауапкершілігі де күшейе түсті. Әрине, орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудың толып жатқан қиындықтары бар екенін, осы іске ат салысып жүрген әріптестерім де жақсы біледі. Осындай қиындықтарға қарамастан мен өзім сүйетін, бұл жауапкершілігі де, мазмұны да үлкен пәнді барынша қызғылықты да тартымды оқытуға тырысамын. Орыс сыныптарындағы оқытушыларға қазақ тілі сан қилы әдістерге сүйеніп тиімді өткізуге болады. Ал, тілін құрметтегенді, сөз жоқ елі де құрметтер. Қазақстан жерінде туып, оқып, білім алып жатқан оқушылардың басты міндеті мемлекеттік тілді құрметтеп, дамытуға ат салысу деп ойлаймын. Болашақ ұрпақ мемлекеттік тілімізді білмегендіктен елімізге бөгде халық есебінде жат көрінуі шындық. Оқушылар мектепте қазір қазақ тілін аптасына 5 сағат оқиды, сонда күніне 45 минут қазақ тілінде ғана сөйлеп, қалған 23 сағатта орыс тілінде сөйлейді. Нақтырақ айтқанда бір жылда 365 күн болса 8760 сағат болады екен. Сонда біз жылына 9 ай мектепте оқығанда 225 күн оқып, сол күндердің 170 сағатында ғана оқушылар қазақ тілінде сөйлейді, жылына 8590 сағат қазақ тілінде сөйлемеуі мүмкін. Осы жағдайға көңіл бөлсеңіздер, осы уақыт ішінде қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойын айту мақсатына жетуге өте аз уақыт деп есептеймін. Мемлекеттік тілді білу - әрбір ұлттың одан әрі дамуы мен сақталуының керекті шарты. Қазақ тілінің  толық қызмет етуін қамтамасыз ету үшін орыс мектептерде қосымша үйірмелер, ән-күй, еңбек, дене шынықтыру және өзін-өзі тану т.б жеңіл сабақтар қазақ тілінде оқытып және тәрбие жөніндегі жұмыстардың барлығы мемлекеттік тілде жүргізілсе оқушылар мемлекеттік тілде тез сөйлер еді. Оқушыларымызға жоғары оқу орнында оқығанда немесе қызмет еткенде үлкен көмек болар еді.

Елбасының киелі аузынан шыққан жалғыз ғана «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген айбарлы сөзі бүкіл қазақстандықтарға арналып айтылған тұңғыш Үндеу еді.

       Президент, Мемлекет басшысы, Елдің Бас қолбасшысы туған халқына қазақтың тілінің құдыреттілігін айқындайтын, айғақтайтын маңызы аса зор, мәні тіптен биік  әңгімелерін айтып ауқымды жауапкершілік жүктеді. Кешегі кеңес дәуірінде 70 жыл мерзім бойына анасынан туа орыстың тілімен суарылған қазақ үшін ә дегеннен өз тілінде сайрап кету тым қиын екенінде дау жоқ. Десе де тәуелсіз болғанымызға, өз тонымызға жылынғанымызға 22 жыл өтті. Неге біздің тіл, туған қазағымыздың тілі табалдырықтан жоғарыламай, табандай береді. Сонда Елбасының айтқан «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген айбарлы нақылы, бар қазаққа айқайлап тұрып айтқан жауапты жүгі неге салмақсыз, неге сөз жүзінде қалып қоя береді.



      Елбасының тікелей тапсырмасымен кешеуілдеп қалған қазақтың тілі жедел дамып, өркендесін деп министрлік жанынан комитет құрылды,  бір ғана мемлекеттік тілмен шұғылданатын басқармалар өмірге келді. Оның бер жағында тәуелсіздік бастауында-ақ құрылған «Қазақ тілі» қоғамдары тағы бар. Қаншама зиялыларымыз халықпен жүздескенде,баспасөз беттерінде ұлттық тілдің қасиетін де,қасыретін де күнде айтып,баспасөз беттерінде талдап жазып жатыр. Мемлекет жыл сайын мемлекеттік тіл үшін миллиондап қаржы да бөлуде. Елбасымыздың тапсырмасымен мемлекеттік тіліміз үшін осыншама іс-шаралар қолға алынғанның өзінде мемлекеттік тіл туған мемлекетінде неге  дамып, өркендемей отыр.

Еліміз биыл Тәуелсіздік алғанына 22 жыл болады. Осы жылдар ішінде қай мектепте болмасын, ұлан-ғайыр жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік тілді дамыту жолында да қол жеткізген табыстар аз емес.
Биылғы Жолдауда: "Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды. Бұл Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі.

Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді 10 жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады" делінген.
Қарап отырсақ, алға үлкен мақсат қойылып отыр. Осы орайда мемлекеттік тіл мәселесі біздің мектебіміздің қалай дамып отыр, қандай жұмыстар атқарылуда?
Біз бүгін осы сауалдар төңірегінде мектепішілік «Тіл жанашырлар » тобын ашып, іс-шараларды мұғалімдер ғана емес оқушылардың өздері ұйымдастыруына назар аударудамыз. Осы бағыт бойынша әр сыныптың ішінен бір оқушы «Тіл жанашыры белсендісі» атағына ие болып, жеті оқушыдан құрылған өз тобын жинайды. Қазақта «Жұмыла көтерген , жүк жеңіл» дегендей әр сыныптан осындай топ жұмыла жұмыс істесе мектепішілік немесе сыныпта мемлекеттік тілде қосымша жұмыс атқарса тілімізді оқушылардың тез меңгерулеріне мүмкіндік болады.
"Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек" Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай осы тіл жанашырлары тобы осы жылы ұлан-ғайыр жұмыстар атқарылды деп сенемін. Алға қойған мақсатқа жету үшін жоғарда атап өткен мәселелер мектеп қабырғасында орындаласа, оқушылар мектепті бітіргенде қазақ тілінде еркін сөйлеп, әрі қарай еңбек етіп, оқуларына жеңілдік болар еді. Тіл мәселесі көптеген жылдардан бері өзекті мәселеге айналып келе жатқаны рас. Ол жайында халық қалаулылары да тынбай айтуда, басылым беттері де жаппай сол тақырыпты көтеруде. Үкімет тарапынан да мемлекеттік тіл мәселесі қолға алынғаны қашан. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 22 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында егеменді еліміз барлық салада өсіп, өніп, өркендеп, экономикасы дамып, әлеуметтік жағдайы жақсатып, жатса оған Елбасымыз өз үлесін қосқан жағымды жаңалықтар мен оң өзгерістердің септігі тигені ақиқат. Әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді әспеттеп, еліміздің тыныштығын ойлап отырған кең пейіл, бейбіт мінезді, жомарт халқымыз әдебиеті мен мәдениетін де бұдан әрмен асқақтатуы шарт. Осы орайда өз тіліміздің өркендеуіне негіз қалап, оның мәртебесін үнемі көтеріп жүруіміз керек. Тіл мәселесі бей-жай қарайтын мәселе емес, сондықтан түсінбеушіліктер туындамауы үшін баршамыз заңды білуге тиіспіз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі екені айдан анық. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасы әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік тілімізді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, ҚР барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға, Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін барлық жағдайды жасап беріп отыр. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Қазақстан азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар. ҚР тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарын кемсітуге жол берілмейді. Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері ҚР заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады. Көрдіңіз бе, еліміздегі тең құқықтықтың шет-шегі жоқ. Сондықтан осынау жеңілдіктерді жүрегімен сезінген нағыз қазақстандықтар біздің мемлекеттік тілімізді меңгеруге талпынулары тиіс десек те бұл мәселеде өз қандастарымыздың шаласауаттылығы да кері әсерін тигізетіні анық. Осыған байланысты айтарым, жұртқа үйретуден бұрын өзіміз яғни, қазақ ұлтты адамдар тілді таза меңгеріп, бір-бірімен қазақша сөйлеу қажет. Өйткені, қазақ тілі біздің тіліміз, оны білмегеніміз масқарашылық емес пе? Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі қашанда биік болсын!


Мен, Қазақстанның   болашағы   бүгінгі   жас  ұрпақ,  Тәуелсіз,  Егеменді Еркін ел Қазақстанда жас ұрпаққа мемлекетті тілді үйретіп жүргеніме қуаныштымын.Мұндай кең байтақ елді, бүгінгі ұрпағына аман-есен сақтап жеткізу үшін ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, қызыл қанымен қорғап, ғасырлар бойы күресіп, бастарынан талай қиын кезеңдерді өткізді. Сол армандар орындалып, 1991 жылы 16 желтоқсанда өз егемендігін паш етті. Қазір аяғынан тік тұрған, дамудың нарықтық жолына түскен ел атандық, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана бастауымен, көрегендік саясатының арқасында еліміздің экономикасы қарыштап дамып бүкіл әлемге танылдық.Көк байрақты, нұр елімнің мәртебесі биіктеп жақын жылдарда әлемдегі дамыған елу елдің қатарына кіретінімізге біз кәміл сенеміз. Қазіргі кезеңде Елордамызда қаншама әлемдік деңгейдегі кездесулер, жиындар, самиттер, форумдар өтіп жатқанын әлем көріп, тыңдап отыр. Осы атқарылған жұмыстардың бәрін де мемлекеттік тілде сөйлеп әлемге танытсақ өз халқымызды, тілімізді сыйлап құрметтейтінімізді көріп отырған әлем халқы өз халқына біздің Қазақстан елін үлгі тұтуы мүмкін еді. Өкінішке орай олай емес, біздің жиналыс немесе іс-шараларымыз мемілекеттік тілмен басталып, мазақ қылғандай басқа тілмен аяқталады. Сонда сыртынан тыңдап отырған өзге елге бір бала басына жазғы киім, ортасына қысқы киім киіп алғандай күлкілі көрінбей ме?. Қалай ойлайсыздар құрметті Қазақстан Республикасының зиялы қауымы?...
Халық қашанда жоғарыға қарайды, бүкіл игілікті істі биліктен күтеді.

      Ұлттық тіліміздің баяндылығы биліктегі ағайындардың, баршамыздың мемлекеттік тілді мойындауымыздан, құрметтеуімізден тұратыны ақиқат.



     Кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты қағидаты – мемлекеттік тілді құрметтеу. Мемлекеттік тілі жойылған елдің келешегі жоқ. Мұны ата тарих талай дәлелдеген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының  «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген ұлағатты сөзін анық ұғынған, терең түсінген адам ғана тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы бола алады.

Келешек Қазақстанымыздың әлі де еңсесі биік, татулығы берік, жылдан-жылға гүлденіп, Қазақстандықтар қазақ тілінде еркін сөйлеп, мемлекеттік тіліміздің мәртебесі өсіп, көркейе берсін деп тілеймін.   


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н. Ә. « Қазақстан халқына жолдауы » 2011 жыл.

  2. Білімдегі жаңалықтар / Ақпаратты әдістемелік журнал/ 2007ж

  3. Тіл және тәуелсіздік. Әбіш Кекілбай 2007ж Астана

  4. Білімдегі жаңалықтар / Ақпаратты әдістемелік журнал/ 2010ж

  5. С.Абдрахманов Астана 2001ж







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет