Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде емес)
2-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» оқыту қазақ тілінде емес пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 4
«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 17
«Менің мектебім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 17
«Туған өлкем» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 20
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 23
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 29
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 29
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 32
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 35
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 41
«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 41
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 44
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 47
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты 2.1.3.1 *Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес
фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау
2.2.1.1 Өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме
беру үшін сөздер және сөз тіркестерді қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Сәйкес суретті анықтап, сұрақтарға жауап береді
• Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін орынды
пайдаланады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Тыңдалым
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Менің атым - Әлихан. Мен қалада тұрамын. Қысқы демалыста мен ауылға барамын.
Ауылда атам мен әжем тұрады.
Ауылда мен балалармен бірге шанамен сырғанаймын. Қардан аққала жасаймын. Шаңғы тебемін. Атаммен орманға барамын. Атам мен әжеме көмектесемін.
Ауыл маған қатты ұнайды.
Әлихан қысқы демалыста қайда барады? Белгіле ().
Қалаға
Ауылға
Тауға
Теңізге
Әлихан демалыста не істейді? Сәйкес суреттерді белгіле ().
Достарыңызбен бөлісу: |