Сабақтың тақырыбы : Мұзафар Әлімбай «Әнші Әміре»



Дата02.07.2018
өлшемі15,23 Kb.
#45639
түріСабақ
Әдебиеттік оқу

Әнші Әміре

Қасенова Раушан Толеугазыновна

Бастауыш сынып мұғалімі.

Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп,КММ,

Үржар ауылы , Үржар ауданы,ШҚО

3-сынып


Сабақтың тақырыбы :Мұзафар Әлімбай «Әнші Әміре»

Сабақтын мақсаты: Әнші Әміре туралы түсінік беру.

Сабақтың білімділік мақсаты:Оқушылардың өз ойларын тиянақтап,оны дәлелді түрде жеткізуін, тақырып бойынша өз өмірінен мысалдар келтіруге ,топпен, ұжыммен жұмыс жасау ,өзіндік пікір айту қабілетін дамыту.

Дамытушылық мақсаты:Ана тілінің байлығы арқылы оқушының сөздік қорын,ой-өрісін , тілін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Тарихи тұлғаларды үлгі ете отырып ,біліммен өнерден эмоциялық әсер ала білуге ,құреттейтін адамгершілігі мол әдепті жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Ресурстар:Доп, маркер ,ламинад,жіп,бейнетаспа, плакат, слайд.

Әдісі :Сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу, талдау,нәтиже, стратегия.

Сабақтың типі:жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылығын ояту (кассадан концертке билет алу арқылы топқа бөлу)

Психологиялық ахуал (сәлемдесу)

Білер қазақ баласы

Сәлем сөзің анасы

Көп танысты білеміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз!



Үй тапсырмасын пысықтау. (Қағып ал да,жауап бер) доп кез келген балаға лақтырылады,ұстап алған бала слайдтан шыққан сұраққа жауап береді.

1.Біз оқып жатқан тарау қалай аталады?(Жақсыдан үйрен )

2.Осы тараудағы мақал-мәтелдерді еске түсіріп,оның түйіні не екенін айта кету.

3.Бүгінгі тақырып қалай аталады?(Әбу Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді»

4.Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті?

5.Құрманғазы неге налыды, неге қуанды?

6.Динаның ойнаған күйі қалай аталады?

7.Құрманғазы Динаға қандай бата берді?

8. Ол антын қалай орындады?

9. Құрманғазы мен Динаның қандай күйлерін білесіңдер? (Тірек сызбаға жазып көрсет)



Сергіту сәті : «Балбырауын» күйін 7 сынып оқушысы ойнап береді.

Жаңа сабақ:

«Санды жұмбақ» сандарды өсу ретімен атасақ тақырып айқындалады.(Әнші Әміре)

Бұл сандар қандай сандар және неше таңбалы сандар?

Автор туралы мағлұмат беру,

Оқулықпен жұмыс :мәтінді төрт топқа бөліп іштерінен оқыту.(3 мин беріледі)

Талдау , көкпен жазылған сөздің мағынасын ашу.

Бұл мәтіндегі басты кейіпкер Әміре Қашаубаевтың өмірбаяны туралы қысқаша айту(Слайд)

Әншінің өз дауысын қою (Видио ролик)

Осы әндерді қазіргі кезде орындап жүрген әншілерді білетіндерің бар ма?(Жігіттер тобы «Балқадиша»)



2017 жылы ЭКСПО-да осы дәстүрлі әндер орындалады деп ойлаймын.

Сабақты бекіту. «Өрмекші торы»стратегиясы бойынша .

Үйге тапсырма:153-154 бет мазмұндау ,қосымша Әміре Қашаубаевтың атына ашылған мектеп,ескерткіштер,көшелер қай қалада, қай облыста екенін тауып жазып келу.( Қосымша ЭКСПО-ға163 жыл толғаны бойынша видио ролик көрсету).

Кері байланыс:"


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет