Сабақтың тақырыбы : «Нәтиже сабақ»
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін
тереңдету; дүниетанымы мен ұлттық музыка өнеріне
өзіндік ойларын, көзқарастарын қалыптастыру; ұлттық
музыка өнерінің мұрасын жете ұғыну. Қазақ халқының
сазгерлеріне, олардың өмірі мен шығармашылық
жолына, еңбектеріне шолу жасау. Есімшелерді
қаншалықты түсінгендерін тексеру.
2. Оқушылардың сөйлеу қабілеті мен ойлау қабілетін,
таным белсенділігін арттыру, сөздік қорын байыту.
3.Патриоттық тәрбие беру, сазгерлердің өмірін үлгі ете
отырып, оларды құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс,
жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: сазгерлердің портреттері, «Адай» Құрманғазы күйі;
эпиграф, Абай өлендері, сабақ жоспары; мәліметтер,
тест, карточкалар.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ.
Эпиграф: «Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй»
Абай.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Ауызекі сөйлем.
Сабақтың мақсаты мен барысын хабарлау
-Балалар, біз өткен сабақтарда қазақ халқының сазгерлері мен танысқанбыз, бүгін қорытынды панорамалық сабақ өткіземіз.
- Қазақтың музыка өнері көне дәуірден бері халықпен бірге өмір сүріп келеді. Бұл аса бай мұра. Бір сабақта оларды айтып, тауысу мүмкін емес. Сондықтан сендерге бірнеше халық сазгерлерінің шығармашылығы, кезеңі, өмір туралы мәлімет жинап келулеріңе тапсырма берілген.
Сол себептен ұлы сазгерлер туралы әңгімемізге кезек берейік. Бүгінгі сабақтың эпиграфы Абай –атамыздың сөзі. Тақтаға назар аударайық.
Сабақ жоспары.
Оқушыларға сөз беріледі. Олар сазгерлер туралы мәлімет жинады. Енді осы сазгерлер жайлы не білдіңдер, ортаға салайық.
Оқушы : Қ.Сағырбайұлы туралы мәлімет.
Құрманғазы атамыз қай жылы туған?
Оның қандай күйлерін білесіңдер?
- Балалар, Асылбек Ең сепов орындауында «Адай» күйін тыңдайық.
-Келесі сөзді екінші оқушыға берейік.
2. оқушы: Дина Нұрпейісова туралы мәлімет оқиды.
Дина Нұрпейсованың «Ана бұйрығы» күйінен үзінді тыңдау.
3.оқушы: Шәмші Қалдаяқов туралы мәлімет.
- ҚР мемлекеттік гимнінің авторы кім?
4. оқушы: Әміре Қашаубаев туралы мәлімет.
5. оқушы: Күләш Байсейітова туралы мәлімет.
6. оқушы: Нұрғиса Тлендиев туралы мәлімет.
-Н.Тлендиевтың қандай күйлері мен әндері бар?
Енді осы алған біліміміздің жиынтығы ретінде мәтіндер бойынша жұмыс істейік. «Сұрақ – жауап қатынасы» ойынын өткіземіз. Әр оқушы алдарындағы бетке жаңағы берілген мәліметтер бойынша 2 сұрақ қойып, парталасымен алмасады, Сұрақтарға жауап жазады. (Бірін – бірі бағалау)
1)Қазақ халқының сазгерлерінің әндері ән өнерінде қандай орын
алады?
2) Қазақ халқының өнері қай ғасырдан басталады?
3) Қазақ елінен шыққан сазгерлерді ата?
4) Олардың күйлері нені суреттейді?
Сергіту сәті: - Бүгін бізде музыка жайында сабақ болғандықтан, сергіту сәтінде буын биі «Қара жорғаны» билеп, демалайық.
Тақтада берілген сызбалар арқылы есімше туралы білімімізді бекітейік.
Етістік.
Етістіктің шақтары.
Есішше.Оның жасалу жолдары.
Тақтадағы Абай атамыздың өлең жолдарындағы етістіктерге талдау жасаймыз.
Дәптерімізді ашып, грамматикалық талдау жасаймыз.
Карточкамен жұмыс. (1,2 нұсқа, 3-топ оқушыларына жеке)
Тақтада берілген жаз, айт сөздерін үлгі бойынша ауызша тәуелдеу.
Қорытынды: Тақырып бойынша тест ұсыну.
Тестті кілт бойынша тексеріп, баға қою.
- Сабақтан не алдындар? Нені білдіңдер? Тағы нені білгілерің келеді?
-Бүгін, балалар, біз қазақ халқының сазгерлері туралы білімімізді
қорытындылап, кеңейттік. Енді осы сабақты Абай-атамыздың сабақтың
алдында айтылған сөзіне назар аударғым келеді.
«Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй»
Осы Абай – атамыздың сөзін ұғынып, әрқашанда ән мен күйге көңіл аударып отырсандар, өміріміз әрқашанда жарқын етіп өтеді.
Үйге тапсырма: «Атақты күйшілер» тақырыбына шығарма. (3-топқа реферат жазу)
Дайындаған: Канафина А. Т.
2011-2012 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |