Сабақтың тақырыбы : «Ой мен ойын»



Дата23.09.2024
өлшемі47,74 Kb.
#204907
түріСабақ
Байланысты:
Ой мен ойын


Тексерілді
___________ ДОІЖО
Кумарбекова Г.К.
Сабақтың тақырыбы: «Ой мен ойын» шоу-танымдық сайысы
Сабақтың мақсаты. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, әріптер, шарлар
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және сайыскерлер, жаратылыстану апталығында ұйымдастырылып отырылған «Ой мен ойын» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыскерлерді ортаға шақырып, орындарына жайғасуды сұраймыз.
Ендеше шоуымызды бастаймыз.
1-кезең: «Таныстыру»
Ортамызға келіп тұр
Әр топтың шоқ жұлдызы
Танысатын сәт келді
Жұлдыздардың сөзімен
«Тек қана қыздар» және «Біздің жігіттер» тобы өздерін таныстыру, ұран ойлап табуға 1 минут уақыт беріледі. Тапқырлық, шешендікті талап ететін бұл кезең 1 ұпаймен бағаланды.


2-кезең: «Ымды түсінбеген-дымды түсінбейді» Екі топтан 1 қатысушыдан шығып физика, математика және информатика пәндерінен берілген сөздерді бейнелейді, қалған топ мүшелері дұрыс тапса, сол топқа әрбір дұрыс жауабы үшін 1 ұпайдан қойылады.

  • клавиатура, күн, монитор, от, кітап, таразы, тышқан, диск, шкаф, сызғыш, формула, жол, ток.

  • қалам, үстел, принтер, мұғалім, мектеп, баспалдақ, оқушы, циркуль, телефон, тақта,тышқан,компас,физика,флешка.

3-кезең:  «Құпия жәшік» Ұпай саны-1


Baambozzle платформасы арқылы топтар ұяшықты тандап сұраққа жауап береді.

  1. Натурал санды ондық бөлшекке айналдыратын белгі, таңба. (ҮТІР)

  2. Компьютердің негізгі құрылғыларың атаңыз.(монитор, жүйелік блок, тышқан, пернетақта)

  3. Ең биік шың? (Эверест 8848м)

  4. Менделеев кестесінде неше элемент бар? (118)

  5. Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысы (көпмүше)... деп аталады.

  6. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

4-кезең:  «Смайликтер сөйлейді» Бұл кезеңде сайыскерлерімізге мақалдар жасырылады. Ойыншылары бірінші қол көтерген топ жауап береді. Ұпай саны 1
Күлме досыңа, келер басыңа.
Ер қанаты-ат.
Көз қорқақ, қол батыр.
Қыз өссе –елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі.
Жігітке жеті өнер де аз.
Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді.


100 теңгең болғанша, 100 досың болсын.
Айтылған сөз-атылған оқпен тең
Боранды күні ит пен бала құтырады.
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
Ит-адамның досы.
Айдағаным бес ешкі, ысқырығым жер жарады.
Балалы үй-базар, баласыз үй-мазар

5-кезең:  «Сөзжұмбақ»


Берілген әріп қиындыларынан жасырылған сөзді табу керек. Қай топ бірінші және дұрыс сөзді құрастырады сол топқа 1 ұпайдан қойылып отырылады. Топ мүшелері алма-кезек шығады.
1-топ
Математикалық амал (БӨЛУ)
Киелі сан (ЖЕТІ )
Өлшем бірлігі (МЕТР)
Алтын адам табылған қала? (Есік)
Қаладағы нөмері бірінші адам? (Әкім)

  1. Топ

Әшекей бұйымдарды жасайтын металль? (Қола)
Математикалық амал (Қосу)
Теке қазақтың ас мәзірінде кездесетін тіске басар (Құрт)
Мақалға сенсек ол шайтанда жоқ (Үміт)
Жігіттер қыздар кездесуге жиі шақыратын орын (Кино)

6-кезең: «Кім жылдам?» Бұл бөлім бойынща сайыскерлерімізге адасқан әріптерден мағынасы бар сөз құрастыру тапсырылады. Жауабын үш тілде айту керек. Жауабын үш тілде дұрыс аударса: 3 ұпай, ал екі тілдегі аудармаға 2 ұпай, ал аударма жоқ болса 1 ұпайға ие болады.



Жер бетінде адам өмір өткізер


Бар нәрсеге білім қолды жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар
Білімменен болашаққа жол салынар – дегендей білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік деп сайысымызды аяқтаймыз. Енді әділ-қазылардан топтардың қорытынды ұпай сандарын сұраймыз.
Марапаттау! Қатысушыларға шағын сыйлық.
Қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет,қош сау болыңыздар!




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет