Тексерілді
___________ ДОІЖО
Кумарбекова Г.К.
Сабақтың тақырыбы: «Ой мен ойын» шоу-танымдық сайысы
Сабақтың мақсаты. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, әріптер, шарлар
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және сайыскерлер, жаратылыстану апталығында ұйымдастырылып отырылған «Ой мен ойын» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыскерлерді ортаға шақырып, орындарына жайғасуды сұраймыз.
Ендеше шоуымызды бастаймыз.
1-кезең: «Таныстыру»
Ортамызға келіп тұр
Әр топтың шоқ жұлдызы
Танысатын сәт келді
Жұлдыздардың сөзімен
«Тек қана қыздар» және «Біздің жігіттер» тобы өздерін таныстыру, ұран ойлап табуға 1 минут уақыт беріледі. Тапқырлық, шешендікті талап ететін бұл кезең 1 ұпаймен бағаланды.
2-кезең: «Ымды түсінбеген-дымды түсінбейді» Екі топтан 1 қатысушыдан шығып физика, математика және информатика пәндерінен берілген сөздерді бейнелейді, қалған топ мүшелері дұрыс тапса, сол топқа әрбір дұрыс жауабы үшін 1 ұпайдан қойылады.
-
клавиатура, күн, монитор, от, кітап, таразы, тышқан, диск, шкаф, сызғыш, формула, жол, ток.
-
қалам, үстел, принтер, мұғалім, мектеп, баспалдақ, оқушы, циркуль, телефон, тақта,тышқан,компас,физика,флешка.
3-кезең: «Құпия жәшік» Ұпай саны-1
Baambozzle платформасы арқылы топтар ұяшықты тандап сұраққа жауап береді.
-
Натурал санды ондық бөлшекке айналдыратын белгі, таңба. (ҮТІР)
-
Компьютердің негізгі құрылғыларың атаңыз.(монитор, жүйелік блок, тышқан, пернетақта)
-
Ең биік шың? (Эверест 8848м)
-
Менделеев кестесінде неше элемент бар? (118)
-
Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысы (көпмүше)... деп аталады.
-
Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
4-кезең: «Смайликтер сөйлейді» Бұл кезеңде сайыскерлерімізге мақалдар жасырылады. Ойыншылары бірінші қол көтерген топ жауап береді. Ұпай саны 1
Күлме досыңа, келер басыңа.
Ер қанаты-ат.
Көз қорқақ, қол батыр.
Қыз өссе –елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі.
Жігітке жеті өнер де аз.
Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді.
100 теңгең болғанша, 100 досың болсын.
Айтылған сөз-атылған оқпен тең
Боранды күні ит пен бала құтырады.
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
Ит-адамның досы.
Айдағаным бес ешкі, ысқырығым жер жарады.
Балалы үй-базар, баласыз үй-мазар
5-кезең: «Сөзжұмбақ»
Берілген әріп қиындыларынан жасырылған сөзді табу керек. Қай топ бірінші және дұрыс сөзді құрастырады сол топқа 1 ұпайдан қойылып отырылады. Топ мүшелері алма-кезек шығады.
1-топ
Математикалық амал (БӨЛУ)
Киелі сан (ЖЕТІ )
Өлшем бірлігі (МЕТР)
Алтын адам табылған қала? (Есік)
Қаладағы нөмері бірінші адам? (Әкім)
-
Топ
Әшекей бұйымдарды жасайтын металль? (Қола)
Математикалық амал (Қосу)
Теке қазақтың ас мәзірінде кездесетін тіске басар (Құрт)
Мақалға сенсек ол шайтанда жоқ (Үміт)
Жігіттер қыздар кездесуге жиі шақыратын орын (Кино)
6-кезең: «Кім жылдам?» Бұл бөлім бойынща сайыскерлерімізге адасқан әріптерден мағынасы бар сөз құрастыру тапсырылады. Жауабын үш тілде айту керек. Жауабын үш тілде дұрыс аударса: 3 ұпай, ал екі тілдегі аудармаға 2 ұпай, ал аударма жоқ болса 1 ұпайға ие болады.
Жер бетінде адам өмір өткізер
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар
Білімменен болашаққа жол салынар – дегендей білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік деп сайысымызды аяқтаймыз. Енді әділ-қазылардан топтардың қорытынды ұпай сандарын сұраймыз.
Марапаттау! Қатысушыларға шағын сыйлық.
Қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет,қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |