Сабақтың тақырыбы : Қосарлама қос сөздер



Дата20.06.2018
өлшемі37 Kb.
#43373
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе селосы Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақболатова Тойжан Болатқызы

Қазақ тілі 6-класс

Сабақтың тақырыбы : Қосарлама қос сөздер

Мақсаты : Қайталама қос сөздерді қайталата отырып, қосарлама қос сөздерді меңгерту ,сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге ,қосарлама қос сөздерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жүргізу .

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі : СТО жобасы бойынша

Пәнаралық байланыс : Әдебиет , математика

Көрнекілігі : Интерактивті тақтадан көрсетілетін слайдты түсіндірме жұмыстармен тапсырмалар .

Күтілетін нәтиже :



  • Оқушы қосарлама қос сөздерді меңгереді;

  • Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады;

  • Қосарлама қос сөздерді пайдалан отырып , фонетикалық талдау жүргізеді ;

Сабақтың барысы

1 Психологиялық дайындық :

Оқушының зейінін аудару , түгендеу.

Оқушыларға өздерінің аты-жөні жазылған бағалау парағын таратып , толтырылу ережесімен түсіндіру / Әр жауаптары сайын тапсырмның түріне қарай бөлінген графаға бір балдан қосып отырады .
2 Қызығушылықты ояту : «Кубизм» стратегиясы бойынша / Экранда кубиктің қырына сай сұрақтары шығып отырады./

1- қырының тапсырмасы : Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?

2- қырының тапсырмасы : Күрделі сөздердің түрлерін ата

3-қырының тапсырмасы : Қос сөз дегеніміз не?

4-қырының сұрағы: Қос сөздер нешеге бөлінеді , оларды ата ?

5- қырының сұрағы : Қайталама қос сөз дегеніміз не ?

6- қырының сұрағы : Қайталама қос сөздер қалай жасалады ?

3 Мағынаны тану

- Экранда жазулы тұрған өлеңді бір оқушыға оқыту

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап

Жоғары-төмен үйрек-қаз

Ұшып тұрса сымпылдап,

Қыз-келіншек үй тігер

Бұрала басып былқылдап

Абай .


  • Кімнің өлеңі ?

  • Осы өлеңде кездесіп тұрған қос сөздерді атайық

Құлын-тай , жоғары-төмен , үйрек-қаз , қыз-келіншек

/ Осы жерде қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөзді салыстырмалы түрде жазып ережесін шығару/
Құлын-тай көре-көре

Жоғары-төмен жарқ- жұрқ

Үйрек-қаз Үйді-үйге

Қыз-келіншек өз-өзіне



  • Бұл сөздер қалай жасалып тұр ?

  • Неше түбірден қосарланған ?

** Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерді –қосарлама қос сөздер дейміз. / Экраннан көрсету /

  • Енді қосарлама қос сөздер қалай жасалады ? Оны білу үшін мына экранға көңіл аударамыз

Елу түйесі , екі жүздей қой –ешкілері тағы бар .

  • Бұл сөйлемдегі қосарлама қос сөздерді көрсет ? / Екі түбірі де бір-біріне мағыналас сөз.

  • Олай болса , қосарлама қос сөздер , мағыналары бір- біріне жақын/ синоним/ сөздер я қарама-қарсы / антоним /сөздер қосарланады . Мысалы : қысы-жазы, жата-жастана, аға-іні ,ауыл-аймақ , ағайын- туыс.

Ол үйдің бала-шағасына дейін тыным таппайды.

  • Бір мағыналары мағыналы , екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.

Мысалы: көйлек-көншек, жүн-жұрқа , қыз-қырғын т/б

Шаға, жұрқа, көншек, қырғын сияқты сөздерді көне немесе басқа тілден енген сөздер деп атайды .Себебі бұл сөздер ерте кезде белгілі бір мағынаға ие болып қазіргі кезде ұмытылып кеткен. Мысалы: «Шаға » сөзі «Кішкентай ,қызыл шақа» деген мағынаны берген т/б түсінік беріп кету.

Сандалып келе жатты ақсақ киік

Бір тоқтап , анда-манда есін жиып

Ақ бөкен сахараның ботагөзі

Атты екен қандай мерген көзін қиып .

Сәкен Сейфуллин .

  • Екі сыңарыда мағынасыз сөздер қосарланады . Мысалы : анда-санда, оқта-текте , ығы-жығы, некен-саяқ т/б.

Мұғалімдерге оқу -әдістемелік құралдар жіберілді.

  • Кейіңгі кезде қалыптаса бастаған қосарлама қос сөздердің тобы . Олардың сыңарлары әртүрлі тұлғада кейде бір тұлғада келеді .Мысалы : Оқу-әдістемелік ,мәдени-ағарту ,қазақша-орысша үгіт-насихат т/б .



Оқулықпен жұмыс / ауызша/

93 / Тізбектей отырып, оқушылар ауызша қосарлама қос сөздердің жасалуын талдайды .



95 / Тақтамен жұмыс /

Сөз тіркесін жасайды .

  • Ойын-тойдың сәні, көші-қон қамы т/б .

«Жалғасын тап» ойыны

Дос- ....... Егжей -....... .......- Жарақ

Сәлем -..... ...........- Насихат .......- Сарсаң

.........- келбет Қант- .............. Ығы- ........

Математикалық талдау

3 топқа тапсырма

1-топ : Дос-жаран сөзіне фонетикалық талдау жүргізу

2- топ: Кескін-келбет сөзіне

3- топ : Ығы-жығы сөзіне талдау

Ой толғаныс :

  1. топ : Қосарлама қос сөздерінің анықтамасын айту, мысал келтіру.

  2. Топ : Қосарлама қос сөздердің жасалу түрін айт

  3. Топ : Қосарлама қос сөздердің жасалуына сай мысал келтіру

  4. Үйгетапсырма : №100 , ережелерді ереже дәптерге түсіру

Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет