Ырғақты жаттығу:
Көкке мойын созамыз,
Кең құшақты ашамыз,
Көлеңкені тосамыз.
Табиғатты сүйеміз.
Қамқорлықпен қорғаймыз.
Отбасы туралы әңгімелесу.(Сұрақ-жауап)
Бұл кім? Не істеп жатыр?
Дидактикалық ойын: «Тез, ата»
Суреттен отбасындағы адамдардың атауын тез атап айту.Ана, Әке,Ата,Әже, Бала,Қыз
Қорытынды:Бүгін сен не істедің?
Мен тыңдадым, сөйледім, ойнадым.
Сен бүгін жақсы жұмыстандың. Жарайсың!
Сау бол.
Аты-жөні___________________________________________________
Жасы_______________________________________________________
Өткізілген күні_______________________________________________
Сабақтың тақырыбы:Отбасы мүшелері.О-Ө дыбыстары
Сабақтың мақсаты:
Түзету-білімділік: отбасы мүшелерін толық атауды,орындарын ажыратуды үйрету.Оларға өз бетінше мінездеме беруге. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Түзету-дамытушылық:сөзді түсінуі,фонематикалық түсінігін қалыптастыру,сөздердің грамматикалық құрылымдарын қалыптастыру,байланыстырып сөйлеуін дамыту,артикуляциялық жаттығуларды орындату.О-Ө дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде анық айту.
Түзету-тәрбиелік: отбасы мүшелерін сыйлауға, құрметтеуге үйрету
Әдістері:көрсету, сұрақ-жауап, көркем суреттермен жұмыс, дидактикалық ойындар
Көрнекілігі:сериялы суреттер, айна
Достарыңызбен бөлісу: |