Сабақтың тақырыбы:Тағам түрлері Л дыбысы
Сабақтың мақсаты:
Түзету-білімділік:тағам түрлерімен таныстыру
Түзету-дамытушылық:сөзді түсінуі,фонематикалық түсінігін қалыптастыру,сөздердің грамматикалық құрылымдарын қалыптастыру,байланыстырып сөйлеуін дамыту,артикуляциялық жаттығуларды орындату. Лдыбысын анық айтқызу.
Түзету-тәрбиелік: тағамдарды қастерлеу
Әдістері:әңгімелесу, сұраққа жауап беру
Көрнекілігі:тағамдардың суреттері, мулляждар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Салемдесу. Сабаққа дайындық
Түсіндірме жұмысы:
Тағам түрлері өте көп. Ұннан, жемістер мен көкөністерден, сүттен, еттен жасалатын тағамдар бар. Олар адам ағзасына қажетті дәрумендер береді. Адамдардың барлығы да осы тағам түрлерін қолданады.
Артикуляциялық жаттығулар:
Алтыбақан, Кесе,Тәтті шырын жаттығуларын дұрыс орындау.
Фонематикалық түсінігі:
Л дыбысын қайталап айтқызу, лақ, қала, тал, алма, сал, бол, ал сөздерін қайталап айтқызу
Достарыңызбен бөлісу: |