Сергіту жаттығуы:
Алақанды ұрайық
Басымызды бұрайық
Сол жақтағы балаға
Оң жақтағы балаға
Шапалақты ұрайық
Берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыру.
Балалар мұз айдынында ойнап жатыр. Олар сырғанақ теуіп жүр. Бала аяғына коньки киген. Мұз айдыны өте үлкен.
Қорытынды:Қысқы ойындар туралы айтып бер?
Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?
Өткізілген күні_________
Түзете-дамыту қызметінің тақырыбы: Достар М-Н дыбыстары
Мақсаты:
Түзету-білімділік:достар туралы айтып беру
Түзету-дамытушылық:фонематикалық түсінігін қалыптастыру,сөздердің грамматикалық құрылымдарын қалыптастыру,байланыстырып сөйлеуін дамыту,сөздік қорды молайту,артикуляциялық жаттығуларды орындату
Түзету-тәрбиелік:достыққа,татулыққа,мейірімділікке, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдістері:әңгімелесу, сұраққа жауап беру, қайталап айтқызу
Көрнекілігі: көркем суреттер, алақан бастырмасы,жүрекше салдыру
Достарыңызбен бөлісу: |