Сабақтың тақырыбы : «Оян, қазақ!» жинағы, «Бақытсыз Жамал»



Дата21.11.2016
өлшемі48,4 Kb.
#2235
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

5-сабақ. Сыныбы -11 Пәні - қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: «Оян, қазақ!» жинағы, «Бақытсыз Жамал» романы

Сабақтың мақсаты: білімділік – аталған романның тақырыбын, идеясын анықтата отырып, кейіпкерлер сипатын сан қырынан жан-жақты ашқызу;

тәрбиелік – оқушыларды ел проблемасын, халық жағдайын, адам тағдырын танып білуге үйрете отырып, оларды ел қамын ойлайтын ірі адмгершілік иесі, жәбір көргенге қол созар қайырымды жан етіп тәрбиелеу және Міржақып шығармашылығына деген қызығушылығын ояту;

дамытушылық оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, кейіпкерлердің жан дүниесін ашатын сөз оралымдарын, ой түйіндерін тауып ой қорытуға, оқиға кейіпкерлер іс-әрекетіне сыни көзқараспен қарап, өздігінен тың пікірлер айтуға үйрету.

Табыстылық критерийлері: М.Дулатов шығармаларының мазмұнын меңгереді, жазушы шығармаларының өзіндік ерекшелігін ұғынады.

Сабақтың әдісі: кестелермен жұмыс, сөзталас (дебат), жабық тест

Сабақтың түрі: талдау сабағы

Ресурстар: флипчарт, үлестірме қағаздар, стикер, М.Дулатовтың портреті, ақын туралы кітап

Сабақтың барысы:





Сабақтың кезеңдері

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті




І

Ұйымдастыру кезеңі




Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау




  1. Дулатовтың осы романды жазу себебі неде?

  2. Ақын «Сөз басында» «Жазылған еріккеннен ертегі емес» дейді.

Жоғары дәрежелі сұрақтар қоя алады, өзгенің сұрағына белсенді жауап береді.


ІІІ

Қызғушылықты ояту




«Бақытсыз Жамал»- Қазақстандағы роман жанрының көшбасшысы

(Шериаздан Елеукенов)

Дулатов роман өзегіне шындықты негіз еткен, мұнда халық тұрмысының жанды суреті бар.

(В.А. Гордлевский)



Қанатты сөздердің мазмұынын ашады.




Жаңа сабақ




Кейіпкер

Бойларында сен ұнатқан қасиеттер

Бұл қасиеттер бүгінгі жастарда бар ма?

Қазіргі жастардан қандай кемшіліктер көресің?

Ғали

Жамал


Шолпан












Кестені толтырып, өз ойларын жүйелейді.

ІҮ

Жаңа сабақты меңгерту




Дебат.

І. Ғали мен Жамал – қазақ салтының құрбандары

ІІ. Ғали мен Жамал - өз бақыттары үшін күрескен мөлдір махаббат иелері.


Жақтаушы топ пен даттаушы топ өзара пікір таластырады. Сөйлеу мәдениеті, сөз саптау қабілеті артады.

Ү


Жинақтау





Шығарманың тілі

«Бақытсыз Жамал» романы

Пейзаж

Кірме сөздер

Мақал-мәтелдер

Алғыс, бата, қарғыс, тілек









Шығарма тіліне талдау жасап, теориялық білімі қалыптасады.

ҮІ

Сабақты бекіту




Жабық тест тапсырмалары

  1. «Бақытсыз Жамал» романы қай жылы, қай қалада жарық көрді?

  2. Жамал дүниеге келгенде Сәрсенбай неше жаста еді?

  3. Жамал қандай қиссаларды атасына, келген қонақтарға ерінбей оқып беретін болды?

  4. Жамалдың анасы шығармада қалай суреттелген?

  5. Шығарма ішінен тұрақты тіркестерді табыңдар.

  6. Романда қай елдің сөздері жиі ұшырайды?

  7. «Апа, мен үшін енді жаман атты болмаңыз...» Жамал бұл сөздерді қай кезде айтады. Жамал сөзін әрі қарай жалғастыр.

  8. Ғалидың Жамалды алып қашу кезінде қол ұшын берген достары кімдер?

  9. Шығармада қандай салт – дәстүрлер кездеседі?

10.Жан сауғалап Фатихолла байдың үйіне барғанда, ұлықтан Жамалдың басына ерік алады. Сонда қандай үкім шығарылады?

Сұрақтарға жауап береді.



ҮІІ

Үйге тапсырма:




«Замандас қыздар тағдырын Міржақып ағамдай ойласам...» (ойтолғау)

Оқушылар тапсырманы түсініп, белгілеп алады.

ҮІІІ

Кері байланыс

"Екі жұлдыз, бір тілек"






Оқушыларға сабақтағы әрекеттерге баға беруді сұрайды.

Сабақтағы оқушылардың әрекетіне талдау жасайды.


«Тексерілді»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет