Сабақтың мақсаты: білімділік – аталған романның тақырыбын, идеясын анықтата отырып, кейіпкерлер сипатын сан қырынан жан-жақты ашқызу;
тәрбиелік – оқушыларды ел проблемасын, халық жағдайын, адам тағдырын танып білуге үйрете отырып, оларды ел қамын ойлайтын ірі адмгершілік иесі, жәбір көргенге қол созар қайырымды жан етіп тәрбиелеу және Міржақып шығармашылығына деген қызығушылығын ояту;
дамытушылық – оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, кейіпкерлердің жан дүниесін ашатын сөз оралымдарын, ой түйіндерін тауып ой қорытуға, оқиға кейіпкерлер іс-әрекетіне сыни көзқараспен қарап, өздігінен тың пікірлер айтуға үйрету.
Табыстылық критерийлері: М.Дулатов шығармаларының мазмұнын меңгереді, жазушы шығармаларының өзіндік ерекшелігін ұғынады.
Сабақтың әдісі: кестелермен жұмыс, сөзталас (дебат), жабық тест
Сабақтың түрі: талдау сабағы
Ресурстар: флипчарт, үлестірме қағаздар, стикер, М.Дулатовтың портреті, ақын туралы кітап