Сабақтың тақырыбы : Өзін-өзі тану, өмірді тану Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері



бет3/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,54 Mb.
#4797
түріСабақ
1   2   3

Жағдаяттарды талдау Жағдаят бойынша суреттегі балаларға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер деген тапсырма беру.

Жаттығу 1.Ақботаның қоржынынан әр оқушы кеспе қағаздарға жазылған даналық сөздерді дәптерлеріне жазып,жария етеді,есіне сақтайды.

2. Өздері тыңдап өскен,қолданып жүрген ақыл сөздерді естеріне түсіріп,дәптерлеріне жазып,жария етеді.



Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген бұлбұлдың,күйшінің,ұстаздың,баланың,әженің суреттері тұстарына қалдырылған бос жолдарға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағылары келетіндігін жазу.

Қорытындылау -Бізге үлгі-өнеге болатын үлкендердің,даналардың ақыл-өсиеттерін, даналық сөздерін тыңдап, оларды өмірде қолдана білсек,өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз.Сол себепті қолдан келгенше үлкендердің кеңесін,ақылын құлақ түріп,тыңдаған жөн.

Жүректен жүрекке

Балалар шеңбер құрып тұрады.Үнтаспаға қосылып «Ізеттілік әліппесі» атты әнді шырқайджы.



Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан

20-шы сабақ.26-қаңтар.2010- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік

Болмағын кекшіл,болсайшы көпшіл.

Абай.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • «көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру;

  • өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

  • көпшіл болуға тәрбиелеу.

Мақсаты: Оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекі құралдар: үнтаспа,ақ қағаздар,оқулық,дәптер.

Шаттық шеңбері Оқушылыр шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Мұғалім өлең жолдарын айтады,оқушылар қайталайды.

-Күн,кімнің досысың? Кәдімгі көліңдей түсетін,

-Бәріңе ортақпын! Кәдімгі суыңдай ішетін,

Сен кімнің жолысың? Ауадай бәріміз жұтатын,

-Бәріңе ортақпын! Барлығы әулие тұтатын,

Бәріңе ортақпын!



Мәтінмен жұмыс

Ж.Байбұланованың «Қызғаныштың кесірі» атты мәтінін оқушыларға оқыту.



Дәйексөз

-Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады.Ал жалғыз ойнау қызық болмайтыны сияқты,жалғыз жүру де адамды жалықтырады,жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды.Көппен бірге жұмыс істеп,барын көппен бөлісе алатын,жеке басының қамын ғана емес,көптің қамын ойлайтын адамды көпшіл дейді.Ол адам көптің көмегімен үлкен жетістіктерге жетеді.Ұлы Абайдың «Болмағын кекшіл,болсайшы көпшіл» дегенінің мәнісі осы.



Жаңа ақпарат Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды,тек өз мүддесін ойлайды.Ондай адам туыстары,достары,сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді.Бұл жақсы қасиет емес.Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып,айналасындағылармен тіл табысады.Кеңпейіл,көпшіл болу,сыйласа білу жақсы қасиет.

Жаттығыу-ойлану. Балаларға сұрақтар қойылып,жауаптары тыңдалады.

Тапсырма Өзімшіл және көпшіл адамдарға тән қасиеттерді ажыратып айтыңдар:

Өз басының пайдасын ойлау,бауырмалдық,ақкөңілділік,басқалармен санаспау,өз қамын ойлау,белсенді,жомарттық,өркөкіректік,менмендік,тәкаппарлық,қауымшыл.



Дәптермен жұмыс Оқушылар дәптерде берілген кестеге өзімшіл адам мен көпшіл адамға тән белгілерді жазады да,оларды салыстырып қорытынды жасайды.

Тапсырма «Өзімшілдік пен көпшілдік туралы күнделікті өмірден мысал келтіріп айту.»

Қорытындылау -Көпшіл адамды бәрі жақсы көреді,өзімшілді ұнатпайды.Көпшілдің көпке көмегі тиеді және оған көпшілік көмектеседі,өзімшілдің өзіне ғана көмегі тиеді.Көпшілдің жолдастары,достары көп,өзімшіл жалғыз.Сондықтан да көпшіл болуға ұмтылып,өзімшілдіктен қашық болайық.

Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып тұрады.Өлең оқиды.

«Сіз», «біз»деген жылы сөз Баршаға керек жақсылық!

Жылытады жүректі. Жақсылық сүйер жанымыз,

Жақсылық билеп жаныңды тез, Баршаға жетер жақсылық,

Оятар игі тілекті. Қызғанбай бөліп алыңыз!

Біреуге біреу жақсылық «Сіз» , «біз» деген жылы сөз-

Тілесе әр кез жаны ашып, Жақсылықтың мейірі.

Осы бір шырын –тәттілік, Бір-біріне болып көз,

Тұрмай ма жанға жарасып!? Кең болсын адам пейілі.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан

21-ші сабақ.02-ақпан.2011- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Батыл болмай, батыр болмайды.

халық даналығы.

Мақсаты:


  • оқушылардың «халық», «Отан», «махаббат» құндылықтарды туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

-батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;

-шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;

-батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар : оқулық,үнтаспа

Шаттық шеңбері

Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып тұрады.

Көңілді ән шырқайды.
Балдырғандар әні

сөзін жазған О.Әубәкіров

Әнін жазған Ш. Қалдаяқов

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз,балалар, барлығымыз.

қайырмасы:

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Бақшамыз жайнады.

Біз-Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық-ұранымыз.

қайырмасы



Мәтінмен жұмыс

Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізу.

Балалардың өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып,пікірлерін тыңдау.

«Қойшы Қаһарман» ертегісі.

Балалардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қою:


  • Қаһарман батырдың ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?

  • Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?

  • Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?

  • Батылдық,өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?

  • батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен және жаттығу жұмысының орындалуымен түйінделеді.

-Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады.Ал батыл болу үшін өжет, төзімді,шыдамды,сабырлы, ата-анасын,елін,жерін сүйетін, қорқуды бімейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.

Жаттығу

Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылды.Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.



Күтілетін жауаптар: өжет адам, қорықпайтын, төзімді,сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан, Отанын сүйетін, қайсар және т.б.

Сергіту сәті

Адам бойына батылдықтың қалыптасуына жене жаттығуларының да әсері бар екендігі еске түсіріліп, балалардың денесі сергітіледі және ойын ұйымдастырылады.

Шынығамыз жастай біз, (Орындарынан тұрады)

Жаттығуды бастаймыз. (Қоладарын бүйірлеріне қояды)

Бір,екі,үш, (қолдарын алға, жоғары, жанына созады)

Бір,екі, үш, (қолдарын алға, жоғары, жанына созады)

Бойға жинап күш. (Қолдарын ішке бүгеді)
Ойын

Балалар жарты шеңбер құрып тұрады.Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу сызық сызылады.Меже белгіленеді.Ортаға бір ойыншыдан шығады .Ойыншыны ойын басқарушы онында тұрып айналдырады.Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек.Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады.Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап қошеметтеу.


Тапсырма

«Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгімелеу.

Дәптермен жұмыс

Оқушылардың сабақта алған білімдері пысықталады.

1-тапсыпма.

Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешу.

2-тапсырма : Халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазу.

Қорытындылау

-Батылдық-адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халықбатырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік.



Жүректен жүрекке

Балалар бір –біріне жылы лебіздерін білдіреді:

-Бір-бірімізді қиын сәтттерде қодай білейік.

-Деніміз сау болсын.

-Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б.

Өлең оқыту

Батыр ата

Ө. Тұрманжанов


«Батыр !» деген барша сүйген жақсы сөз,

Алтын туы сияқты ол ғасырдың.

Батыр ата: « Батыр бол!»- деп ұрандар!

Естіңдер жас жеткіншек қырандар!

Батыр болып,туған жерді қорғауды-

«Шын бақыт!»- деп тілек етіп сұраңдар.



Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан

22-ші сабақ.09-ақпан.2011- жыл.

Сабақтың тақырыбы:Еңбекқорлық пен еріншектік

Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап.

Абай.

Мақсаты:Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кңейту;

Міндеттері:

-еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;

-еңбекке қызығушылықтарын арттыру;

-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер.

Шатттық шеңбері:

Балалар шеңбер құрып тұрады. «Болайықшы осындай» әнін үнтаспаға қосылып айтады.



Әңгімелесу

Мұғалім оқушылардың еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсініктерін білу мақсатында төмендегідей әңгімелесу сұрақтарынберіп, пікірлеседі.



  • Еңбектену адамға не үшін қажет?

  • Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?

  • Өзіңді еңдекқомын деп манайсың ба? Неліктен?

Мәтінмен жұмыс

Сабақтың тақырыбын таныстыра отырып,еріншек пен еңбексүйгіш туралы балаларда түсінік қалыптастыру мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру.

Мәтінді әңгімелеп беру. «Еңбексүйгіштік пен Еріншек» ертегісі.

Балалардың түсініктерін байқау мақсатында сұрақтар қою.



  • Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер

  • «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Еңбексүйгіштің бойындағыжақсы қасиеттерді атап беріңдер.

Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:

-Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді.Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады.Ал еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін өзі әрең көреді.



Сергіту сәті

Еңбек


Қырға шықсаң,өрлеп (Қолдарын кезек –кезек жоғары көтереді.)

Мұның аты-еңбек. (Екі қолын жаяды.)

Кесте тіксең, зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді.)

Мұның аты-Еңбек. (Екі қолын жаяды.)

Сабағыңа жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)

Әзірленсең-Еңбек.

Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)

Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)



Тапсырма

Оқушыларға «адал еңбек», «өнімді еңбек» деген ұғымдарды қалай түсінетіндері туралы айтып беруді тапсыру.



Дәйексөз

Бабалардың жауаптарды дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.

-Еріншектік,жалқаулық әңгімеде айтылғандай бір қиындықтан екінші кедергіні тудырады,жолын болдырмайды.Нәтижесінде көңіліңде,қарның да тоқ болмайды. Сондықтан да ұлы Абай атамыз «Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап»деп айтқан болатын.

Шығармашылық жұмыс

Сабақта оқушылардың алған білім-біліктерін іс жүзінде көрсете алуларына жағдай туғызу үшін

«еңбек пен бақыт-егіз» мақалын көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау әдісімен талқылау.

Сабақ тақырыбының мазмұнына сәйкес тапсырмасы беріледі.

- М.Әлімбаевтың «Ұшпақ па әлде еріншек пе?» «Менің оған нем кетті»өлеңдерін салыстыра оқыту.



Жаңа ақпарат

«Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа,шаттыққа бөленеді» деген жаңа ақпаратпен таныстырып, олардың алған білімдерін толықтырып бекіту.



Тапсырма

Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тиянақтау мақсатында «Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беріңдер» деген тапсырма беремін.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма: Дәптерде берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазыңдар. Жазғандарын салыстыра отырып өз қорытындыларын шығарту.

2-тапсырма: Мақалдарды оқытып,түсініктерін айтқызу.

«Еңбек- ырыстың бұлағы, бақытттың шырағы».

«Адал еңбек, алғыр ой-анық досың біліп қой»

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Қорытындылау

-Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық-еріншектік. бұл әдет- бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді.Осыған байланысты Абай атамыз 38-қарасөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек.Әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық,-деген екен».



Жүректен жүрекке

Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне жақсылық , ізгі тілектерін білдіреді. «Еңбек» атты өлеңді оқыту.




Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан

23-ші сабақ.16-ақпан.2011- жыл.

Сабақтың тақырыбы: Төзім мен табандылық

Мақсаты: Оқушыларға «төзімділік», «табандылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру.

Міндетттері:

-төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығынтүсіндіру;

-төзімділікке,табандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер, қарағайдың сұлбасы, қағаздан жасалған «ағаш бүрлері».

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып тұрады. Үнтаспаға қосылып ән шырқайды.

Мектеп полькасы

Сөзін жазған: Т.Молдағалиев

Әнін жазған: И.Нүсіпбаев

Біз бейбіт ел ұланы,

Өнер-білім ұраны.

Алдымыздан жақсы арман

Күлім қағып тұрады



Қайырмасы:

Біз-батыр ел жастары,

Бақыт алға бастады.

Тербетіліп алтын дән

Теңіздейін толқыған.

Даламызда тасқындап,

Еңбек күйі шалқыған.

Қайырмасы:

Әңгімелесу


  • Төзім,табандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндің бе?

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыра отырып, төзімділік,табандылық туралы түсінік беру мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру.

Р. Әбілқадырова «Әдемі әже» әңгімесін оқу.


  • Әңгімеде

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа қамқорлық.

Мақсаты: Оқушылардың табиғат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекіліктер: дәптер,оқулық,ақ қағаз.

Шаттық шеңбері: - «Мен де балғын гүлмін.» әнін орындау.

Арасында гүлдің,

Ойнап бүгін жүрдім.

Қызыл,көкшіл,сары

Әп әдемі бәрі.

Бірі сондай ірі

Ал нәп нәзік бірі.

Дейтін көкем: күнім

Дейтін апам: гүлім

Енді ғана білдім-

Мен де балғын гүлмін!

Әңгімелесу:

-Табиғатқа қамқорлық дегенде нені түсінесіңдер?

-табиғатқа не үшін қамқорлық жасау керек деп ойлайсыңдар?

-табиғатқа қандай қамқорлық жасап көрдіңдер?

-Балалар, табиғат-ана біздің жанымызға жомарттық,кеңпейілдік,көңілімізге мөлдірлік,сезімге асқақтық сыйлап отыр.Ата –бабамыздан келе жатқан жасыл желекті ,ну орманда ,ғажайып көлдерді сақтап,келес ұрпаққа жеткізу –біздің міндетіміз.

Мәтінмен жұмыс: Мәтінді әңгімелеп беремін: «Атаның өнегесі» әңгімесі.

Оқушылар түсінігін байқау мақсатындағы қойылатын сұрақтар:

-шығармашылық тапсырама. СЫНЫП 3 ТОПҚА БӨЛІНІП 1 ТОП актерлер,2 топ журналистер,3 топ суретшілер тобы болып бөлінеді. 1 топ актерлер тобы әңгіме желісі бойынша көрініс көрсетеді. 2 топ журанлистер оқушылармен сұхбаттасады.

Журналистер тобының сұрақтары:

-Атасы немересін неліктен жол үстінде тоқтатты?

-«Жол жүрсең жоралғыңды сақта » дегенді қалай түсінесің?

-Атасы мен немересінің бұлақ көзін ашуын табиғатқа қамқорлық деп айтуға бола ма?Неліктен?

-Атасы мен немересінің табиғатқа қамқорлығы тағы қандай істерінен білуге болады?

Бала жауаптары тыңдалады.
Келесі суретшілер тобының суреттері көрсетіліп,әңгімеленеді.

-Жол үстін ,жол жиегін тазалау ,бұлақ көзін ашу,ағаш отырғызу сияқты кей істер қарапайым көрінгенмен ол өте игілікті іс.Өйткені мұндай істердің шарапаты ,жақсылығы ,пайдасы тиеді. Ал отырғызылған ағаштар орманға айналып,көлеңкесі мен оның таза ауасымен бүкіл халық тыныс алады.

Тапсырма . Оқушы білімін тиянақтау үшін.

-Табиғатқа өздерің қандай қмқорлық жасадыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

1 т. Табиғатқа тіл бітсе... айдарымен онда ол адамға қандай өтініштер айтуы мүмкін.

2.т . Қазақстан қорықтарын қалай жақсартуға болады. Ойларыңды жазыңдар.

Жүректен жүрекке:Балалар шеңбер құрып тұрып табиғатқа қамқорлық керек, өйткені...

табиғатқа қамқорлық керек, өйткені...

табиғатқа қамқорлық керек, өйткені... деп өз ойларын айту.

Күні: 14.03.2011 4 «А» сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа қамқорлық.

Мақсаты: Оқушылардың табиғат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекіліктер: дәптер,оқулық,ақ қағаз.

Шаттық шеңбері:

Ана,бала,қала,дала , айнала,

Ай мен күн ,жұлдыз ,аспан , табиғат,

Шөбі жұпар,суы кәусар сай сала,

Бүкіл әлем аманбысың,жамиғат!

Әңгімелесу:

-Табиғатқа қамқорлық дегенде нені түсінесіңдер?

-табиғатқа не үшін қамқорлық жасау керек деп ойлайсыңдар?

-табиғатқа қандай қамқорлық жасап көрдіңдер?

-Балалар, еліміздегі қорықтарға бөлінген жерлерге ешқандай шаруашылық жұмыстар жүргізілмейді. Табиғат байлықтары ерекше бақылауда болады. Сондай қорықтардың бірі марқакөл қорығы. Марқакөл қорығы туралы айтылады. Қорықта 1000 нан астам өсімдік,құстардың 250 ге жуық түрі,ал сирек кездесетін жануарлардың сан түрі кездеседі. Мұндай табиғат байлықтарын сақатп қалуда қорықтың орны аса зор.

Мәтінмен жұмыс: Мәтінді әңгімелеп беремін: «Табиғат ана.» әңгімесі.

Тапсырма. Оқушы білімін тиянақтау үшін.

-табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесің?

-табиғат-ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер?

Дәйексөз: «Біз табиғатты ата-бабамыздан мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық» деген халық даналығының мәні түсіндіріледі.

Біздің ата-бабамыз ұрпағы үшін табиғатты аман есен сақтап ,баптап,бізге жеткізіп отыр. Осы мұраны жоғалтпай келешек ұрпаққа тапсыру бізідің мойнымыздағы қарыз.Ол үшін өз ауылымыздың ағашы мен бұтасын кеспей, көктем сайын ағаш егіп, су көздерін тазалап отыру ауаны таза ұстау-біздің міндетіміз.

Дәптермен жұмыс: Айтылған ойларды пысықтау үшін М.Қуанышбековтың «Отырғыз ағаш көктемде» өлеңіндегі сұрақтарға жауап береді.

Жүректен жүрекке: «Мен қабылдайтын шешімдер.»

-табиғатты таза ұстауға шешім қабылдаймын.

-Табиғат қамқоршысы ретінде бұлақ көздерін тазалар отыруға шешім қабылдаймын.

-табиғатты көркейту үшін әр жылы ағаш егіге шешім қабылдаймын.

Балалар «Туған елдің ұланымын»өлеңін оқиды.

Күні: 04.03.2011 4 «Ә» сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Жер-ана.

Мақсаты: Оқушылардың табиғат,жер ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекіліктер: оқулық,маркер,сюжетті суреттер.

Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбер құрып ,мұғаліммен брге өлең жолдарын айтады.

Тілек.


Шөліркемей гүл тұрсын, Ортақ бізге туыстық,

Жерім жайнап құлпырсын. Нұр сыйлаған күн ыстық,

Нұрын сыйлап біздерге, Ыстық бізге кең өлке.

Көкте мәңгі күн тұрсын. Ыстық бізге тыныштық.

Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады.

-Бүгін сендермен Жасыл мемлекеттегі бір Патшалық туралы әңгімелескім келеді. Бұл патшалық әлемдікті,сұлулық пен көркемдікті,тыныштық пен тазалықты жақсы көреді.Ал осы патшалықта кімдер тіршілік ететінін табасыңдар.

М: Құстың ,судың,адамның,жан-жануардың түрлі дыбыстар естіртемін. Сол дыбыс ненің екенін табасыңдар. Балалал жауабы тыңдалып, тақырыптың «Жер-ана»екенін хабарлаймын.

Әңгімелесу: Әңгімелесу сұрақтары қойылып,әңгіме өрбиді.

-Жермен сырласа білесің бе?

-Неліктен адамдар жерді анаға теңейді.

-Жермен жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласыңдар?

Мәтінмен жұмыс:

Жер –ана ұғымының мәнін түсіндіру үшін «Көктем иісі» әңгімесін оқу ұйымдастырылады.

Жаңа ақпарат: Адамның өмірі жермен тығыз байланысты. Жерден қасиетті ,жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде ел бар. Жер-адамзаттың өмірге келіп көзін ашқанна бері тербеткен алтын бесігі. Адам өзінің туган жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін жүректен шыккан құдретті сөзбен сазды әуенмен жырлаған.

Тапсырма. Оқушы білімін тиянақтау үшін.

-Өз туған жерің туралы әңгіме құрастыр.

Сахналау. Сахналау үшін «Жер ана тұншықса» тақырыбына жазылған әңгімені оқып,сахналайды.

Дәйексөз: «Баптағанға –жер жомарт» деген халық даналығының мәні түсіндіріледі.

Біздің ата-бабамыз ұрпағы үшін табиғатты аман есен сақтап ,баптап,бізге жеткізіп отыр. Жерді күтіп,баптап,таза ұстау керек.Жеміс –жидектер де әсем гүлдер де,тіпті дәнді дақылдар да ұдайы суарып,күтіп баптағаннан кейін көбейе түседі.

Шығармашылық жұмыс: Алдарыңда жатқан қағаздан жерде тіршілік ететін жерге көрік беретін тіршілік иелерінің суретін салып,коллаж дайындаңдар.

Дәптермен жұмыс: Түйген ойларын пысықтау үшін аяқталмаған ойды өз ойларымен жалғастырып жазуы тиіс.

Жер—бәріміздің анамыз.Онсыз тіршілік жоқ. Өйткені...

Жер-бәріміздің асыраушымыз.Өйткені...

Жер –анамыз дейтін себебіміз...

Қорытындылау. Мұғалім: -Ия балалар тамағымыз да киімімііз де ,кітаптарымыздың жасалуы да осы жер ананың көмегі зор. Тіршілік етуші жан жануар мен құстар ға қамқоршы адамдар ғана екенін ұмытпаңдар.

Жүректен жүрекке: «Мен қабылдайтын шешімдер.»

-табиғатты таза ұстауға шешім қабылдаймын.

-Табиғат қамқоршысы ретінде бұлақ көздерін тазалар отыруға шешім қабылдаймын.



-табиғатты көркейту үшін әр жылы ағаш егіге шешім қабылдаймын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет