Сабақтың тақырыбы : paint графикалық редакторы Сабақтың мақсаты



Дата17.06.2018
өлшемі343 Kb.
#43133
түріСабақ
Күні: 8.12.15

Сыныбы: 5

Пән мұғалімі: Хамина Жансая Қайратқызы

Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Paint графикалық редакторымен жұмыс жасауды үйрету.

1. Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой- өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

3.Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: тірек-сызбалар, компьютер, слайдтар, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары: венн диаграммасы, «Информатика» оқулығы 5 сынып

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, математика, тарих

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.

  • Редакторды іске қоса алады.

  • Сурет салу кезеңдерін білетін болады.

  • Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

  1. Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады?

  2. Дискідегі файлды қалай табуға болады?

  3. Ақпаратты компьютерге қалай сақтаймыз?

  4. Сақтау және Қалай сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде?

  5. Ақпаратты дискіден қалай оқимыз?

Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға тапсырма беріледі.

Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы. Оқушылар өз ойларын айтады.





Жаңа сабақ. Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.

-Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз PAINT графикалық редакторы



Мағынаны тану

1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

2. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Пуск - Барлық бағдарламалар - Стандартты - PAINT Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады



PAINT терезесімен таныстыру.



Сурет салу кезеңдері

 Құралды таңдап алу PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін,тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

 Сызықтың қалыңдығын,қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап,бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

 Кескіннің түсін таңдау Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек

 Фонның түсін таңдау Фонның түсін таңдау үшін,палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш,көпбұрыш,эллипс,дөңгеленген көпбұрыш)

3. PAINT графикалық редакторының құралдары

-Сендер бейнелеу сабағынан сурет салғанда қарапайым құралдарды пайдаланасыңдар сол сияқты графикалық редакторда да өзінің құралдары бар. Енді солармен танысайық.

-Линия (сызық) –түзу сызық сызу үшін керек

-Тік төртбұрыш –боялмаған және боялған тік төртбұрыштар салуға болады.



-Дөңгеленген тік төртбұрыш-бұрыштары дөңгеленген,іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.

-Эллипс -іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады.

-Қисық сызық-қисық сызықтар сызу үшін керек.

-Көпбұрыш-көпбұрыш салу үшін керек.

-Құю-оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады.

-Бүріккіш-бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.

-Қылқалам-тұйық емес контурды бояуға арналған

-Өшіргіш- қате жерлерді кетіру үшін пайдаланылад ы.

Редактордың командалары

Редакторда салынған суретін ойдағыдай болмаса, соңғы үш әрекет арқылы түзетуге болады. Ол үшін Правка- Отменить(орындатпау) Түзеткен қателеріңізді қайтадан қалпына келтіргіңіз келсе, Правка- Повторить командасы арқылы тек соңғы үш әрекетті бастапқы қалпына келтіруге болады.



Суретті қалай сақтайды? Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны арнайы дискідегі файлда сақтаған жөн. PAINT программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін «Файл-сохранить как» командасын орындау керек. Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады Сохранить как командасының терезесі Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек. PAINT редакторында салынған суреттің кеңейтілімі -.bmp

Мәтіні бар сурет салу. Суреттің үстіне мәтін жазу,қосу үшін мынадай құрал пайдаланылады -Надпись(жазу) –мәтін жазуға арналған Қазақша мәтін жазғыларыңыз келсе қаріптің типін «Times New Roman» типіне қоямыз. Жазылған мәтінді курсив, жартылай қалың немесе астын сызып жазуға да болады. Ол үшін мына қаріп тақтасын пайдаланамыз. Қаріп (Шрифты) тақтасы.

Суреттерді қалай ашады? Сақталып тұрған суретті ашу үшін «Файл-открыть» командасын орындау керек. Экранда диалогтық терезе ашылады, оған меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып ,екі рет шертеміз.

Суретті қағазға басып шығару. Суретті қағазға басып шығару үшін «Файл-печать» командасын орындаймыз. Баспа (Печать) диалогтық терезесі пайда болады. «Печатать» бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп «Число копий» өрісіне қажетті дана санын енгіземіз де ОК батырмасын шертеміз.
Бекіту: ІҮ. Бүгінгі тақырыбымызды қалай меңгердік? Тест арқылы табайық
1. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз
А) Пуск – программы – Paint
Б) Пуск – Paint
С) Пуск – программы – Стандартные – Paint
2. Графикалық редакторды көрсетіңдер
А) MS Word
Б) Paint
С) MS Excel
3. Paint графикалық редакторда қанша құрал бар
А) 19
Б) 13
С) 16
4. Жазу құралы дегеніміз не
А) Түзу сызық салуға арналған
Б) Көпбұрыш салуға арналған
С) Сурет ішіне мәтін орналастыруға арналған
5. Құю (Заливка) құралы дегеніміз не?
А) Кез келген сызықты сызуға арналған
Б) Суретті өшіруге арналған
С) Кескін немесе фон түсімен бояйды

Сабақты қорытындылау: Paint графикалық редакторымен жұмыс жасауды үйрету.

Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырып бойынша «Менің бөлмем», «Менің сыныбым», «Менің мектебім» тақырыптарының біреуінде сурет салып келу.

Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет