Сабақтың тақырыбы : Паралелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, олардың қырлары өзара орналасуы, биіктік



Дата25.08.2017
өлшемі54,97 Kb.
#27246
түріСабақ
Күні: 27.04.2017

Сыныбы: 9 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Паралелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, олардың қырлары өзара орналасуы, биіктік

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:
Паралелепипед,призма,пирамида және олардың қырлары және орналасуы мен танысу.

2. Дамытушылық: Математикалық тіл байлығын дамытып, есеп шығаруға қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелік: Алғырлық пен аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, кері байланыс әдісі т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, макет, интерактивті тақта, плакаттар,

түрлі түсті стикер.



Пән аралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

а) Оқушылармен амандасып, түгендеу.

ә) Сыныптың сабақты бастауға дайындығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

№ 712 есеп тақтаға шығарылады және жаңа сабаққа байланысы бар өтілген материалдарды фронталды сұрақтармен қайталанады.

1.Жазықтықта орналасқан фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым саласы ? (планиметрия)

2.Кеңістіктегі денелерді зертейтін ғылым саласы қалай аталады ? (стереметрия)

3.Қиылыспайтын бір түзуде жатпайтын түзулер қалай аталады ?

(Айқас түзулер)

4. Бір жазықтықта жататын және қиылыспайтын түзулерді қалай атайды ?

(Параллель түзулер)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Стереометрияда бірнеше жазықтықта көпбұрыштармен шектелген фигураны көпжақты фигура (көпжақ) деп аталады. Мұнда көп бұрыш төбелері көпжақтың төбелері, ал қабырғалары көпжақтың қырлары деп аталады.Мысалы: параллелепипед, призма, пирамида т.б.



Әрбір жағы паралеграмм болып келетін көпжақты параллелепипед деп аталады. А В С D және паралеграмдары оның табандары, ал өзге жақтары оның бүйір жақтары деп аталады.Егер параллелепипедтіңбарлық жақтары тік төртбұрыш болып келсе, онда мұндай параллелепипедті тік параллелепипед деп аталады. Призма- бұл фигура ерте ғасырлардан белгілі.Призма пішіндес заттар үйлер салғанда кеңінен қолданады.Призма сөзі гректің prisma-«кесілген бөлік» сөзінен алынған.Екі жағы паралель жазықтықтарда жататын өзара тең көпжақтар, ал қалған жақтары параллеграмм болып келген көпжақты призма деп атайды. Табандарының арасында оларға перпендикуляр орналасқан кесіндіні призманың биіктігі деп аталады. Табандары өзара тең жіне параллель жазықтықтарда орналасқан , ал бүйір жақтары тік төртбұрыш болып келген фигураны тік призма деп аталады. Тік призманың биіктігі оның бүйір қырына тең. Бүйір жақтары параллеграмм болып келген призманы көлбеу призма деп аталады.Егер тік призма табандарында дұрыс көпбұрыштар болса, онда оны дұрыс призма деп атайды.Көпжақтардың ерекше қызықты түрінің бірі- пирамида.Кеңістікте көп жақты бұрыштың оның төбесі арқылы өтпейтін жазықтықпен шектелген бөлігі-пирамида деп аталады, Күнделікті өмірде де естіп көріп жүргеніміздің бірі- мысырдағы пирамида.Пирамида біздің ел ордамызда да бар яғни, бейбітшілік пен келісім сарайы.

ІV.Бекіту.

№745

Тік бұрышты параллелепипедтің табанының қабырғалары а-ға және b-ға, ал биіктігі һ-қа тең.



1) а = 3 см, b = 5см, һ = 6 см;

2) а = 2,5 м, b = 0,4 м, һ = 7 м;

3) а = см, b = см, һ = 8 см;

4) а= 5 дм, b = 7 дм, һ = 2 дм

деп алып ,параллелепипедтің бүйір беті мен толық бетінің ауданын және көлемін табыңдар.

№746


Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табанының қабырғасы а, биіктігі һ, бүйір қыры l .

1) а = 2 см, һ = 4 см;

2) а = 2,5 м, һ = 3,2 м;

3) а = 6 дм, l = 5 дм;

4) һ =12 см, l = 13 см деп алып, оның бүйір бетінің ауданын және көлемін табыңдар.

№747


Дұрысүшбұрышты пирамиданың табаның қабырғасы а,

биіктігі һ , бүйір қыры l .

1) а = 5 см, һ = 7 см;

2) а = 2м, һ = 4 м;

3) а = 8 дм, l = 5 дм;

4) һ = 5 см, l = 13 см

деп алып, оның бүйір беті мен толық бетінің ауданын және көлемін табыңдар.

V.Сабақты қорытындылау:

1.Кері байланыс

2.Үйге мапсырмасы : №749



3.Бағалау:
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет