Сабақтың тақырыбы : Парыз азаматтық арқауы Құндылық : ақиқат



бет3/6
Дата05.02.2022
өлшемі65,26 Kb.
#25688
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Үй тапсырмасын тексеру.

  • Оқулықтың 49 бетіндегі Т.Әбдірахманованың «Намыс» өлеңін оқып, талқылау





  1. Дәйексөз

Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Халық мақалы
3.1. Дәйексөзді оқыту
3.2. Дәйексөздің мәнін ашу.
- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Дәптерге жазу.




  1. Азамат_дегенді_халық_қалай_түсінеді__М.Қозыбаев'>Әңгімелеу. Азамат дегенді халық қалай түсінеді?

М.Қозыбаев
Азамат- деп пенденің кәмелетік жасқа келіп, төлқұжатқа ие болған кезін атайтыны рас, ал іс жүзінде кең мағынадағы Азамат – әке-шешесінің ғана емес, ел баласы болып өскен, елінен ауа жүріп емес, халқымен бірге өмір кешкен, қиын-қыстау жерде замана түйнін шешкен парасатты жанды айтады.
Азамат деп – ата-ана, ел үмітін ақтаған, Отан сенімін бойтұмар қылып сақтаған, достың сырын шашпаған, зұлымдық жолын баспаған, сегіз қырлы бір сырлы, арлы жанда айтады.
Азамат деп – ата-анасының жанынан ұзап, ат жалын тартып мініп, қатарынан озып, биіктерге қол созып, мен боламын, тезірек өсіп толамын деген екпінді де қарымды талапты жасты айтады.
Азамат деп – қиын сәтте тәуекел қайығына қаймықпай мінетін, шаршап-шалдыққанға, қайғы басып қамықанға көмекке келіп, шапағатын аямаған ерен ерді айтады.
Азамат деп – ата-анасына, еліне, халқына адал, туысқанға бауырмал ізгі жанды айтады.
Азамат деп – қай істі болса да өнер деп білген, өнер жолын еңбек жолы деп сүйген, Отаны үшін жалынға шарпылып, отқа күйген ел перзентін айтады.
Азамат деп – ез болып отыра бермейтін, замана талқысына көнбейтін, талап пен талантын жегіп, терін төгіп, құлашын кең сермейтін батыл да батыр өр адамды айтады.
Азамат деп – қате басқан жері болса, қайталап түзеп, өз мінін өзі мінеп, сүрінсе мұқалмай, бір тізерлей тік тұрып, қайта түлеп, озық кеткен қатарына жетіп, одан әрі өтетін қайран есіл ерді айтады.
Азамат деп – алды тар, арты жар күрес жолында өзі құласа да, тіккен туды құлатпаған, артын шулатпаған, тірісінде есімі аңызға айналған біртуар ұлды айтады.
Бір сөзбен айтсақ, қазақтың азамат туралы ұғымы ресми ұғымнан кең. Оның тамыры ұлт тарихында, ұлттың тілі мен ділінде жатыр, әлемдік рухани, гуманистік құндылықтарда оның қайнарлары бар.
Сұрақтар:
1. Мәтінде Азамат ұғымын қалай сипаттаған?
2. Неліктен Азамат туралы ұғым ресми ұғымнан кең?
3. Нағыз азаматқа тән қасиеттерді атап беріңдер?
4. Қазіргі заманда «нағыз азамат» деп кімдерді айтар едіңдер?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет