Сабақтың тақырыбы : Power Point бағдарламасында презента цияны басқарудың қосымша мүмкін-діктері



Дата21.04.2017
өлшемі103,39 Kb.
#14267
түріСабақ
Сергеев қазақ тірек орта мектеп-интернаты

Ашық сабақ
Power Point бағдарламасында презентацияны басқарудың қосымша мүмкіндіктері
11а сынып
Өткізген: Рахимберлин А.Ә.

2005 жыл


Сабақтың тақырыбы: Power Point бағдарламасында презента-

цияны басқарудың қосымша мүмкін-діктері

Сабақтың тақырыптық мақсаты: Презентацияны басқарудың жаңа

мүмкіндіктерімен таныстырып, жұмыс істеу принципін түсіндіру

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жаңаша, шығармашылық тұрғыда

ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары жауапкершілікпен қарай білетін адамды қалыптастыру; іздендіру, танымдық біелсенділіктілерін арттыру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеудегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және келешекте өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, ұлттық салт-дәстүрге тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ (жаңа сабақ пен жарыс сабағы)

Пәнаралық байланыс: Математика, халықтық педагогика,

Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер, плакаттар, слайдтар және кодоскопқа қоятын карточкалар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі (Келген қонақтармен амандастыра отырып балалардың назарын өзіме аудару)
Сабағымызды бастайық. Бүгін жаңа сабақ өтеміз және жарыса отырып үй жұмысын қайталап, жаңа сабақты практикалық игеруді де жарыса отыра жүргіземіз. Ол үшін үш топқа бөлінейік, өтіп жатқан бағдарламаларымыз Power Point болғандықтан топтардың аттарын келесі түрде ұйғарайық.

1-ші топ Слайд тобы

2-ші топ Анимация

3-ші топ Презентация тобы болсын, әр топ өз басшысын сайлап алсын. Енді сендердің жарыстарыңа оң баға беретін әділ қазылар алқасын сайлайық. Әділқазылар 5 ұпайлық жүйемен әр жарыстарыңа ұпай беріп отырады 5 мин
Үй тапсырмасын тексеру: Өткен материалды тексеруді "Бәйге" деп атайық

Бәйгеден қай топ озып алда келеді екен. Ол үшін әр топтың аты жазылған компьютерлеріңдегі жұмыс столындағы "Информ" бумасын ашып "Үй жұмысы" файлын ашыңдар. Берілген Power Point бағдарламасының терминдеріне байланысты құрылған сканвордты қай топ бірінші шешеді екен. Әр жолдың нөміріне басқан сайын сол жолдың сұрағы шығады. "кейін" батырмасымен сканвордқа қайтып оралуларыңа болады. Жауаптарыңды мына қағазға толтырып жазасыңдар да қай бірінші болғаның әділқазыларға тапсырасыңдар. 7 мин.



Көңілді тапқыштар, алғырлар

Бар өнерін алдарыңа салады

Кім білімді, көп оқыған болса егер


Бүгінгі күн жеңімпаз топ болады деп сәттілік тілеймін.

Уақыт біткесін жинап алып әділқазылар алқасына тапсыру


Әлгідегі сканворд жазылған презентацияда біз керекті слайдқа батырманы басу арқылы оңай ауыса қойдық. Осындай презентацияны жасауға бүгінгі сабағымыздың берері өте мол. Ендеше дәптерлеріңе бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жазыңдар.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:


Power Point бағдарламасында презентацияны басқарудың


қосымша мүмкіндіктері. 15 мин

Бұған дейін біз сендермен презентацияны жасап ондағы объектілерге әртүрлі анимациялар қойып демонстрация режимінде слайдтардың орналасу ретімен толығынан тамашалайтынбыз. Ал бүгін сендермен жасаған презентацияларыңның кез келген слайдына ауыса қоятындай батырмалар жасап үйренеміз.




Ол үшін Power Point бағдарламасында пайдаланылатын барлық объектілерге суреттердің, автофигуралардың, WordArt объектілерінің біреуін белгілеп аламызда "Показ слайдов"\"Настройка действия" батырмасын басамыз. Ашылған "Настройка действия" терезесінде "Перейти по гиперссылке" опциясына белгі қоямыз. Осы опцияның таңдау батырмасын керекті жұмысты әлгі объектіге тапсырамыз. Кодоскопқа қараңдар. Мысалы слайд батырмасын таңдасақ осы презентациядағы барлық слайдтар тізіліп жазылған терезе шығады, бізге тек қана әлгі батырмаға тапсыратын жұмысымызды тапсыру ғана қалды. Осындай операцияларды орындағаннан кейін бірден презентацияны сақтап отыру керек. Біз бұған дейін сендермен жасаған презентациямызды басынан аяғына дейін тамашалап отыратын болсақ енді сол презентацияның керекті слайдына тез көше қою мүмкіндігіне ие болдық. Объектілерге осындай тапсырма бере алу мүмкіндігі презентацияның мүмкіндіктерін арттыра түседі.


Енді осы мүмкіндіктерді пайдаланып математика пәнінде презентацияны қойып көрсейік. Ол үшін манағы Информ бумасындағы квтендеу файлын ашыңдар.

Бұл файлда осы бүгінгі сабағымызда танысқан батырмамыздың мүмкіндіктерін пайдаланылып, квадрат теңдеуді жан-жақты қарастыруға мүмкіндік беріп тұр


Келесі, бүгінгі алған білімдеріңді пайдаланып кигіз үй туралы презентация құру.

Сабақты пысықтау 15 мин

Пысықтау "Кигіз үй құру" сайысы деп атап өткізейік, біз сендермен кигіз үйді құрмаймыз, сол қазақтың кигіз үйі туралы презентация құрыңдар.

Міндетті түрде плакаттардағы шарттар орындалатын болсын


  1. "Настройка действия" батырмасы міндетті түрде қолданылуы керек

  2. Кигіз үйдің суреті бір слайдта түсіндірме мәтінмен болуы керек

  3. Кигіз үй элементтерінің суретін салып әрбіреуін түсіндірме мәтінмен слайдтарға орналастыру.

  4. Соңғы бет осы презентацияның мазмұны болып әр тақырыптың атына басқанда сол слайдқа көшетіндей етіп презенация құру.

Ал бастаңдар, біреуің кигіз үйдің суретін салумен айналысыңдар, біреуің кигіз үй туралы әңгімелеумен айналысыңдар, қалғаның мәтін терумен айналысыңдар, содан соң өз бумаларыңды жасап соның ішіне барлық қолданылған файлдардцы сақтаңдар.

(Балалар презентациямен айналысып жатқанда Кигіз үйдің макетін бөлменің ортасына қойып, ол туралы мағлұматтар беремін.)


Ортаға топ басшыларын "Айтысқа" шақырып "Презентация" деген жазуы бар парақ ұсынып кім осы сөзден көп сөз құрастырып шығады.

(Айтыс туралы айту, яғни айтыскер ақындар суырып салып берілген тақырып бойынша мадақтап шыншыл өлеңдер айтады, ал біз презентация сөзінен суырып салып сөздер құрастырайық)


Сабақты қорытындылау. Бүгін міне жаңа мүмкіндіктермен таныстық, олардың көмегімен презентацияны басқаруды үйрендік. Өмірде осы білімдеріңді қолдана аласыңдар ғой деп ойлаймын. Қандай сұрақтарың бар.
Бағалау Әділ қазылар алқасы жасаған презентацияларды қарастырып қай топ қанша ұпай жинағанын айтады.
Үйге тапсырма Қайталау

Әділқазыларға көмек

Информатикадан жарыс қорытындыларын белгілеу







Топтың аты

Бәйге

Кигіз үй құру

Айтыс

барлығы


1

Презентация













2

Анимация













3

Слайд































Плакаттағы мәтін


Міндетті түрде мына шарттар орындалатын болсын

  1. "Настройка действия" батырмасы міндетті түрде қолданылуы керек

  2. Кигіз үйдің суреті бір слайдта түсіндірме мәтінмен болуы керек

  3. Кигіз үй элементтерінің суретін салып әрбіреуін түсіндірме мәтінмен слайдтарға орналастыру.

  4. Соңғы бет осы презентацияның мазмұны болып әр тақырыптың атына басқанда сол слайдқа көшетіндей етіп презенация құру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет