Күні: 30.04.2020 ж.
Пән аты: Программалау
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. Borland Delphi-де мәліметтер қорын құру және өңдеу.
Жоспар:
1. Дельфиде мәліметтер қоймасымен жұмыс істеудің компоненттері
2. TTable компоненті
3. DataSource (деректер көзі) компоненті
4. DBGrid компоненті
5. DBNavigator компоненті
Дельфиде деректер қоймасымен жұмыс істеудің бірнеше компоненттер жиынтығы бар. Әрбір жиынтық белгілі бір есепті шешуге қолданылады. Олар деректерге қатынаудың әртүрлі технологиясын қолданады және мүмкіндіктері бойынша ажаратылады.
Деректерге қатынаудың негізгі компоненттері Data Access астарлы бетінде орналасады. Бұл компоненттер барлығы үшін жалпы және басқа компоненттер тобымен бірге қолданылады.
Кез- келген деректер қоймасының кестесіне қатынау үшін Data Access компоненттер панелінен TTable компоненті формаға орналастырылады.
Объектілер инспекторы терезесінің Properties парағында Table1 бъектісінің DatabaseName (Мәліметтер қоймасының аты) қасиетінде деректер қоймасы файлының аты беріледі.
Сонан соң Table1 объектісімен байланысты кестені көрсету талап етіледі. Қажетті деректер қоймасы кестесі TableName қасиетінен ашылған тізімнен таңдалады.
Осы кестелерге бағдарламадан қатынау үшін, олардың әрқайсысының Active қасиетіне true мәнін беру керек.
Data Access парағында орналасқан DataSource (деректер көзі) компоненті деректер жиынтығын визуал компоненттермен байланыстыруды жүзеге асыратын аралық элемент болып табылады. Компоненттің негізгі қасиеттері төмендегі кестеде көрсетілген.
Мысалы: DataSource1.DataSet:= Table1;
Data Сontrols (Деректерді басқару) парағында кестедегі деректерді бейнелеу және редакциялаудың компоненттері орналасқан. Бұл компоненттер деректерге қатынаудың қолданылатын технологиясынан тәуелсіз де қолданыла береді.
DataControls парағында орналасқан DBGrid компоненті деректерді электрондық кесте парағына ұқсас кестелік түрде бейнелеу және редакциялау үшін қолданылады. Бұл компонент көмегімен жазбалар қосуға жазбаларды редакциялауға және жоюға болады.
Бұл парақта орналасқан DBNavigator компоненті белсенді деректер жиынтығының жазбалары бойынша жылжуға, сонымен қатар деректер қоймасы кестесіне деректерді қосуға, жоюға және модификациялауға мүмкіндік береді. Бұл компонент батырмалардан тұратын панель болып
табылады.
Батырмалардың әрбіреуін VisibleButtons қасиеті көмегімен айыруға және іске қосуға болады.
BDE парағы Borland фирмасының жасаған Borland DataBase Engine атты технологиясы бойынша деректер қоймасына қатынауға мүмкіндік беретін компоненттерден тұрады. Бұл технология Paradox және Dbase типті деректер қоймасымен жұмыс істейді. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Paradox кестесі деректер қоймасын жасау үшін дамыған және ыңғайлы
формат болып саналады.
АDО (Active Data Object) парағында Microsoft корпорациясының жасаған деректеріне қатынау технологиясы бойынша деректер қоймасына қатынауға мүмкіндік беретін компоненттерден тұрады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Медешова А.Б., Мухамбетова Ғ.Г. «Turbo Pascal және Delphi тілдерінде программалау» , 2012 ж.
2. Э.А.Абдыкеримова «Delphi ортасында бағдарламалау», 2010 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |