Атырау облысы, Атырау қаласы
№33 Жалпы білім беретін орта мектеп
Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі
Сагинаева Бибигул
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
Ғ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.Дидактикалық материлдарды пайдалана отырып,балалардың ойлау қабілеттерін дамыту,қиялын дамыту.
Ғ дыбысы бар сөз,сөйлем ойлап табу,сөздік қорына мән беру,байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс –тәсілдері:
Түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,слайд көрсету.
Көрнекіліктер:
Кеспе әріптер,суреттер,әліппе-дәптерлері.
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастырушылық: «Бүгінгі күнгі ізгі тілек» .
Күн бейнесі .
-Табиғатқа жан бітіріп,жерге сәуле төгіп,айналаға шуақты нұрын шашатын
не?
- Күн.
Олай болса , күнмен сәлемдесіп алайық.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!
2.«Күн тапсырмасы»
Күн бейнесінің астына өтілген дыбыстардың және Ғ дыбысының әріп таңбалары салынған. Балалар өтілген әріптерді танып айтады.
Балалар әріптердің ішінде бізге таныс емес бір әріп бар екен. Бұл біздің бүгінгі өтетін жаңа дыбысымыз Ғ дыбысының әріп таңбасы.
-Ғ дыбысы туралы білгілерің келе ме?
-Иә.
Достарыңызбен бөлісу: |