Сабақтың тақырыбы : «Салауатты өмір-нұрлы болашақ»



Дата05.06.2017
өлшемі337,24 Kb.
#17672
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір-нұрлы болашақ»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Дамытушылық:Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелеу: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу

Көрнекілігі: қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері, ұлағатты сөздер слайдтар.

Сабақ барысы:

Жоспар

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Ой қозғау. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

ІІІ. Салауатты әдеттер бөлімшелеріне саяхат.



  • Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі

  • Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану бөлімшесі

  • Зиянды әдеттер бөлімшесі

  • Пайдалы кеңестер бөлімшесі

IV. Қорытындылау.

І.Мұғалім: Құрметті оқушылар «Салауатты өмір-нұрлы болашақ» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» деген екен.



Енді балалар маған мынадай сұраққа жауап беріңіздерші: салауатты өмір дегенді қалай түсенесіңдер? Осыған байланысты біз бүгін сыныбымызды 2 топқа бөлінеміз. Әр топ өздеріне тапсырған тапсырмалар бойынша дайындық жүргізіп, бүгінгі сабағымызда сол тапсырмаларды ортаға салып басқа топтармен білімдерімен алмасып,  «Салауатты әдеттер бөлімшелеріне» саяхатқа шыққалы отырмыз. Әр топтың жетекшісі, дәрігері, спорт маманы қызықты мәліметтер дайындады. Онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боламыз. Сонымен саяхатымызды бастайық



1-топ жетекшісі

Біз келген бірінші бөлімше «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі» деп аталады.

Оларды барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, есте сақтайтын болсаң, ешқашан да ауырмайсың, әрі сүйкімді, әрі мықты боласың.

Жеке бас тазалығының ережелері.  

-         Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;

-         Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;

-         Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;

-         Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;

-         Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;

-         Түшкірген немесе жөтелген кезде мұрның мен аузыңды беторамалмен жуып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;

-         Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;

-         Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің – ақ қолынан келетін іс;

-         Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;

-   2-оқушы  

    Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;

-         Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;

-         Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;

-         Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;

-         Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;

-         Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;

-         Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;

-         Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.

3-оқушы  

Тері тазалығы.

Адам денсаулығының кепілінің бірі – тері тазалығы. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.

Шаш және тырнақ күтімі.

Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады.

Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.

Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.

2-топ жетекшісі

2. Екінші бөлімше « Денсаулық және дұрыс тамақтану, дене шынықтыру бөлімшесі» деп аталады.

Ал енді дұрыс тамақтану ережелеріне келер болсақ.

Оқушының тамақтану кестесі.  

 Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің потенциалын көтереді.

Сағат 11-де (3 сабақтан кейін) тәтті бауырсақ пен шай немесе кофеден тұратын екінші ертеңгілік ас ішу керек.

Түскі ас міндетті түрде ыстық сорпа (кез келген), ет немесе балықтан жасалған қою тамақ, шырындар мен жеміс-жидектерден тұруы керек.

Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын сүттен немесе көкөністен жасалған тамақ болуы керек.

Өсіп келе жатқан өзіміздің ағзамызға жүйелі тамақтанбау, диета сақтап, ашығудың қажеті жоқ. Ертең ерте мектепке асығып, тамақ ішпей кету ағзаны әлсіретеді. Теледидар алдында кітап оқып отырып, жүріп келе жатып құрғақ тамақтар жеуге болмайды.




Қойылым: «Дәрігер кеңесі»

Мыналардан бойыңызды тасада ұстаған жөн:

-         Артық салмақ қосатын шамадан тыс калориялы тағамдардан;

-         Біркелкі тамақтанудан;

-         Қант пен тәттілерді шектен тыс пайдаланудан;

-         Мал өнімдері мен шұжық майларын мөлшерден тыс қолданудан;

-         Қуырылған, ысталған, тұздалған тағамдардан;

-         Күніне 6 грамға дейін тұзды азайтқан дұрыс;

-         Дайындалған тағамды бірнеше рет ысытудың қажеті жоқ. Өйткені, оның құрамындағы адам организміне пайдалы заттардың орнын тағамды бұзатын зиянды өнімдер алмастыруы мүмкін;



Табиғи дәрумендер

 Денсаулығымыздың ең жақын көмекшілері – дәрумендер. Олар біз танысатын «бөлімшеде» жеміс-жидек, көкөністерде өте көп мөлшерде болады.

4-оқушы  

А дәрумені. Теріге, шырыштың бөлінуіне, сүйектер мен тістердің қатаюына қажет. Малдардан алынатын тағамдарда болады: бауырда, сары майда, ірімшікте, жұмыртқада, балықтың майында, сары-қызыл, жасыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерде: шабдалы, итмұрын, қара қарақат, қарбыз, бұрыш, қырыққабат, ақжелкен, сәбіз, көк жуа .

В дәрумені. Ағзадаға зат алмасуды реттейді, қанның түйіршіктерінің қалыптасуына, асқазан –ішек қызметін қалыптастырады және т.б. В тобы дәрумендерімен қаныққандар: жармалар, астық тұқымдастар, атбас бұршақ, сүт және ет тағамдары, жұмыртқа, көкөністер, жаңғақтар.

 5-оқушы  



С дәрумені. Немесе аскорбин қышқылы, қан түйіршіктерінің қалыптасу процесіне қатысады, зақымданған тері мен шырыштың бөлінуін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.

 Д дәрумені. Сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальций мен фосфордың алмасуын реттейді.

 Е дәрумені. Барлық зат алмасу процесіне қатысады. Өсімдік майларының құрамында: күнбағыс, жүгері, соя. Сонымен қатар жұмыртқа сары уызы, бауыр, атбас бұршағы, қарақұмық сұлы дәруменіне өте бай.

6-оқушы  

К дәрумені. Қанның ұю процесіне қатысады. К дәруменінің негізгі көздері: итмұрын, орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, мыңжапырақ.

 Темір. Эритроциттер клеткаларын қалыптастыруға қатысады. Бауырдың, атбас бұршақтың, көкөністердің, шабдалының, қойбүлдіргеннің құрамында болады.

 Кальций . Сүйектердің және тістердің, нерв жүйесінің, жүрек және бұлшықеттердің қалыптасуына қажет. Сүт тағамдарының, көкөністердің, жеміс-жидектердің құрамында болады.
Бейнекөрініс «Денсаулық зор байлық»

Спорт маманы кеңесі:

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылдану  

 Деніміз сау, тәніміз таза азамат болып өсу үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Спорт денсаулықты ширатады, еңбекке қабілетті арттырады, әртүрлі ауруларға қарсы ағзаның иммунитеті күшейеді.

Спорттың түрлеріне келер болсақ. Түрлерін атау.

Жазғы спорт түрлері:                                               Қысқы спорт түрлері:

1.  Велоспорт                                                         1. Биатлон

2.  Ат спорты                                                         2. Тау шаңғысы спорты

3.  Жеңіл атлетика                                                3. Шаңғы жарыстары

4.  Гольф                                                                4. Мәнерлеп сырғанау

5.  Теннис                                                              5. Фристайл

6.  Футбол                                                              6. Хоккей

7.  Суда жүзу                                                         7. Шорт-трек т.с.с.

 -         Шынығу жаттығуларымен жүйелі айналысу керек;

-         Есіңде болсын, шынығу жаттығуларымен шамадан тыс айналысқан да қауіпті;

-         Әртүрлі еңбек қозғалыстарынан кейін, ағзаңды ширататын жаттығулар жасаған дұрыс;

-         Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек;

-         Ауыр заттарды көтеру зиян;

-         Орындықта дұрыс отыру керек;

-         Шаңғы тебу, ескек есу, баскетбол ойнау, т.с.с. жаттығулармен айналысқан өте пайдалы;

 Шыныққан шымыр адамның 6 белгісі.

 -         Өте сирек ауырады;

-         Көзінен от жалындаған, терісі де таза жан;

-         Ұйқысы да тыныш;

-         Алқынып-аптықпай 5 шақырым жерге дейін жүгіре алады;

-         80 жастан кем жасамайды;

-         Егер сырқаттанып қалса, тез сауығып кетеді.

Сергіту сәті «Қаражорға биі»


  1. топ

7-оқушы  

  1. ІІІ. Зиянды әдеттер бөлімшесі

Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:

  1. Қоршаған орта ластығы.

  2. Дұрыс тамақтанбау.

  3. Тұқымқуалаушылық.

  4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдау.

  6. Тазалықты сақтамау.

  7. Отбасындағы кері жағдайлар.

  8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.

1-топ

3-оқушы  



ІV. Пайдалы кеңестер бөлімшесі.

Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:



  1. Дұрыс тамақтану.

  2. Қоршаған орта тазалығы.

  3. Дене шынықтыру.

  4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

  5. Зиянды заттарды қабылдамау.

  6. Жеке бастың тазалығын сақтау.

  7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

  8. Эмоциялардың оң болуы.

Ойын «Кім көп біледі?» мақалдың жалғасын табу.
1. ...денсаулық кепілі.
2. Ішің ауырса,аузыңды тый,
Көзің ауырса ...
3. Шынықсаң ... боласың.
4.Денсаулық ... байлық.
5. ... Адамның арқауы.
6. Ауру батпандап кіреді, ... на көптен шығады, ...
7. Бірінші байлық – ...
8. Ауырып ем іздегенше, ...


Мұғалім :

Бүгінгі сабағымызда біз денсаулық туралы көптеген мәліметтер алдықҰлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет