1. Ұйымдастыру кезеңі Ақерке: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Біз сіздермен тәрбие жұмысы бағыты бойынша 2 апта жұмыс жасаймыз. Сабаққа белсене қатысуларыңызды сұраймыз. Практика соңында
сыныпқа және әр бір оқушыға мінездеме беріледі.
Еркеназ: Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Сақтансаң, сақ боларсың»
Біз осы тақырыпта жолда жүру ережелерін, от және су қауіпсіздік ережелерімен толығырақ танысайық.
2. Кіріспе Ақерке: Тәрбие сағатын бастамас бұрын, көңіл- күйіміз жақсы болу үшін ең алдымен көршімізбен сәлемдесіп алайық. Мен қалай сәлемдесу керектігін айтқанда сендер сол қимылды тез орындауларың керек. Көзбен, қолмен, иықпен, арқамен амандасу.
3. Жолда жүру ережелері, сұрақтар қою Ақерке: Жолда жүру ережелерін бұлжытпай орындау барлығымызға міндет. Бұл ережелер оқушыларға да, үлкендерге де, автокөлік жүргізушілеріне де қатысты. Бәріміз бұлжытпай орындауымыз керек.
- Балалар, сендер де көшеде қалай жүру керектігін білесіңдер ме, қане көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
Бірінші сұрақ: Балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?
Жауап: Көшеде жүру тәртібі
Екінші сұрақ: Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жауап:14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат
Үшінші сұрақ:Жаға жол деген не?
Жауап: Жаяу жүргіншілер жүру үшін үлкен жолдың жағасына салынған жол. Онымен тек қана жаяу жүргіншілер жүреді.
Төртінші сұрақ: Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?
Жауап:Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара6 ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр
Бестінші сұрақ:Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
Жауап: Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы.
4. «Бағдаршам» ойыны, «Саяхатқа шығу» ойыны Ақерке: Оқушылар тақтадағы бағдаршамның түстерінде деңгей бойынша сұрақтар жасырынған, соның ішінен біреуін таңдап, тапсырмасын орындау.