14 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің бақылауынсыз жүзу құралдарын пайдалануға тиым салынады.
Ыстық күн мен құмда «қыздырынып» болған соң салқын суға түсуге асықпаңыз.
Температураның тез ауытқуы қан тамырының қысқаруына, құлап қалуға әкеп соқтырады.
Егер бақытсыздық болған жағдайда есіңізде болсын! Зардап шеккен адамға тынысы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешікпей өмірге қайтаруға болады.
Зардап шегушінің басын бір жағына бұрып, аузын құмнан т.б. тазарту қажет, тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару қажет, осының барлығын 10 секунд ішінде істеу керек. Қан қысымының жиілігі мен тынысын анықтау қажет.