Сабақтың тақырыбы : Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан»



бет1/3
Дата05.02.2022
өлшемі64,43 Kb.
#18130
түріСабақ
  1   2   3

Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы -8 Пәні - қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: шығарманы өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу; адамның адам болып қалыптасуына басты рөл атқаратын адамгершілік құндылықтар туралы әңгімелесу; Сәйф Сараи еңбегінің рухани нәрін оқушы бойына сіңіру.
Дамытушылық: әңгімелерді оқи отырып, баяндауда сөйлеу дағдыларын арттыру, байланыстыру, ойлау жүйесін жетілдіру.
Тәрбиелік: адамгершілік, ізгілікке тәрбиелеу.
Табыстылық критерийлері: оқушылар тақырыптың мазмұынын түсініп, салыстырмалы талдау жасайды, көркемдік ерекшелігін анықтайды, өзіндік пікірін ортаға салады, сөздік қоры, сөздерді талдай білу дағдысы дамиды.
Сабақтың әдісі: диалогтік оқыту, оқулықпен жұмыс, жұптық жұмыс, сөздікпен жұмыс, тест-интервью, бестік диктант, кері байланыс
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Ресурстар: қима қағаздар, «Ежелгі дәуір әдебиеті» Н.Келімбетов
Сабақтың барысы:



Сабақтың кезеңдері

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І

Ұйымдастыру кезеңі

6 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді



ІІ

Үй тапсырмасын сұрау

5 мин.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар өз топтарында әңгімені талдап, бір оқушы түйінді ойды айтады.
Басқа оқушылар да өз пікірлерін айтып, толықтырып отырады. Оқушылар жауабы бағаланады.

ІІІ

Қызғушылықты ояту

6 мин.

  • Жұмысқа уақыт табыңыздар, бұл – табыс шарты.
    Ойлануға уақыт табыңыздар, бұл – күштің қайнар көзі.
    Ойынға уақыт табыңыздар, бұл – жастықтың құпиясы.
    Оқуға уақыт табыңыздар, бұл - білімнің негізі.
    Достыққа уақыт табыңыздар, бұл - бақыттың шарты.
    Арманға уақыт табыңыздар, бұл - жұлдыздарға жол көрсетеді.

  • «Даналық әңгіме» деп нені айтамыз?

Ата-ана
Дәріс
Мәдениет
Күтім

4 оқушы тақтаға шығып, берілген тақырып бойынша және өз бастарынан өткен даналық әңгімелер туралы айтуы тиіс.




Жаңа сабақ

6 мин.

- Бүгінгі тақырыбымыз Алтын Орда әдебиетінің негізін салушы Сәйф Сараи туралы болмақ. Сәйф Сараи Алтын Орданың Сарай қаласында туып, Египетті қыпшақ нәсілді Бейбарыс сұлтан билеп тұрған кезде, білім іздеп, сонда барады. Өзі: «Қамысты»деген жұрт менің туған елім еді, - дейді. Қамысты аталатын мекендер қазақ жерінде өте көп, сон- дықтан дәл қайда туғаны әзір анықталған жоқ.
Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан» (арабша аталуы: «Гүлстан би-т-түрки»атты кітап жазған. Бұл парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабынан» (1258ж) түркі тіліндегі аударма нұсқасы.
Кітап сегіз тарау, кіріспе, қорытындыдан тұрады. Алғашқы жеті тарауы бөлек-бөлек қысқа әңгімелерден құралған. Сегізінші тарауы нақыл, мақал-мәтелдерді жинақтаған. Ежелгі әдебиет дәстүріне сай, қара сөзбен жазылып (проза), арасына өлеңдер кірістіріліп отырған. Тарулары: «Патшалардың өмірі туралы», «Азға қанағат етудің артықшылығы», «Махаббат пен жастық», «Кәрілік пен әлсіздік», «Тәрбиенің ықпалы», «Қарым-қатынас ережелері», т. б деп аталады.
Сәйф Сараидің өз ойынан жазған төл туындысы - «Суһаил мен Күлдірсін». Бұл дастанда Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пен қыздың оқиғасын баяндау арқылы өз дәуірінің өзекті мәселелерін көтереді. Соғыс зардаптарын, оның қарапайым халыққа әкелетін қиыншылығын суреттейді. Бұл, әсіресе, өсиет-өнеге бағытында жазылған, адамгершілік, жақсы қасиеттерге үндейтін шығарма.

Өздеріне берілген тақырып туралы түсінік қалыптасады.

ІҮ

Жаңа сабақты меңгерту

6 мин.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет