Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңі
Білімділігі: Оқушыларды қазақ халқының аса көрнекті ақыны
С.Сейфуллиннің шығармашылығымен таныстыра отырып, «Біздің
жақта» өлеңінің мазмұны мен маңызын ашу;
Дамытушылығы: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,
оқушыларды шығармашылыққа баулу;
Тәрбиелілігі: Отанын, елін, туған жерін сүюге, табиғатын аялауға дағдыландыру.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: "Сынық вагон",«Ортада қаламсап»,«Еркін микрофон», «Графикалық органайзер»,«Топ поэмасы»
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа
Пәнаралық байланыс:музыка,география,өзін-өзі тану т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Ой қозғау»
Үй тапсырмасын "Сынық вагон" әдісі бойынша тексеремін.
М: - С.Сейфуллин кім? Өмір жолы туралы кім айтады?
(Оқушы жауабы)
М: - Біз өткен сабақта Сәкеннің қандай өлеңімен таныстық?
О: - «Сыр сандық» өлеңі (2-3 оқушыдан жатқа сұрау)
Өлеңді мәнерлеп жатқа айтқан оқушылар сарапшылар болып сайланып, "вагондарды" бір-біріне "тіркеу", " сынық вагонды" анықтайды..Қалған оқушыларға реттік нөмір таратылып беріледі.Бірінші нөмірлі оқушы ("бірінші вагон") мәтіннің мазмұнын баяндауды бастайды.Сарапшылар ол оқушыны кез-келген жерден тоқтатып келесі оқушыға ("вагонға") жалғастыруды бұйырады.Рельстен шығып қалған оқушыларға сабақты пысықтау үшін сұрақтар қоямын.
М: - Өте жақсы, балалар. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы қандай?
О: - Тақырыбы - достық, адамгершілік, адамның жан сұлулығы. Идеясы – абзал достыққа шақыру, жалған достықтан бойын аулақ ұстау.
Оқушыларды иллюстративтік суреттер арқылы топтарға бөлу.
ІІІ.Жаңа сабақ:
Міне оқушылар ,олай болса мен сендерді Сәкен аталарың жырында іздеген сертке берік,достыққа адал оқушылар деп санаймын.
Жаңа сабақтың алдында «Тілектер тізбесі» әдісі арқылы бір-біріне тілек айту.
1.Қолдарыңыздағы суреттен не байқап отырсыздар?
2. Бұл кімнің туған жері?
2.Олай болса оқушылар осы тамаша өлкеге саяхаттап шықсақ қайтеді.
Вагонымызды сайлап,достарымызды таңдап енді міне Сәкеннің «Біздің жақтасын» тамашалайық.
М: - Балалар, біз бүгінде қалың орман, құзды шатқалға жарасқан, тіп-тік шыңдай, тәні де, жаны да сұлу, кеудесі тұнған сырлы сандықтай Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын тереңірек оқи түсу үшін алдымен мына әуенге құлақ салып тыңдайық. (үнтаспадан С.Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңін Д.Таңатаровтың орындауында тыңдау)
М: - Өлең ұнады ма, балалар? Өлеңді тыңдағанда қандай ойда болдың?
О:Қазақстан кең байтақ. Байтақ даланың ішіндегі Сәкеннің жерұйық, кең жаһаны – Сарыарқа. Оны ақынның жалпы шығармасының өзегі деуге болады.
Бүгінгі күн жадысын мен сабақ тақырыбын жазып қойыңыздар.
ІҮ.«Ортада қаламсап» әдісі бойынша өлеңнің мазмұнымен танысу
І. Өлеңді мәнерлеп оқу (І топқа)
ІІ. Өлеңді қара сөзге айналдыру (ІIтоп)
Ү.«Еркін микрофон» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу
1.Өлеңнің тақырыбы мен идеясы қандай?
2.Ақын «Біздің жақта » өлеңін не себепті шығарған?
3.Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдың?
-Сарғайған сағыныш сазы Сәкен лирикасы арқылы әуен болып тұр, менің көңіл-күйім бұлтты күнгі ауа-райындай күңіренгендей болды.
4.Сәкеннің жерұйығы не,оның ажарын қалай асқақтатып суреттеген?
5.Арқаның табиғатын бізге жеткізген автордың еңбегіне көзқарастарың қандай?
-Туған жер, өскен ел жер бетіндегі байлықтан қымбат. Ел мен жер, адам мен табиғат Сәкен поэзиясының ажырамас бөлігі екендігі оның әсем әндерінен табылады.
6. Бұдан ақынның еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілігін қалай түсінуге болады?
ҮІ.Шығармашылық жұмыс
Ітоп: «Графикалық органайзер» әдісі бойынша өлеңдегі көркемдегіш құралдарды талдау .
ІІтоп:«Топ поэмасы» әдісі бойынша «Туған жер-тағдырым» тақырыбында әңгіме жазу.
ҮІІ.Сергіту сәті «Жаңғырық»
Сарыарқаның самалы
Желпіп бізді барады-ай
Сәкен ата елінің
Бөлек екен ажары-ай
Ер жігіті бір бөлек
Сұлу екен қыздары-ай
Оқығанда өлеңді
Таң-тамаша болам-ай
ҮІІІ.Сабақты қорытындылау.
ПОПС формуласы
Бірінші сөйлем «Менің ойымша...»
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен,мысалдармен дәлелдей аламын»
Соңғы сөйлем «осыған байланысты мен мынандай қорытынды шешімге келдім...»
ІХ.Рефлексия: «СМС» әдісі бойынша қоңырау шалу
Маған сабақта ұнағаны ...
Бүгін сыныптастарыммен... Жайлы ой бөлістік.
Мен бүгін................ екенін түсіндім.
Маған......................... түсіну қиын болды.
Мен..................... ...жайлы толығырақ білгім келеді.
Х. Үйге тапсырма
1. Өлеңді жаттау.
2. «Алыс кетсем мен сені аңсап жүрем...» тақырыбына ой-толғау,эссе,өлең жазу.
Кулагино орта мектебі
Тақырыбы: С.Сейфуллин«Біздің жақта»
Дайындаған: Кулагино орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Нургалиева Сайранби
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |