Сабақтың тақырыбы : Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты қойылатын сызықша



Дата26.08.2017
өлшемі92,46 Kb.
#29250
түріСабақ
Мырзашева Гүлмира Ғафуқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

М.Өтемісов атындағы орта мектеп

Атырау қаласы, Ракуша селосы

Пәні:қазақ тілі

Сыныбы.9-сынып

Сабақтың тақырыбы : Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты қойылатын сызықша

Сабақтың мақсаты : а) Сөйлемде сөйлем құрылысы жағынан толық болмай,сөйлем мүшелері түсіріліп айтылуына байланысты сызықшаның қойылу мәнін ұғындыру.

ә) оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : жаңа ұғымды қалыптастыру

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену, талдау

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, дидактикалық материалдар,интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі .

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау .

Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар .

1.Пунктуация дегеніміз не?

2. Тыныс белгілерінің қандай түрлері бар?

3.Сызықша,қойылатын орындары.

(Сызықша - сөйлемдегі белгілі сөзді, сөйлемді, сөйлем мүшесін ерекшелеп, даралап, бөліп көрсету үшін және қызметі бірдей, мағынасы ыңғайлас сөздерді жинақтап, топтап, тұжырымдап айту үшін қойылатын белгі.)




Сызықша




Қойылатын орындары

Баста-уыштан

кейін


қойыла-

тын


сызықша

Бірыңғай

мүше-


лерге

ортақ


жалпы-

лауыш


сөздің

алдынан

қойы-

лады.


Оңаша-

ланған


айқын-

дауыш


сызық-

шамен


ажыра-

тылады.


Құрмалас

сөйлемдер-

ге байланыс-

ты қойылады.

Жалғаулықсыз

қарсылықты,

түсіндірмелі

салалас құ-

рамындағы жай

сөйлемдер

арасына қойылады.


Төл сөз,

автор


сөзі,

диалогта

сызық-

ша


қойы-

лады


Сөйлемді

ықшам-


дап

қолдану-

га бай-

ланысты


қойыла-

тын


сызықша

4. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша .

5. Бірыңғай мүшелерге ортақ жалпылауыш сөздің алдынан қойылатын сызықша.

6. Оңашаланған айқындауыш сызықшамен ажыратылатын жағдайлары.

7. Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша.

(Жалғаулықсыз қарсылықты,ыңғайлас салалас, түсіндірмелі салалас құрамындағы жай сөйлемдер арасына қойылады)

8. Төл сөз, автор сөзі, диалогта сызықшаның қойылуы.

б) Жаңа сабақ.

Шешендік өнердің тамаша бір қыры-ойды ықшамды жеткізіп,сөйлемді ықшамдап қолдану. «Аз сөз-алтын» деп бағалайтын халқымыздың ауыз әдебиеті мұраларында тамаша үлгілер бар. Мұндай сөздер аяқ асты тапқырлықпен айтылған ауызекі тілде де,жазба тілде де тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйген тұжырым ретінде көрініс беріп жатады. Әсіресе қанатты сөз,даналық түйін,мақал-мәтелдер,поэзияда кейіпкер монолгінде кездеседі.

Ықшамдалған сөйлемде сөйлем құрылысы жағынан толық болмай,сөйлем мүшелері түсіріліп айтылғаны байқалады. Мыс: Тіл-шекер, байлық -бекер. Ашу-дұшпан, ақыл-дос

Ауызекі тілде түсіріліп айтылған сөздердің орнына мағыналы кідіріс жасалып айтылады,жазғанда ол жерге сызықша қойылады.
Жаттығумен жұмыс. (ауызша)

182-жаттығу. Түсіріліп тұрған қандай сөздер немесе қандай сөйлем мүшелері.

1.көппен,мән-жайды

2.өседі


3.өседі,өседі

4.от,мал


5.адам,адам

6.болар бізге



Мақалды сәйкестендіру арқылы толықтыр.

Сызықшаның қойылу себебін анықта.

1.Келген-дәулет,



Кеткен- анаң

2.Жақсы-текшіл,

Жаман- орар

3.Ақыл-дария



Ой- бейнет

4.Алып-анадан,

Ат- биеден

5.Берген-алар,

Еккен- кекшіл

6.Елің-панаң,

Жерің- теңіз

 
Кеспелермен жұмыс .Сызықшаның қойылу себебін анықта. Сөйлем мүшесіне талда.


1. Мемлекет дегеніміз – үлкен отбасы,

ал отбасы дегеніміз – шағын мемлекет.

2.Бата-басқа,қына-тасқа,ақыл-жасқа.
3.Адамның басшысы-ақыл.

Жетекшісі-талап.

Шолғыншысы-ой.

4.Ақыл –адамды аздырмайтын ем.

Білім-таусылмайтын кен.

5.Ақыл-тозбайтын тон.

Білім-таусылмайтын кен.
«Кім тапқыр?» Жұмбақтарды шеш. Сызықша қандай жағдайға байланысты қойылып тұр.

1.Иісшіл-ит емес,

Ұшады-құс емес. Шыбын.

2.Басы-тарақ,

Арты-орақ. Қораз

3.Қабы-сояу,

Діні-бояу. Қарындаш.

4.Іші-егіс,

Сырты-тегіс. Тон

5.Бірі-пысылдауық,

Бірі-сақылдауық. Мұрын мен ауыз

6.Жайсаң-түңлік,

Жисаң-түңлік. Қолшатыр


«Семантикалық карта»



Бастауыштан

кейін қойылатын

сызықша


Бірыңғай мүшелерге ортақ жалпылауыш сөздің алдынан қойылады.

Оңашаланған айқындауыш сызықшамен ажыратылады

Құрмалас

сөйлемдерге байланысты қойылады.




Төл сөз, автор сөзі, диалогта

сызықша

қойылады


Сөйлемді ықшамдап қолдануга байланысты

қойылады


Бірлік түбі-береке

Береке түбі-мереке.

Мақал

+

















Ортасында Құнанбай,

Бөжей,Байсал,

Қаратай,Сүйіндік,

Майбасар-бәрі бар.

«Абай жолы»




+














Үйде шешен,-дауда жоқ.

Мақал











+








Адам-керуен,

өмір –жол.

С.Сейфуллин
















+


-Асан үйде екен,- деді біреу жүгіріп кеп.

-Қалима ше?

-О да үйінде.

С.Мұқанов















+





Аяп келдім,-айта алмадым.

Ғ.Мүсірепов











+








Бақыт-әр адам ұмтылатын мақсат.

Әл-Фараби


+

















Біраз жүрген соң Асан-күндіз көп жүріп,шаршаған бала-ұйықтап қалды.

Ы.Алтынсарин









+











Жылаған Тоғжан,жылаған Бөжей қыздары,

қаралы көш,

қаралы киім,тұл ат-баршасы осы қауымның қайғысын Абайға ерекше түсіндірді.

«Абай жолы»






+













«Мұны мен бұрын бір жерден көрдім»,-деп ойлады ұста.












+





Іштарлық-пәле.

В.А.Сухом- линский

















+


Біз-Мұстафаның екі кіші баласы Ғаббас пен Шәкен,мен үшеуміз -үйден шықтық.

С.Мұқанов








+












Шығармашылық тапсырма.

«РАФТ» бойынша 3 қатарға тапсырма


  1. «Ата-сыншы»

  2. «Тіл – бұлбұл, сөз- бұлақ.» 

  3. « Ауру-астан»


Ребус шешу.
«Өз ұлтын сыйламау,оны мақтаныш етпеу-сатқындық.» Б.Момышұлы.
Адасқан тыныс белгілер

1. Бала,Абай өлеңге кетті-ау! -Дәл осы жолы кімге шаншылатынын аңғарасың ба,жоқ па? деді.

2.Дүниежүзіндегі ең үлкен,ірі кит “көк кит” блювал деп аталады.

3.Ол әкеңнен қалған -мұра.

4.Шын дос “ауыр мен жеңілді,”- бөлісе білген дос.

5.Ұлық болсаң, ізгі бол.


Білімді бекіту. 1.Сызықша,қойылатын орындары.

2.Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты қойылатын сызықша туралы.


Үйге тапсырма. Көркем шығармадан сызықшаның қойылатын орындарына байланысты екі-екіден мысалдар жазу,сөйлем мүшесіне талдау.
Бағалау . Сабаққа қатысына қарай оқушылардың білімдері бағаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет