Оқушылар сұрақтарға жауап береді, дәлелмен сөйлеуге дағдыланады.
ІІІ
Жаңа сабақ
Түсіну
6 мин.
Арамдық, аразды түбімен жойыңдар.
Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.
Намыс, жігер, бойыңа жиып қайрат,
Қажымай адалдық жағында болыңдар.
(Шәкәрім. «Бостандық таңы атты» өлеңінен)
Шәкәрім өлеңінде бір тұлғада тұрған, бір ғана сұраққа жауап беретін, сөйлемдегі қызметі бірдей сөздер бар ма? (ауызша талдату)
Р/с
Мысалдар
Сұрағы
Сөйлемдегі қызметі
1
Қайрат, Ербол, Ләззат халқының жүрегінде мәңгілік сақталады.
Кімдер?
Бірыңғай бастауыштар
2
Олардың батылдықтарын, елжандылықтарын, адалдықтарын ел аңыз етіп ұрпағына жеткізеді.
Нені?
Бірыңғай толықтауыштар
3
Өр мінезді, асқақ сезімді, жоғары талғамды ақынның жыр жолдары ешкімді бей-жай қалдырмаса керек.
Қандай?
Бірыңғай анықтауыштар
4
Күңірентіп, жауындатып, дауылдатып, ағындатып салынған Әсет әні тыңдарманын баурап алды.
Қалай?
Бірыңғай пысықтауыштар
5
Шоқан араб өлеңдерін ерекше ұнататын, тамсанып отыратын.
Не істейтін?
Бірыңғай баяндауыштар
Бірыңғай мүшелерді анықтап, сөйлем мүшелеріне қарай талдай алады.
Қолдану
6 мин.
Жаттығу жұмыстары. 62,63-жаттығулар
Оқушылар берілген жаттығудағы сөйлемдерден оңашаланған айқындауыш пен қосарлы айқындауышты табады.
ІҮ
Талдау
5 мин.
Жаңа материалды меңгергенін анықтау мақсатында деңгейлік тапсырмалар беремін. 1-деңгейлік тапсырма: Берілген сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тауып,тыныс белгісін қой.
Туған жеріңді еліңді мектебіңді сүй.
Мынау тастар Жезқазған АлтайАлатау Қаратау кендерінен табылған.
Бұғыбай көрікті ашық-жарқын ақ көңіл жігіт.
Көл бетінде су құстары үйрек қаз аққу бірқазандар жүр.
Халық болған соң өзіндік тарихы тілі мәдениеті дәтүрі болуы шарт.
Абай қажымай жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын.
2-деңгейлік тапсырма: 1) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бастауыш болып келген бірнеше сөйлем жазып,олардың қай сөзбен байланысқанын,қай сөз табынан екенін айт.
2) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері пысықтауыш болып келген бірнеше сөйлем тауып жаз.
3-деңгейлік тапсырма: Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа айтып,бірыңғай мүшелерді табыңдар,қай сөйлем мүшесі екенін анықтаңдар.
4-деңгейлік тапсырма: 1) Сурет бойынша әңгіме құрау.Ішінде бірыңғай мүшелері болуы шарт.
Синтаксистік талдау жүргізеді.
Ү
Сабақты бекіту
Жинақтау
5 мин.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен сөйлем.
Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.
«Топтастыру әдісі» бойынша жаңа сабақты бекітеміз.
Өзара салаласа,басқа Әрқайсысы синтаксистік
мүшелерімен сабақтаса қызмет атқарады.
байланысады.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Бір сөзге қатысты болады. Бір сөз табынан жасалады,
тұлғалас болып келеді.
Бірыңғай мүшелердің негізгі белгілерін анықтайды.
ҮІІ
Үйге тапсырма:
1 мин.
65-жаттығу
Оқушылар тапсырманы белгілеп алады.
ҮІІІ
Бағалау
3 мин.
Бағалау критерийлері арқылы бағаланды
Бағалаушы оқушы критерийлер арқылы бағалап отырады.