ІV. Жаңа сабақты бекіту:
Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді.
1. Өлеңдерін талдау.
Қашықтасың, туған жер – қалың елім,
Небір жүйрік болдырар жарау деген.
Шаршадым мен, жанарым талды менің,
Шаңыт жолға сарылып қарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, Жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды, тез асып, тез суынар.
Бауырым, қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ.
2. Топтастыру стратегиясы:
музыка математика
Әбунасыр айналысқан ғылым салалары
логика
философия
астрономия әдебиеттану
3. Сұрақтарға жауап беру.
1) Әл-Фараби кім? Ғылымның қандай салаларымен айналысқан?
2) Өлеңдерінде қандай ойлар айтылады?
Достарыңызбен бөлісу: |