Сабақтың тақырыбы : Сөз құдыреті Сабақтың мақсаты



бет45/45
Дата06.01.2022
өлшемі74,95 Kb.
#110095
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
8 сынып казак адебиет

ІІІ. Жаңа сабақ:

Ой қозғау

«Нар идірген» күйі тыңдалады.

-          Күй өнері туралы не білеміз? 

шығу тарихы,     өнер түрі    домбыра, қобыз , ұлттық мұра,  әуен, саз

оқиға, жағдай

Жаңа сабақ «Мағынаны тану» әдісі бойынша басталады.

1)      Кейіпкерлерді топтастыр

2)      Оқулықтан кейіпкерлер портретін табу

І қатар – Естемес пен Оразымбет портретін табу

ІІ қатар – Жаңыл мен қарт бейнесін табу.

3)      Әңгіменің композициялық құрылымын талдау.

(оқушылар дәптерлеріне жазып отырады)

Оқиғаның басталуы (экспозициясы

Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.

Оқиғаның дамуы

Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.

Оқиғаның шиеленісуі

Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.

Оқиғаның шарықтау шегі

Жаңа күйдің пайда болуы.

Оқиғаның шешімі

Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.

4)      Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)№ кейіпкерлер    Өмірге қызығушылығы           .Адамгершілік қасиеті.          Кейіпкерлерге баға

1          Естемес.         Жоғары, жасы егде тартса да отбасын құруды ойлайды Түсінігі мол, есті, Оразымбетке жолын береді.           жақсы

2          Оразымбет.    Жоғары, өнерді сүйетін, тәрбиелі шәкірт.  Үлкенді құрмет тұтады, ұғымтал.   жоғары

3          Жаңыл.          Жігерлі жан, өз бақытын табудаөжеттік таныта білді.      Кішіпейіл, ибалы, өжет.            жоғары

4          Қарт.   Жоғары, жоқшылыққа төзе білген, қиындыққа мойымаған жан.           Көпті көрген, қонақжай, есті кісі.           жақсы

5)      Тест тапсырмасы

Кімнің сөзі:

1.«Қашан кемеліне келтіргенше көп алдына салмаған жөн»

а) қарт   ә) Естемес    б) Оразымбет    в) Жаңыл

2.«Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар». Кімнің сөзі?

а) қарт   ә) Естемес    б) Оразымбет    в) Жаңыл

3«Аһ, сабазың шыңыраудан суырып шығарды-ау». Кімнің сөзі?

а) қарт   ә) Естемес    б) Оразымбет    в) Жаңыл

4. «Сөзім –сөз. Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым». Кімнің сөзі?

а) қарт   ә) Естемес    б) Оразымбет    в) Жаңыл

5. «Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы болар». Кімнің сөзі?

а) қарт   ә) Естемес    б) Оразымбет    в) Жаңыл

6.«Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?

а) қарт   ә) Естемес    б) Оразымбет    в) Жаңыл

7. «Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…» Кімнің сөзі?

а) қарт   ә) Естемес    б) Оразымбет    в) Жаңыл

6)      Тест интервью.1          Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай?          Халық өнерін қастерлейді. Жақсы ұстаз, күйші, өнер таратушы, салт басты.

2          Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады?      Ақылды, ибалы, инабатты, өжет. Өз болашағын егде адаммен өткізгеннен жастау жігітпен өткізгенді дұрыс санаған ол өжеттілік танытты.

3.         «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш.            Әкесі мен Естемес арасындағы әңгімені естіген Жаңыл таңдауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді.

4.         Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың?      Себебі әңгімеде көп шиеленіскен оқиға жоқ, тек күйдің туындауы ғана берілген. Сондықтан ұнамсыз кейіпкер жоқ.

5          Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі?

ІV. Сабақты бекіту:

«Екі жақты күнделік» стратегиясы   Әңгімеден алған әсерің?     Несімен әсер етті?



VІ. Үйге тапсырма: «Қазақ күй өнері» деген тақырыпқа эссе жазу.

VІ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет