Сабақтың тақырыбы: Ш.Қанайұлы. Зар заман", "Бала зары", "Тар заман", "Опасыз жалған"



Дата31.12.2021
өлшемі21,95 Kb.
#107320
түріСабақ
Байланысты:
7 сабақ Ш.Қанайұлы


Сабақтың тақырыбы: Ш.Қанайұлы. Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”

Сабақтың мақсаты:

Шортанбай Қанайұлының ақындық жолға түсуі, шығармаларының тақырыбы, халық мұңын жырлаудағы және қазақ әдебиетіндегі өшпес орны туралы оқушылардың білімдерін кеңейту.
Танымдық қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.

адамгершілікке, жауапкершілікке үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, «шығарма кестесі», «екі жақты күнделік»,

Сабақтың көрнекілігі: Шортанбайдың өміріне, шығармашылығына байланысты интернет желісінен алынған деректер, Шортанбайдың суреттері, өлеңдері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру



ІІІ. Жаңа сабақ:

Шортанбай Қанайұлы1808 жылы қазіргі Жамбыл облысыҚаратау өңірінде дүниеге келген. Ақын, діни қайраткер. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. ХІХ ғ. өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресейотаршылдығыныңзорлығынкөзіменкөріп, жанымен, тәніменсезінгенақынөзінің “Зарзаман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасызжалған”, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті.

ХІХ ғасырда өмір сүрген Дулат, Мұрат тағы басқа ақындар замана жайын отаршылдықтың зиянды кесірі деп қарап, ашына, түңіле күйіну сарынында жырлады. Бұл ақындарды заңғар жазушы, классик М. О. Әуезов «зар заман ақындары» деп атаған.

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңдер топтамасы-адам сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы, дәуір айнасы.



3.Жаңа сабақты пысықтау тапсырмалары:

1-тапсырма

«Зар заман» өлеңінен үзінді
Зар, зар заман, зар заман,

Зарлап өткен бір заман

... Зарлығының белгісі-

Бір бірлерін күндеген,

Жай жайына жүрмеген

Мұның өзі тар заман

Бұл асылық асқан заманда

Ұл туады атамекен егесіп,

Қыз туада анаменен теңдесіп.

Баласы кетті тыюдан,

Атасы ұлға нанбайды

Көңіліне қуаныш қылмайды

Уәлиден кетті керемет

Патшадан кетті ғаділет.

Ақыр заман таянды

... Кәпірді көрдің піріңдей,

Тілмашты көрдің жеңгеңдей,

Дуанды көрдің үйіңдей,

Абақты тұр қасында

Елге егін жайылды

Байға қоңсы жоламас.

Бай кедейді көрмейді,

Кедей байға ермейді,

Қазылған қара көріңдей

1.«Зар заман» өлеңі арқылы ақынның айтпақ ойы қандай?

2. Шортанбай ақынның ойынша заманды аздырушылар кімдер?


Олай болса, осы заманды аздырушыларға өлеңдегі іс-әрекетіне қарап, мінездеме берейік.
«Шығарма кестесі»

Өлеңнің аты

Негізгі әрекет

Кейіпкері

Кейіпкерге мінездеме

Зар заман

Байлар ұрлық қылады
Көзіне малы көрінбей
Билер жейді параны

Сақтап қойған сүрідей...


Дуан басы болыс тұр,

Кәпірдің сөзін мақұлдап


Патша жұртын қанады
Жарлының жаны берік екен

Мал үшін он екі ай қой бағып,

Жалғыз тоқты алады.


Бай

богач


Би
Болыс

власть
Патша

император
Жарлы

бедный


 Тойымсыз Ненасытный
жемқор коррумпированный
жағымпаз

лесть


қатігез

жестокий
Шыдамды, еңбекқор

Терпеливый, трудолюбивый


Екі жақты күнделікпен жұмыс жүргізейік.



Өлеңнен үзінді

Менің пікірім

... Зарлығының белгісі-

Бір бірлерін күндеген,

Жай жайына жүрмеген

Мұның өзі тар заман









Ж
Шортанбай заманы”

Менің заманым”
аңа сабақты бекіту.

Үйге тапсырма:1.Ш. Қанайұлы «Зар заман» өлеңінен үзінді жаттау



2.“Шортанбай – ХІХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілі” тақырыбына эссе жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет