Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы бойынша курстық жұмыс



бет1/4
Дата23.02.2023
өлшемі54,11 Kb.
#169859
  1   2   3   4
Байланысты:
М.Әуезовтың «Абай жолы» шығармасы тілінің лексикологиялық ерекшелігі
әдебиттік оқу, Шантасова Айдана м-21 (копия)-1-1-1, Көңіл-күй дәптері

Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы бойынша курстық жұмыс


М.Әуезовтың «Абай жолы» шығармасы тілінің лексикологиялық ерекшелігі

МАЗМҰНЫ




Кіріспе.......................................................................................................4
1.М.Әуезов және «Абай жолы» шығармасы.
1.1. М.Әуезов- заңғар жазушы.................................................................6
1.2. «Абай жолы» - ұлттық құндылықтың алтын діңгегі.......................................................................................................7
2. Абай лексикасы .
2.1. «Абай жолдары» эпопеясының тілдік ерекшеліктерін зерттеудің қысқаша тарихы ......................................................................................14
2.2. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қос сөздердің мағыналық ерекшеліктері...............................................................................................20
Қорытынды..............................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .........................................................30



4

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: «Абай жолы» эпопеясы нақты тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының тыныс тіршілігінің энциклопедиясы ретінде сан алуан мәдени, тарихи, саяси-әлеуметтік т.б. ақпараттарға бай. Осы орайда М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы лексикологиялық ерекшеліктердін сипатын айқындау мақсаты жұмыстың өзектілігін көрсетеді.


Басқа да тілдік бірліктер тәрізді ономастикалық атауларды да когнитивтік модель қалыптастырушы таңба, ақиқат дүниенің көрінісін белгілейтін нысандар деп ұғамыз. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының тілдік ерекшелігі туралы зерттеу еңбектері болғанымен, оны антропоөзектік аспектіде, этностың танымдық дүниесінің ұлттық сипаты осы кезге дейін қазақ тіл біліміндегі лексикологиялық бағытта арнайы қарастырылмағаны белгілі. Осыған орай шығармадағы ономастикалық атаулар кешені, ондағы онимдік бірліктердің концептілік әлеуеті, жалпы романның ономастикалық кеңістігі бүгінге дейін зерттеу нысаны болмай келгендігі жұмыстың өзектілігін айқындай түседі. Сондықтан да таным – мәдениет – тіл үштігінің принциптері негізінде, романдағы мәдени-этнотанымдық мәні зор тілдік фактілер – ономастикалық атауларды концептілік құрылым тұрғысында зерделеу өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде: тілдегі ұлттық танымға сәйкес «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ономастикалық атаулар алынды.
Зерттеу пәні: «Абай жолы» шығармасы тілінің лексикологиялық ерекшелігі .
Зерттеу жұмысының дереккөздері: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері: Зерттеу жұмысында сипаттама, салыстырмалы, концептілік талдау және жүйелеу, түсіндіру, аналитикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы лексикологиялық ерекшелікті анықтай отырып, осыған орай романдағы ономастикалық атаулардың мазмұны мен концептілік құрылым ерекшеліктерін анықтау мақсатында мындай міндет қойылды:
- шығармадағы ономастикалық бірліктердің лексика-семантикалық құрамын анықтау.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.М.Әуезов және «Абай жолы» шығармасы


1.1. М.Әуезов- заңғар жазушы
«Қазақстан үшін Әуезов — екінші Абай»
(Николай Погодин)
Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі –Абай, ХХ ғасырдағы заңғар биігі - Әуезов. Әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ төреші уақыт десек, сол уақыттың өзі осыны дәлелдеп отыр. М.Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан да, атасы Әуез де хат танитын сауатты адамдар болған. 1904 жылы Абай дүниеден өткенде, Мұхтар небары 7 жаста еді. Мұхтар алғашқы сауатын әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашады. 11 жасында әкесі қайтыс болған соң, қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы сапары басталады. 
М.Әуезов жазушылық жолын драматургиядан бастайды. 1917 жылы Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында алғаш рет «Еңлік-Кебек» пьесасын қояды. 20-40 жылдары бір алуан әңгімелер топтамасын жазады. Б.Матип Алаш қайраткерлері ішінде ұлт даңқын көтергендердің бірі һәм бірегейі - Мұхтар Әуезов. Ол халықтың рухани аманатын ұрпағына бүкпесіз қалдырған қаламгер - Абайдың шынайы бейнесін аша білді. Әуезов - Абайдың өмірінен тұтас бір тарих жасап шыққан ұлы ойшыл, бір шығармаға ғасырлық тарихты сыйдыра білген жазушы. Оның суреткерлігі бір төбе болса, адамгершілігі де бір төбе. Шыңғыс Айтматовтың «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі - «Манас», бірі - «Мұхтар Әуезов», - деуі осыны айғақтайды. Мұхтар Әуезовтың қандай шығармасын алсақ та, «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Жетім» сияқты қысқа бірақ ұлы дүниесінен жазушылардың бәріне бірдей бұйыра бермейтін суреткерлік шеберлікті көреміз.Негізгі тақырыптары-әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, әйел басындағы ауыр хал, айықпас мұң, қайғы.Осының бәрі М.Әуезовтің ұлы эпопеяға барар жолдағы әрекеттері болатын. «Абай жолы»-Әуезовтің бас кітабы. Осы шығармасы арқылы бүкіл дүние жүзіне қала берді-өз отандастарына, керек десеңіз, тіпті қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. 

1.2. «Абай жолы» - ұлттық құндылықтың алтын діңгегі


«Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Әдебиеттің әрбір тартымды туындысы суреткердің тақырыпты жан-жақты менгеруі, көп ізденуі, ұзақ еңбектенуі нәтижесінде жасалады. Сондай-ақ М. Әуезовте ұлы ақын Абай өмірі мен творчествосын кең де кемел зерттеген, роман жазарға дейін мол көркемдік ізденіс сатыларын бастан өткізген еді.
Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған. «Абай жолы» роман-эпопеясына шетелдік қаламгерлер Луи Арагон, Н.Тихонов, Б.Матип т.б.жоғары баға береді. Әуезов алғашқыда романға «Телғара» деген ат бермек болды. (этнолингвистикалық атау-табу сөз! ) Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда жұмыс барысында оның шеңбері кеңейе түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай», онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1-кітабы 1942 жылы, 2-сі 1947 жылы, 3-сі 1952 жылы, 4-томы 1956 жылы жарыққа шықты. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін, ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Жазушы ойшыл, ақын Абайды басты кейіпкер етіп ала отырып, оның бейнесін айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады.«Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының этнография, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұрт, болыс сайлауы, дауға билік айту т.б. бәрі бар. Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік тартысты барынша ашып көрсетуге, оның әлеуметтік мәнін күшейтуге тырысады. Белгілі фактілердің шеңберімен шектелмей, қажет жағдайда бүкіл баяндаудың барлық желісін бір түйінге келтіру үшін, басты мәселелерді бір арнаға түсіріп, түйістіру үшін болған оқиға барысын өзгертіп, өзінше қиыстырып, жаңғыртады. Романдағы түгелдей немесе жарым-жартылай ойдан шығарылған көптеген кейіпкерлердің тағдыры өмірде болғандай кескін-кейіпке ие болып, жалпы тарихи даму бағытымен байланысты, біртұтас көркемдік ойдың өзегімен тығыз ұстасып жатады. Тарихи оқиғалар мен фактілердің бәрі роман-эпопеяның бүкіл мазмұнымен тығыз ұштасып, шығарманың көркемдік өміріне орайлас мән-мағынасы басқаша ашыла түседі. Жазушы көркем шығарманың өз заңдылықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдалануға күш салады. Яғни жазушы кейіпкердің өмірде болған адамның жай көшірмесі ғана болмай, типтік тұлға дәрежесіне көтеріліп суреттелуін ұтымды көрді. «Абай жолы» эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі рөлі орасан зор. Эпопеяның кең мағынасында тарих, этногрофия секілді ғылымдар тұрғысынан қарағанда да танымдық мәні аса күшті екенін кезінде академик Қ.Сәтбаев атап көрсеткен болатын. «Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.
Романдағы көне сөздер, ырымдар
 Отамалы – көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі сонда. Отамалы деп атағаны бір байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. Көкектің суығы басталған уақытта, Отамалы қойды жайылысқа шығармайық, боран болады, қойдың қыстан титықтап шыққан кезі, малыңнан аырыласың десе, бай бір қатты адам екен, көнбейді. Сен тоғышарлық қылып алдап отырсың деп, Отамалыны сабап-сабап қойды жайылысқа шығартады. Сол күні бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғып, бар қой ығып кетіп қырылыпты да, қойдан қалмаймын деп , Отамалы бақыр да үсіп өліпті. Көкектің суығы - «Отамалы» атануы содан. (Зере әженің әңгімесі, 106-бет, Бірінші кітап, Шытырманда)
 Өлі ара-Өліара деген бір аралық, кезең. Тоғыс деп жатады. Қазақта3 тоғыс, 5 тоғыс, 7 тоғыс дейді. Кілең тақтан келеді. Мұның мәні үлкендерден естуім бойынша, Ай мен Үркер екеуі қабат келген кезде, мысалы, мамыр айында бір тоғыс дейді. Мамыр айында ай туғанда бір күннен кейін Үркер қабат келеді. Соны бір тоғыс дейді. Сол кезде бұзылады. Бұзылғанда жаңбыр болуы мүмкін. Жаңбыр болмаса жел болуы мүмкін, не сал-қын болуы мүмкін. 5,7,9 тоғыстарда да айдың тууы осынша күннен кейін үркермен қабат келуі арқылы күннің бұзылуын айтады. Оны ай, жұлдызға назар салып жүргендер жақсы біледі.
 Айдың тоғамы -Ата-бабаларымыз бір күндік, керек десеңіз бір маусымдық ауа райын, жолсапарда бағыт бағдарын Ай мен Күннің, Үркер, Темірқазық сынды жұлдыздардың орналасуы, құбылуы арқылы бағамдап біліп отырған. Өз тұрмысында «қарашаның қайтуы, күннің тоқырауы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, қыс тоқсан, ай тоғамы» деген ұғымдарды пайдаланған. Қыста күн құлақтанса, ол қатты аяздың белгісі, жазда күн кенет ысып кетсе, көп ұзамай жаңбыр жауады, қыста кемпірқосақ туса, жыл берекелі, мал төлді, егін, шөп бітік болады, шолпан жарқырап туса, егін, шөп, жеміс бітік бітеді, ай қораланса, жаз жаңбырлы, қыс қарлы, боранды, жазда жұлдыздар жарқырап тұрса, келер күн ыстық болады деп жорамалдар жасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет