Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы бойынша курстық жұмыс



бет2/4
Дата23.02.2023
өлшемі54,11 Kb.
#169859
1   2   3   4
Байланысты:
М.Әуезовтың «Абай жолы» шығармасы тілінің лексикологиялық ерекшелігі
әдебиттік оқу, Шантасова Айдана м-21 (копия)-1-1-1, Көңіл-күй дәптері
«Күйеу атымен күл тасы »- балалар күйеу жігіттердің аттарына 2-ден, 3-тен мінгесіп шабады.
Ұрын келу немесе жыртыс сала келу, есік көре келу- күйеу жігіттің қалыңдығына алғаш келуі Ұрын бару — күйеудің қалыңдық ауылына құпия түрде жасырын баруы. Яғни, ата-бабамыздың салты бойынша құда түсіп кеткеннен кейін жігіт қалыңдықпен жақынырақ танысу үшін ұрын келетін болған. Жігіттің бұл келісі үлкен тойдың бастамасы іспетті. «Жасырын» деген аты болмаса, ұрын келу рәсімін қызды ауылдың жастары кішігірім тойға ұластырған.
Күйеу көрімдік – келіншектер жібек шымылдық түсіріп, енелерденКүйеу баласын алғаш көрер алдында алынатын ырым. (182-бет, Өрде)
Күйеу киімі– Ұзын төбе тымаққа үкі тағып алу, қызыл манат шапан, биік өкше етік (180-бет, Өрде)
Қол ұстау - екі жеңге күлісіп келіп, Абай мен Ділдәнің алдына қарсы отырып, екеуінің де оң қолдарын алып, біріне – бірін ұстаттырды. Екі қолдың арасында бір қабат сусылдаған жібек жүр. Сол арқылы ұстатады екен.(185-бет, Өрде)
Шаш сипатар -Сондай-ақ, қалыңдықтың қолын ұстатып, шашын сипатқаны үшін күйеу жігіт қыз жеңгелеріне кәделерін жасаған.
Етік тартар- күйеу жігіттің етігін жеңге шешеді де, тағы ақы алады.
Неке оқу - молда неке оқиды, суық су құйған бір кесе төрдегі жұртты жағалап келіп, Абайға ұсынылды. (185-бет, Өрде)
Қыз айттыру - Осыдан 10 жыл бұрын Алшынбай аулына Құнанбай кеп құда түсіп, Ділдәні Абайға айттырғанда, бас құда Құнанбайға кит деп Алшынбай аулы күміс тартады. Ол күмістің аты – тайтұяқ. Құнанбай Алшынбайға барарда кіші жамбы (тайтұяқтан үлкен) күміс жібереді. (179-бет, Өрде)
Қалыңдық аулындағы ойын - ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан күресі
Тұлдаған ат - Орталарында жетекке алған тұлдаған қара көк аттың үстіне Бөжейдің ертоқымы ерттеліпті. Ер үстіне сол Бөжейдің осы өткен қыста Қарқаралыға киіп барған қызыл күрең ішігі жабылыпты. Ердің қасына қамшы шәншіп, соған теріс қаратып, Бөжейдің қысқы түлкі тымағын іліпті. (145-бет, Бел - белесте)
Бөжейдің тұлдаған атын сою, үй ішінде былтырдан жиылған септі тарқату, қаралы теңді бұзу – Байдалы белдеудегі қараны суырып алып, байсалға берді. Ол ырымын істеп, қараны жерге сұлатты да, табанымен басып, сындырып тастады. Ас өтті. Қаралы жыл толды. Енді азалы күндер бітті дегеннің белгісі. Байдалының тапсыруымен Сүйіндік қалың елді бастап ақ үйге кірді де, қаралы теңдерді бұзды. Бұ да жаңағыдай белгі. Қараны жыққан байсал, септі бұзған Сүйіндік, енді мынау тұл атты бауыздаған Байдалы – үшеуі де кейін «жол» алды. (204, 205-беттер, Өрде)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет