Сәйф Сараидің өз ойынан жазған төл туындысы – «Суһаил мен Күлдірсін». Бұл дастанда Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пен қыздың оқиғасын баяндау арқылы өз дәуірінің өзекті мәселелерін көтереді. Соғыс зардаптарын, оның қарапайым халыққа әкелетін қиыншылығын суреттейді. Бұл, әсіресе, өсиет-өнеге бағытында жазылған, адамгершілік, жақсы қасиеттерге үндейтін шығарма.
ІV. Жаңа сабақты бекіту:
1. «Түркіше Гүлстан» поэмасынан алынған үзінділерді талдау.
Бірінші әңгіме. Баяғы заманда бір патша құлымен жүзіп келе жатады. Бұрын кемеге мініп көрмеген құлы қорқып, жылай бастайды. Оны ешкім жұбата алмайды. Сонда бір данышпан кісі патшаға: «Рұқсат етсеңіз, оны мен тыныштандырайын»,-депті. Патша рұқсат беріпті. Сонан соң данышпан кісі құлды теңізге тастатады. Байғұс құл суға бір батып, бір шығады. Оны қайтадан кемеге шығарып алады. Құл кемеге қайта мінген соң, үн-түнсіз отырып қалады. Оның себебін сұрағанда, данышпан: «Бұл адам теңізге қарық болудың машақатын көрмегендіктен, өзінің сау-саламат отырғанының қадірін білмеді. Бейнет көрмеген адам рақаттың қадірін білмес», - депті.
Екінші әңгіме. Бір сұлтанның үш ұлы бар еді. Екеуі ұзын бойлы, ал бірі аласа бойлы болыпты. Сұлтан аласа бойлы баласын жақтырмайды. Оны байқап қалған баласы: «Ата, ұзын бойлы ақымақтан, аласа бойлы ақылды артық», -деген екен.
Үшінші әңгіме. Наушаруан патша кәуап пісірмекші болып еді, тұз жоқ екен. Құлын тұз алып келуге жұмсады. «Ақшасын төлеп ал», -дейді. Құлы: «Тұзды несіне ақша төлеп аламын?» -дейді. Сонда Наушаруан: «Әуелде зұлымдық әлемде аз еді. Кейін әр адам аз-аздан қосқанда, көбейіп кетті», - депті.
Достарыңызбен бөлісу: |