Күні:
Сыныбы: 11
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Тарих пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері.
«Қазақстан тарихының даму кезеңдері».
Сабақ/ оқу мақсаты: 1. Қазақстан тарихының даму кезеңдерін, хронологиясын, қазақ тарихындағы маңызды оқиғалар туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстырып, түсіндіріп, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы білімдерін көтеру;
2. Қазақ мемлекетінің тарихи оқиғаларын салыстыра отырып, өзіндік тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденуге дағдыландыру;
3. Оқушыларды өз елінің тарихын, кең байтақ жерін, ескерткіштері мен ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: семинар-сабақ
Сабақтың әдісі: өзіндік жұмыс, тест орындау, тақырыптарға талдау жасау.
Көрнекілігі: оқулық, карта, сызбалар, тест тапсырмалары, интерактивті тақта. Пәнаралық байланыс: дүние жүзі тарихы, әдебиет, география, математика.
І. Ұйымдастырушылық кезең:
1. Сәлемдесу, түгелдеу, сыныптың тазалығына көңіл аудару.
2. Оқушылардың оқу құралын, дайындығын тексеру.
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Сабақтың жоспары мен мазмұны:
1. Психологиялық дайындық.
2. Қазақстанның тарихи кезеңіне талдау жасау.
3. Тарихи кезеңдер бойынша тақырыптарға талдау.
4. Сабақты қорытындылау. Тест тапсырмасын орындау, математикалық ойын.
ІІІ. Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық. Педагог-психолог
2. Қазақстанның тарихи кезеңіне талдау жасау. 1-оқушы
Қазақстан тарихы 4-кезеңге бөлінеді
|
1-кезең. Ежелгі Қазақстан тарихы Б.з.д.2,5млн жыл- Б.з.V-VІ ғасыры /6-сынып/
|
2-кезең. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы V-VІ ғас. – ХVІІ ғас. аяғы /7-сынып/
|
3-кезең. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы ХVІІ ғас.аяғы– ХІХғас.аяғы /8-сынып/
|
4-кезең. Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы ХХғас.басы – ХХІғас.басы (бүгінгі күнге дейін) /9-сынып/
|
Тас дәуірі
|
Қола дәуірі
|
Темір дәуірі
|
Орта ғасыр 3-кезеңге бөлінеді
|
|
|
1-кезең Ерте ортағасырлық кезең
|
2-кезең Дамыған ортағасырлық кезең
|
3-кезең Кейінгі ортағасырлық кезең
|
3. Тарихи кезеңдер бойынша тақырыптарға талдау. Оқушы тақырыпты өзі таңдайды.
Қазақстан тарихындағы 4-кезеңнің тақырыптары
|
1-кезең.
|
2-кезең.
|
3-кезең.
|
4-кезең.
|
/6-сынып/
|
/7-сынып/
|
/8-сынып/
|
/9-сынып/
|
1.Ежелгі қазақ жеріндегі дәуірлер (тас, қола, темір)
2.Ертедегі тайпалық бірлестіктер: (Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Сармат тайпалары тарихы)
3.Археологиялық ескерткіштері
|
1.Ерте ортағасырлық мемлекеттер: (Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ қағанаты, Оғыз мемлекеті, Қимақ мемлекеті, Қарахан мемлекеті, Қарақытайлар мемлекеті, Наймандар, Керейіттер, Жалайырлар, Қыпшақ хандығы)
2.VІ-ХІІІғғ. және ХІІІ-ХVғғ. шаруашылық және мәдениет
3.Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы
4.Монғол дәуіріндегі қазақ даласы: монғол тарихы, монғол шапқыншылығы, монғол ұлыстары
5.ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер: (Ақ Орда, Алтын Орда, Темір империясы, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Батыс Сібір хандығы)
6.Қазақ хандығы. Құрылуы. Саяси тарихы. Қазақ хандары.
7.Жоңғар хандығы. Жоңғар шапқыншылығы.
|
1.ХVІІІ ғғ.Қазақ өлкесінің саяси тарихы мен саяси-экономикалық дамуы
2.ХVІІІ-ХІХ ғғ. Ұлт-азаттық көтерілістер
3.ХІХ ғғ. бірінші жартысындағы Қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
4.Қазақ жерінің түгелдей Ресей Империясының құрамына енуі
5.ХІХ ғғ. екінші жартысындағы капиталистік қатынастардың дамуы
6.ХХ ғасырдың басындағы өлкенің әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы
7.ХІХ-ХХ ғғ. қазақ мәдениеті
|
1.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
2.Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі
3.Қазан төңкерісі. Кеңес өкіметінің орнатылуы.
4.Шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарындағы Қазақ өлкесі
5.Жаңа экономикалық саясат жылдары мен өлкені индустрияландыру саясаты және ұжымдастыру қасіреті
6. 20 жылдардың 2-жартысындағы мәдени құрылыс
7.1930-жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
8.Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
9.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы саяси жүйесі
10. 50-60 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
11. 70-80 жылдардағы қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы
12.Демократияның қалыптасу кезеңі
13.Тәуелсіздік жолындағы қадам
14.Тәуелсіз Қазақстанның саяси өмірі
|
4. Сабақты қорытындылау. Тест тапсырмасын орындау.
1. Ежелгі Қазақстан тарихын қамтитын кезең: А) б.з.д. 2,5 млн жыл- б.з. V-VІ ғасыры В) б.з.д. 1,5млн жыл - б.з. V-VІ ғасыры С) б.з.д. 2,5 млн жыл бұрын Д) б.з.д. 2,5 млн жыл - б.з.б. V-VІ ғасыры Е) б.з.д. 2,5 млн жыл - 12 мың жыл 2. Сақтар туралы дерек қалдырған грек авторы: А) Дарий В) Ксеркс С) Кир D) Трог Е) Герадот 3. Парсы жазбаларындағы "сақ" сөзінің мағынасы: А) Жүйрік атты турлар В) Азиялық скифтер С) Еркін адамдар Д) Құдіретті еркектер Е) Көшпелілер 4. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының хронологиясы: А) VІ – ІХ ғасыр В) Х – ХІV ғасыр С) ХV – ХІV ғасыр Д) V – ХІV ғасыр Е)V-VІ ғас. – ХVІІ ғас. аяғы 5. Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды: А) Жужандарды жеңген соң В) Ұйғыр қағанатын жеңген соң С) Енисей қырғыздарын жеңген соң D) Арабтарды жеңген соң Е) Эфтолиттерді жеңген соң 6. Түріктердің шаруашылығы: А) Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы В) Аңшылық С) Балық аулау D) Егіншілік Е) Ешқандай шаруашылықпен айналыспады 7. “Түрік” этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті: А) 545 ж. В) 546 ж. С) 542 ж. D) 547 ж. Е) 548 ж. 8. Жаңа заманғы Қазақстан тарихын қамтитын кезең: А) ХVІІ ғас.-ХХғас. В) ХV ғас.-ХІХғас С) ХVІІІ ғас.-ХІХғас Д) ХVІІ ғас.аяғы– ХІХғас.аяғы Е) ХVІІ ғас.-ХХІғас. 9. Орбұлақ шайқасы болған жыл: A) 1628ж. B) 1630ж. C) 1640ж. D) 1642ж. E) 1643ж. 10. Керей мен Жәнібекті қарсы алған Моғолстан ханы: А) Мұхаммед В) Абд ар-Рашид С) Есен бұға D) Қара ескен Е) Жүніс 11. Қазақ хандығының құрылуы жайында айтқан тарихшы: А) Әл-Морвизи В) Ж.Баласағұни С) Әл-Фараби D) Мұхаммед Хайдар Дулати Е) А.Яссауи 12. Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқаны туралы мәлімет, Қазақстан туралы көптеген бағалы деректер қалдырған: А)В.Урусов В)И.Лихарев С)Н.Рычков D)Д.Гладышев Е)И.Миллер 13. 1916 жылғы көтеріліс жайлы жазылған «Тар жол, тайғақ кешу» еңбегінің авторы: A) Ахмет Байтұрсынұлы B) Сәкен Сейфуллин C) Әлихан Бөкейханов D) Мұхтар Әуезов E) Сәбит Мұқанов 14. 1916 көтерілістің негізгі қозғаушы күші: A) Халық бұқарасы B) Қазақ болыстары C) Қазақ сұлтандары D) Қазақ интеллигенциясы E) Қазақ байлары 15. 1916 жылғы көтерілістің сипаты: A) Буржуазиялық B) Либералдық C) Ұлт – азаттық D) Демократиялық E) Социалистік 16. 1990 жылы 25 қазанда Жоғары Кеңес қабылдаған құжат: А) «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң» В) «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» С) «Қазақ КСР-нің Президеті» туралы Заң Д) Қазақ КСР-і Конституциясы Е) Қазақстан Республикасы Конституциясы 17. «Қазақстан 2030» даму стратегиясының қоғамның ұзақ мерзімді жеті басым мақсаттарының біріншісі: А) Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы В) Кәсіпқой мемлекет С) Экономикалық өрлеу D) Ұлттық қауіпсіздік Е) Энергетика ресурстары
Математикалық ойын. Есепті шығарып, жауабы бойынша тарихи оқиғаны анықта.
2030-800+686=1916 Ұлт-азаттық көтеріліс болған жыл
2030*2-2115=1945 Ұлы отан соғысының аяқталған жылы
2030:10+1783=1986 Желтоқсан көтерілісі болған жыл
2030+900-939=1991 Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы
2030*7-12215=1995 ҚР-ның жаңа Конституциясының қабылданған жылы
2030:2+995=2010 ЕҚЫҰ-ның саммиті өткен жыл
ІV. Үй тапсырмасы: Төмендегі тақырыптарды талдап келу. 1. Игельстром реформасы. 2. Хандық биліктің жойылуы: 1822 жылғы «Сібір қырғыздарының жарғысы», 1824 жылғы «Орынбор қырғыздарының жарғысы». 3. 1812 жылғы соғысқа қазақтардың қатысуы. 4. 1867-1868 жылдардағы реформалар. 5. ХІХғ. соңындағы отаршылдық реформалар – 1868-1891 жж. ережелер. 6. 1905 жылғы Успен кенішіндегі ереуіл. 7. 1905-1907жж. революциялар. 8. Қазақ АКСР-нің құрылуы. 9. Қазақ КСР-нің құрылуы.
V. Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |