Сабақтың тақырыбы : Тексті форматтау



Дата15.09.2017
өлшемі56,28 Kb.
#33909
түріСабақ

Технологиялық карта №11

Пән: Компьютерлік технологиялар

Топ: __________

Уақыты: ________
Сабақтың тақырыбы: Тексті форматтау

Сабақтың мақсаты: Мәтіндік құжаттарды кластарға бөлумен және оларды компьютерде өңдеу технологиясымен оқушыларды таныстыру. Мәтіндік процессормен жұмысты ұғындыру.

Сабақ міндеті

Білімділік: Мәтін түрлерін, мәтіндік құжатты, мәтіндік редакторды, мәтінді өңдеу жолдары туралы түсінік беру.

Дамытушылық:. Мәтіндік ақпараттарды компьютерде өңдеу артықшылықтарын түсіндіріп, студенттердің компьюттерлік сауаттылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Компьютер кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: теориялық

Сабақтың жабдықталуы:

Техникалық құралдар: компьютер, Microsoft Word программасы.

Көрнекілік: құжаттың дайын үлгілері, таратпа қағаздар, тесттік қабықша

Үлестірмелі тапсырмалар: Microsoft Word бағдарламасында практикалық тапсырма

Әдебиеттер: Оспанова Н.Н., Ақанова А.С. «Компьютерлік технология», электрондық оқулық «Компьютерлік технология».

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІV. Тақырыпты бекіту: практикалық жұмыс

V. Қортындылау



  • Жасаған жұмыстарын тексеру;

  • Бағаларын хабарлау;

  1. Үйге тапсырма беру.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Топты түгендеу;

  • Сабақ жоспарымен таныстыру;


ІІ. Үй жұмысын тексеру.

  1. Word Pad қандай редактор?

  2. Екілік санның әрбір разрядын қалай атайды?

  3. Маустың қазақша атауы.

  4. Мәтiндiк процессор дегеніміз не? Қандай жұмыстар жасауда қолданылады?

  5. Microsoft Word программасының мүмкіндіктері қандай?

  6. Форматтау панелінде қандай командалар орналасқан?

  7. Стандарттау панелінде қандай командалар орналасқан?

  8. Құжатты сақтаудың қандай тәсілдері бар?

  9. Сақталған құжатты қалай ашамыз?

ІІІ. Жаңа білімді игерту.

Мәтінді форматтау

Форматтау – бұл Word-тың документ бетіндегі безендірілуін өзгерте алу қабілеті :



  • Мәтінді түзету– центрлеу, сол жақ немесе оң жақ шек араға қысу, жолдағы сөздерді бет аумағы бойнша түзету;

  • Жол аралық және сөз құрамындағы әріп аралық интервалдарын орнату ;

  • Түрлі фрифтарды және т.б. қолдану

  • Жоғарғы, төменгі, сол жақ, оң жақ өрістерді анықтай отырып, жұмыс өрісінің шекараларын өзгерту.

Форматтау саймандары тақтасында батырмалар қатары бар, олардың көмегімен қысқа мерзім ішінде документтің ерекшеленген фрагменттеріне (символдар мен абзацтарға) форматтың көптеген түрлерін қолдануға болады. Форматтаудың саймандар тақтасын қолдана отырып стильдерді, шрифтарды, шрифтардың өлшемдері мен түстерін өзгертуге болады, сондай-ақ мәтінді жартылай қалың және курсивті сызбалармен безендіруге мүмкіндік бар.

Мәтінді туралау

Мәтінді форматтау әдетте абзацқа қатысты қолданылады. Абзац –бұл енгізілу үрдісі Enter пернесін басуымен аяқталатын мәтіннің бір бөлігі. Ендірілетін мәтін оң жақ шекараға жетісімен мәтіндік процессор автоматты түрде мәтінді келесі жолға көшіреді. Егер ендірілетін сөз жолға симай бара жатса, онда мәтіндік процессор автоматты түрде келесі жолды бастап береді. Мәтінді қалауымыз бойынша сол жақ шекараға немесе оң жақ шекара бойынша туралауға болады. Ең оптимальды нұсқасы- бұл бет көлемі бойынша туралау.



Жоларалық интервалды орнату

Интервал түрін дұрыс таңдау үшін келесі әрекеттер орындалады: Формат- Абзац- Межстрочный, әрі қарай керекті интервал таңдалады: одинарный, полуторный, двойной.



Шрифтерді орнату

Шрифтердің мынадай түрлері болады:Times New Roman Cyr, Arial Cyr или Courier New Cyr және т. б. Шрифті форматтау үшін мәтін фрагментін таңдап, Формат – Шрифт немесе Форматтау саймандары тақтасындаға пернені таңдау керек. Формат – Шрифт – Анимация әрекеті анимация қолдауға мүмкіндік береді.

Формат – Шрифт – Эффекты әрекеті кезінде керекті эффектінің флажогын орнату керек.















IV. Бекіту кезеңі:

Ендігі кезекте біз компьютермен жұмыс істейміз. Ол үшін айтылғандарды орындаймыз. Тақтада тапсырмалар жазылған.

1. Практикалық тапсырма
WORD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫК ЖҰМЫСТАР.


  1. Мәтіндік редактор сөзін WordArt арқылы жазыңыз

  2. Абайдың қара сөздерін 12 шрифтпен теріңіз

  3. Жоларалық интервалды 1 (одинарный) орнатыңыз

  4. Мәтінді бет көлемі бойынша (по ширине) орнатыңыз

  5. Екі колонкаға бөліп жазамыз





Абайдың 31 қара сөзі

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

Абайдың 19 қара сөзі



Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?


Шрифт түрлері:

Bookman Old Style Impact

Comic Sans MS Monotype Corsive

Arial Times New Roman


Асты сызылған шрифт:

  1. Жартылай қарайтылған

  2. Курсив

  3. Асты сызылған

WORD АСПАПТАР ТАҚТАСЫ




  1. Стандарттық

  2. Форматтық

  3. WordArt

  4. Суреттер

  5. Таблицы и границы

  6. Формалар







  1. Қорытындылау, бағалау.

  2. Сабақты қорытындылап, тиісті бағаларын қоямыз.

  3. Бекіту сұрақтары:

  1. Жоларалық интервалды қалай орнатамыз?

  2. Мәтінді колонкаларға қалай бөлеміз?

  3. Нөмірленген тізім орнату үшін қандай командаларды орындау керек?



  1. Үйге тапсырма беру.

  2. Үйде мәтіндік форматтау туралы оқып келу.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет