Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Шарль Перро әдеби ертегілері Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас



бет4/4
Дата29.06.2017
өлшемі0,69 Mb.
#20576
түріСабақ
1   2   3   4

2. «Көксерек» әңгімесіне талдау

М.Әуезов 1928 жылдың желтоқсаны мен 1929 жылдың қаңтар айларында “Көксеректі” Ташкент қаласында жазған. Шығарма “Жаңа әдебиет” журналында 1929 жылы жарық көрді.

Сол кезде жазушылардың жазған-сызған дүниелердің барлығына таптық тұрғыдан баға беріліп жатқан тұс еді. Ленинград сияқты ірі мәдени орталықта қоғамдық ғылымдардың даму тарихын зерделеген Әуезовтің “Өнер-өнер үшін” деген ұстанымын Қазақстандағы саяси үрдіс көтере алмайтын. Осы бір тұста «Көксерек» жазылды. Автордың осы шығармаға ықыласы туралы Әуезов шығармаларының аудармашысы А.Пантиелев былай дейді: «Көксеректі», «Абайдан» әлдеқайда бұрын жазды, сондықтан да алғашқы махаббатындай ұнататын». «Көксерекке» автор неге іш тартты? Өзінің қайта оралмас Шыңғыстаудағы күндерін тірілткені үшін бе? Әлде шығарма болмысында бүгілген іңкәр ойының тереңге, астардан астарға көмкерілгендігі үшін бе? Сол тұстағы баспасөзде «Көксерек» жарыққа шығысымен-ақ, әр түрлі ұстанымдағы сындар жазылып жатты. Сондай сынның бірі С.Мұқановтікі : «Әңгіме өте терең астармен жазылған. Қанша қозғағанмен ішінен айқын мағынасын ашу өте қиын. Біз бұл арада қасқыр пәленше, Мұқаш (Құрмаштың алғашқы нұсқадағы аты Н.Р.) түгенше деп орынсыз жорамалдау жасамаймыз. Біздің айтарымыз жалғыз-ақ, Мұхтар мұны жазғанда қасқырды, аң қып алып отырған жоқ, адам қып алып отыр. Өйткені Көксеректе мақсат бар. Сол мақсатқа ұмтылушылық, өз мақсатына ұмтылушылық, түптеушік бар… Көксерек, сөз жоқ, адамның біреуі. Біреуі болғанда Көксерек бүкіл бір ұлтты елестете ме, тапты елестете ме, яки жеке адамды елестете ме, ол жағы бізге қараңғы…». С.Мұқанов ойын ары қарай тапшылдық сана ықпалымен өрсе де, бізге керектісі Әуезовтің идеялық - көркемдік ойлау машығына өзінше барлау жасай отырып, көркемдік сананы зерделеуге жол көрсеткені.

«Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құр жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім ескі ін». Осы ескі інге түр-тұрпаты, бет-бейнесі анық суреттелмеген, жат иістілер келіп дүрліктірді, ойларына келгенін істеді. Ала-бөтен пейілдің тағылыққа құштарлығы байқалады. Жат қол інді аяусыз бұзды. «Ертеңіне түсте жат иіс шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естіліп, жақындап келе жатты. Күшіктердің жоталарынан тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді.

Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүбірлетіп келді: айқай-дабыр молайды. Бірі үстіне бірі келіп, жиын көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Күшіктер бірі үстіне - бірі үйіліп, бауырын көтеріп қыбырлай алмай, жақын жерде жатыр еді.

Жып - жылы мықты тұсаулар мойынынан, жотадан ұстап бар күшікті сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырады да, екінші біреуін - ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды….

Шығармада қасқыр да, ит те адамзатпен қатар өз әлемімен сипатталады. Автор оларды адамның теңемесі сияқты алып, адамның мәнін хайуанаттар бойына жасырған. Адам баласы айта алмайтындарды олар айтады. Апанынан өз еркінен тыс жат ортаға әкелінген Көксерек жаңа ортадан бостандық пен мейірбандық дәметті. Жаратылысына өзгеден бір табан жақын ауыл иттері де бұған үдірейе, сақтана, жаулық пейілмен қарады, оны жатсынды. «Бірде–бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабытын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Өзге көп ит те ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып кетеді».

Көксерек тағдыры аянышты, еркіндігіне тұзақ салынған. Оған айналасындағылардың қылығы шаншудай қадалады, ол өзіне жат тағдырға ызалана тұншығады. Көксерек ауыл иттері сияқты болмауға барын салады. Көксеректің жат ортаны жатсынуы, еркін әрекеті – оның ішкі бостандығының көрінісі. Өздерін тағылыққа ізгілік үйретуші санаған көпшілік үні Көксерек қылығын қара ниетті жауыздықтың тұрғысы санайды. «Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды» деп өз өлшемдерін айтысады.

Өзі де, өзге де бола алмаған Көксерек ауыл иттерімен ара кідік қақтығысып қалғаны болмаса, айналасымен жанасуға салғырттық танытады. Табиғаты алыс-жұлысқа бейім қасқыр «Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай жібімейді. Әлі күнге бір рет жадырап, ойнап көрген емес. Татулық жоқ, суық. Жалғыз - ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса ғана келеді. Онда да жүгіріп келмей, құйрығын сөлектетіп, бүкеңдеп қана келеді. Бұны да ашыққан уақытында істейді. Әйтпесе көбінесе анадай жерде қырыстанып, көзінің астымен жалт-жұлт қарап жатып алады. Барып түрткілеп, орнынан тұрғызып жіберген соң ғана үйге жүреді. Өскен сайын сызданып, суықтанып келеді».

Көксерек адамдардың одан да тілейтінін түсінуге тырысты, бірақ түсінбеді. Қасқыр иттің күйіне түсті, ал ит ешқашан қасқыр бола алмайды. Өмірдің тепе-теңдігін жоғалтқан Көксерек маңайын жатсына бастады. Есейе келе ауылдан екі рет кетіп, екі рет қайта оралған Көксеректің үшінші кетісі «бұл жолғысы шын болды». Бәрібір қашты. Даладағы аштық пен суық Көксеректі тағылар салтына икемдеді. «Алғашқы рет амалсыздан көкке қарап, аузын ашып ышқығанда ішінен зор дауыс шықты». Бірінші рет ұлыды. Көксерек үшін күтпеген жағдай, тегінің үнін жатсынғандай күй кешті. Мұның толассыз ұлуын естіп келген қаншық қасқырды да Көксерек маңына дарытқысы жоқ. Соңынан «екеуін иістері табыстырды». Аңсаған еркіндік Көксеректі ширатты, жыртқыштық инстингін оятты. Ақ қасқырмен жұптасы, қайтадан табиғатына сіңді. Бірақ бәрібір өз қандастарынан бөлектігін байқатты.

Әуезов әрбір қимыл қозғалыс арқылы астарлы ойын сабақтай түседі. Қуғыншылар ақ қасқырды соғып әкеткеннен кейін Көксерек «тағы да жалғыз жортуылға түсті…». Жалғыз қалған Көксерек қандастарын іздемейді де, аштық азабын басып, қарны тойса болды. Бұл да өз ортасынан жат жерде тәрбиеленген ұрпақтың болмысын ақтарудың бір парасы. Тағы да аштықтан жер тарпып, қар боратып, көп ұлыған кезде топ қасқыр қасына келді.Өткенде ақ қасқырды да ұлыған кезде тапқан, ол да қасына өзі келген. Көксерек өзі оларды іздеп жүрген жоқ, қайта топ қасқырдан жалтармақшы болды. Өз ортасынан бөлінген Көксерек оларды жатсынады, топ қасқыр да Көксеректі бөтенсиді. Тек оларды бір-біріне жақындастырған – ұлу, яғни тіл. Автор кеңестік жағдайда тікелей, тура айту мүмкін емес ойдың есесін қайтарып, тіл арқылы ғана бауырлас, қандастарыңды табасың деген пайымдауын санаға сығалатады.

Көксерек пен тоғыз қасқырдың топ бастары Көкшолақ кездескен сәттен-ақ сызданысты. Кезекті жемтікті бөлісе алмаған Көксерек Көк шолаққа тап беріп, «құлақ шекеден ала түсті. Жасынан ауыл иттерінен үйренген әдісі еді». Ауыл иттерінен үйренген әдісінің арқасында Көксерек Көкшолақты мерт етті. Қандастары кешегі топ бастарына аштық өзекке түскен соң лап қойды. Сөйтіп, Көксерек өз қандасына да қастық істеуден, өз ішін талаудан да бас тартпайтынын байқатты. Бұл—қасқыр атаулының соры емес, өзімшілдіктің соры. Қырқыс қай ортада да бар әрекет. Көксерек басқа қасқырларды өзім деп қабылдамайды. «Ырқына көнбеген күшіктерді, жүріске ере алмаған қартаң қаншықтарды кейде бас салып талап та тастайды». Көксерек бастаған топтың «атышулы тоғыз қасқыр деген аты шықты». Қу тамақтың тесігі жеңбейтін үрей жоқ. Көксерек тобы жалғыз атты шаналы жүргіншіні қамады. «Есі шыққан керуен, аты жүре алмай қалған соң, айқай салып қашып еді. Атты топтарымен жығып салып талқандап, өлтіріп, талап жесе бастады. Топ осыған араласып жатқанда, Көксерек мұны тастай беріп, қасына бір-екі қаншықты ертіп алып, кісінің артынан қар боратып, бұрқыратып салып еді, жақындап қалғанда, кісі шошып жығылды. Бірақ алдарынан айқайлап, сатырлап шапқан аттылар шығып қалып, айырып алды». Осыдан соң қатты долы, ызалы болып, сызданып алған Көксеректен қандай қатыгез қаскөйлікті күтуге болатын еді. Жат қолдың мәжбүрлеуімен адамдар арасында өмір сүрген Көксерек олардан сескенбейді. Түйелі адамды да айналсоқтайды. Түйенің жанына жақындап келгенде : «түйе үстінен бір ұзын нәрсе шошайып созылды да күрс етті. Өлгенше қатты ащы дауыс даланы сілкіндіріп шошытып жіберді. Бар қасқыр қар боратып ытқып, қашып жөнелді.

Күрс етіп жөтелген көк түтінмен қатар Көксеректің артқы бір саны шыж ете түсті. Әрі ыстық, әрі суық бір нәрсе қадалып шаншып қалды. Санын «арс» етіп қауып қалып, түйенің үсті тағы да сыртылдап қамданып жатқанда, бұ да ытқып қашып жөнелді. Тоқталған жоқ, көп қашты. Бірнеше қырқадан, бір екі жазықтан құлаш ұрып шауып өтті. Өзге қасқырлар бір бөлек, бұл жалғыз – бір бөлек».

Көксерек тағы да жалғыз, қандастары тастап кетті. Тәні де, жаны да жаралы Көксерек психологиясы қылмыстың қай түрінен болсын аянбасы анық еді. Автор Көксеректің сезім құбылыстарын шеберлікпен жеткізеді. «Қойшы үлкен емес, бала дауысы шошытпайды» деген оймен Көксерек қойға жақындады, қойшы бала да бұдан сескенбейді» айғайды салып, бұған қарсы шапты, Құрмаш Көксеректі танымаса да, бөлтірікті қойнында баққан бала көңілмен өзімсіне қаскөйлікке қарсы ұмтылды.

Бірдеңені жұлып түспек болып долданған Көксеректің арандай ашылған аузының ыңғайына бала тонының өңірі ілінді. «Туғаннан бергі барлық көресі осыдан-екі аяқтыдан дегендей, жығылып, домалап жатқан балаға тап берді. Оқыс секіргенде, санының жарасы ашылып, тыз етіп ашып қалып еді. Ол бұрынғыдан жаман ызаландырып, құтыртқандай. Боз ұзап қашып кетті. Қой да жоқ. Екпіндеп секіріп, ырылдап кеп баланы бас салды». Құрмаштың өлімі кездейсоқтық. Автор Көксеректің екі аяқтыларға шабуы табиғат теңдігін бұзғандарға жауап дегенді санаға үйіреді. Екі аяқтылар ол жауыздыққа асыра қарымта қайтаруға ұйысуда. Қасқырға салатын ит Аққасқаның түр-тұлғасы, әрекет-қылығы Көксеректі еске салады. «Аққасқаның бойы қасқырдан кіші емес. Аяқтарының жуандық сомдығы да содан кем емес. Өзінің барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын бітім бар. Түсі тазылар түсіндей емес, қасқыр түс.

Аққасқа өте қабаған. Сіркесі су көтермейтін долы, ызалы. Кісі айырмаса, астына түскен итті өлтірмей шықпайды.Өзі жүрген жерде өзге иттің еркелігін көтермейді. Күзден бері Қасен ауылының екі-үш сақ төбетін өлтіріп салды. Қатты ашуланып, ашқарақтанып кеткенде, иесін де қауып жібереді».

Автор повестің соңғы тарауындағы Көксерек пен Аққасқаның айқасын әсерлі суреттеген. Екеуі де өліспей беріспеуге дайын. «Екеуі шапшысып тұрған бетте бір-бірін құлақ шекеден де, алқымынан да алғызбайтын болды. Алдыңғы аяқтарымен ұстасып тіресіп тұрып, сол сәтті аңдығанда екеуі де тез іс бітпейтінін ұққандай болды. Аққасқа қарсы алдында арандай ашылып тұрған ауызға сақ еткізіп тістерін салып жіберді. Бұл қасқырдың төменгі тістері мен тілін қоса шайнағанда, қасқырдың жоғары азулары Аққасқаның тұмсығының екі жағынан жоғары ұрттарына келіп, кірш-кірш кірді»

Автор үшін Көксерек аяулы образ. Егер Аққасқа өр жақта тұрмағанда, адамдар келіп, шайнасу үстінде желімдей қайнасып қатып қалған Көксеректің көмейіне қамшы тығып, өкпесіне пышақ салмағанда, қайсысының алдырарын кім білсін. Екі аяқтылар қарумен келіп Көксеректі жайратты. Қанша алпарыс, бәрібір жеңіс солар жағында екенін дәлелдеді. Әр тіршілік иесі, қазақ та, өзінің тегіне, жаратылысына адал болуын автор астармен меңзегендей. Шығарманың он бойында жаратылысты күштеп өзгертуге деген қарсы күйінген мұңлы шер жатыр.

Әуезов төңкерістен кейінгі жылдары ұлтын шексіз сүйген, онымен қоса, оны басқаша тәрбиелеуге ұмтылған сыртқы «ұлы жұртты» сүюге міндетті болып саналған, сөйтіп қарама–қарсы қасиеттер бойына сіңе бастаған ұлт бойындағы көріністі шығарма астарына көмкерген.

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні / Дата / Date:

Топ / Группа / Group:

Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебиеті

Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Шетел ертегішілері. (Г.Х.Андерсен, Ағайынды Гримм т.б).

Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас

Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: Практикалық сабақ

Мақсаты / Цели занятия / Objectives:

-білімдік / образовательная /educational: Шетел әңгімелері мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу маңызының қаншалықты терең екендігі туралы студенттерге түсінік беру.Ертегілердің мазмұнын талдап, балаларға берер тәрбиелік мәнін ашу.

-дамытушылық / развивающая / developing: Танымдық іс-әрекеттерін дамыта отырып, балалардың жеке жұмыс жасай білудің қабілеттерін қалыптастыру.

-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Берілген әңгімелерге талдау жасауға үйрету, шығармаларды таза мәнерлеп ұқыпты оқуға тәрбиелеу.Өз беттерінше ізденуге, танымдық іс-әрекеттерін кеңейтуге, сөз байлықтарын көркейтіп, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: тақта, портрет, ертегі кітаптары

Сабақтың жоспары / План занятия / Plan

I.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Мақсатқа жету

ІV. Дәріс мазмұны

V.Студенттермен жұмыс

VІ. Қорытынды

Сабақтың барысы \ Ход занятия

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме?,Здравствуйте, Good morning.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:М.Жұмабаевтың «Сылдырмақ» өлеңін жаттап келу. .

ІІІ.Мақсатқа жету: Біз болашақ педагогпыз, біздің алдымызда үлкен міндет тұр:балалардың тілін дамыту, таза анық сөйлеуге үйрету, мектепке дейінгі балалардың таза сөйлеуі үшін тілдің дыбысталу мәдениетін қалыптастыру. Ол үшін әуелі өзіміз таза сөйлеуіміз керек. күнде біз сендермен саусақ жаттығуларын, сөздік жаттығуларын, таңертеңгі шеңбер, психо-жаттығулар жасауымыз керек.

Мынау көз, мынау көздерім,

Мынау құлақ,мынау құлақтарым.

Мынау ауыз, мынау мұрын,

Мынау іш, мынау арқа.

Мынау қолдарым,мынау аятарым.

Енді бүгінгі дәрісіміздің тақырыбын жазыңдар.

IV. Практикалық сабақ :(салынған) жоспар, ертегілері,портрет.

V. Оқушылармен дәріс барысындағы: Пікір талас сұрақтармен жұмыс және әңгімелерін мәнерлеп оқу және талдау жасау.

VI. Бекіту: (Сұрақтар салынған)

Әдебиет / Литература / Literature: Ш.Мұхтарова, Л.Серова «Шетел балалар әдебиеті» 2008ж. «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов - 1976ж. «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев – 1986ж.

Жоспар:


  1. Г.Х.Андерсен ертегілері.

  2. Ағайынды Гримм- француз халық ертегілерін шығармашылық тұрғыдан ұсынуы.

  3. Вильгельм .Гауф «Кішкентай Мук», «Карлик нос» т.б.

Андерсен Ханс Кристиан  жазушысы. Әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторы.

“Импровизатор” (1835), “Тек скрипкашы” (1837), “Қос баронесса” (1-3, 1849) романдары, “Мулат” пьесасы, “Ақын базары” (1842) жолжазба очерктер кітабы, “Менің өмірімнің ертегісі” өмірбаяндық кітабы т.б. шығармалары әлем оқырмандарына жақсы таныс. Негізінен, әдеби ертегі, повестерімен даңқы шыққан. “Балаларға айтылған ертегілер” (1-3 кіт., 1835—37), “Жаңа ертегілер” (1845 — 48), “Оқиғалар” (1852 — 53) деген жинақтары жарық көрді. “Қайыспас қалайы солдат” (1838), “Шошқа бағушы” (1841), “Бұлбұл” (1843), “Сүйкімсіз балапан” (1843), “Қаршақыз” (1844), “Көлеңке” (1847), “Ана” (1848) т.б. танымал ертегі кітаптарында жазушы ар тазалығы мен жан жомарттығын, әділет, жақсылық сезімдерін ашып көрсеткен.

Андерсен ертегілері тек балаларға арналмаған. Әлеуметтік-психологиялық астар, ащы сарказм Андерсен ертегілерінің көпшілігіне тән (мысалы, “Корольдың жаңа киімі” ертегісі). Андерсен атында халықаралық әдеби сыйлық бар. Қазақ жазушысы М.Қабанбаев “Пысық болдым, мінеки” повесінде ұлттық мінездің ерекшелігін ашып көрсеткені Халықаралық Х.К. Андерсен атындағы Үлкен Грамотасын алған (1989). Андерсеннің “Ертегілер” (1948, 1951, 1960), “Перизат” (1968), “Сандық самолет” (1970), “Сүйкімсіз балапан” (1981), “Таңдамалы ертегілер” (1984) кітаптары қазақ тілінде жарық көрген.

Ханс Кристиан Андерсен 1805 жылдың 2 сәуірінде Фюн аралындағы Оденсе қаласында дүниеге келді. Андерсеннің әкесі Ханс Андерсен (1782-1816) кедей етікші, ал шешесі Анна Мари Андерсдаттер (1775-1833) кір жуушы болды. Шешесінің сіңірі шыққан кедей отбасынан шыққандығы соншалық, ол бала күнінде қайыр сұрауға мәжбүр болса, өлгенде де кедейлер бейітіне жерленді. 1816 жылы әкесі қайтыс болып, Андерсен жұмыс іздеуге мәжбүр болды. Алғашында ол тоқымашының, одан соң тігіншінің көмекшісі болып, кейіннен темекі фабрикасында жұмыс істеді.

14 жасында Андерсен Копенгаген қаласына аттанады. Анасы оны аз уақытта қайта оралар деген үмітпен жібереді. Үйін тастап, кетіп бара жатқан жас Ганстан анасы не үшін кетіп бара жатқандығын сұрағанда, ол еш ойланбастан: «Атақты болу үшін!» деп жауап береді.[1] Ол өз мақсатына жетті. Адал еңбек, маңдай терімен танымал болды, өзін мойындатты. Бір кездері қалаға қалтасында бар болғаны 13-ақ монетамен келген жас өзінің болашағы үшін күресте ештеңеден тайынған жоқ. Ханс Христиан ұзын бойлы, аяқ-қолдары да, мойны да жіңішке әрі ұзын, мұрны да ұзын жігіт болды. Ол өзінің ертегілеріндегі «Сүйкімсіз Балапанның» өмірлік аналогы еді. Бірақ даусы өте жағымды болғандықтан және оның қатты жалынғандығына сарайдағылар аянышпен қарағандықтан ол көріксіздігіне, сыртқы келбетінің сұрықсыздығына қарамастан, король театрына жұмысқа қабылданады. Мұнда ол тек қана екінші дәрежелі рольдерді ойнайды. Бірте-бірте ол рольдері де азайып, оған қоса қартайғандықтан даусының өзгеруіне байланысты мүлде жұмыстан шығарып жібереді. Бұл уақытта Андерсен 5 актілі пьесасын аяқтап, соны кітап етіп шығару үшін корольден ақша сұрап хат жазады. Бұл кітапқа оның өлеңдері де енді. Ханс Христиан жарнама да жасап, газетке анонс да береді. Бірақ, кітап басылып шыққанымен, ешкім сатып алмайды; ол тек заттарды орайтын материал ретінде ғана жарамды болып қалады. Бірақ ол үмітін үзбей, өз кітабын театрға әкеледі. Ондағы ойы – жазған пьесасы бойынша спектакль қою. Бірақ «автордың тәжірибесінің аздығынан» театр пьесаны қабылдамайды.

Осы бір сезімтал жастың талабына, ықыласына риза болған жұрт Дания королі Фредерик УІ-ға Андерсенды оқыту жөнінде өтініш жасайды. Нәтижесінде Андерсен алдымен Слагельс қалашығында, одан соң Эльсинордағы мектепте қазына есебінен оқиды. Алдағы уақытта тамақ тауып жеу мәселесі шешілгенімен, мектептегі өмірі Андерсенға оңай тиген жоқ. Біріншіден, ол өзінен 6 жас кіші балалармен оқыды, екіншіден, ректордың қатал сынына жиі ұшырап отырды. Естеліктерінде мектептегі өмірін жазушы «ең қараңғы уақыт» ретінде еске алады. 1827 жылы Ханс оқуын бітіргенімен, сауатты жазуды меңгере алмай, өмірінің соңына дейін жазуда грамматикалық қателер жіберіп отырды.[2] 1829 жылы жарық көрген «Холмен каналынан Амагердің шығысына дейін жаяу саяхат» атты фантастикалық әңгімелер жинағы Андерсенға атақ әкеледі. 1833 жылы корольдің берген жәрдемақысына Ханс өмірінде бірінші рет шетелге саяхат жасайды. Осы уақыттан бастап, ол көптеген әдеби туындыларын жаза бастайды. Соның ішінде, даңқын шығарған «Ертегілер» (1835) атты жинағы жарық көреді. Андерсеннің «Ертегілерін» халық қызыға оқып, сұраныс көбейгендіктен, 1835, 1845 жылдары қайтадан жарияланады. Жазушының талантын дәлелдеген «Суреттері бар суретсіз кітап» атты жинағының жарық көруі оны бүкіл еуропаға танымал етті. 1847 жылы ол Англияға келгенде оны үлкен қошеметпен, салтанатты түрде қарсы алады. 1840-жылдардың екінші жартысында драматург әрі романист ретінде атын шығаруға талпынған Ханс Христиан бірнеше романдар мен пьесаларын жариялайды. Ол өзіне атақ әкелген ертегілерін жазуды да жалғастыра берді. Соңғы ертегісін Андерсен 1872 жылы Рождествода жазды. 1875 жылдың 4 тамызында жазушы қайтыс болып, денесі Копенгагендегі «Ассистэнс» мазарына жерленеді.

Андерсен ертегілерінің ішіндегі әйгілісі – «Кішкентай Иданың гүлдері» (1835), «Түймеқыз» (1835), «Патшаның жаңа көйлегі» (1837), «Жабайы аққулар» (1838), «Ұшақ-сандық» (1839), «Жауыз патша» (1840), «Періште» (1843), «Қалыңдық пен күйеу» (1843), «Ұсқынсыз үйрек» (1843), «Қар ханшайымы» (1844), «Әже» (1845), «Көлеңке» (1847), «Жыл тарихы» (1852), «Жел Вальдемар До мен оның қыздары туралы айтады» (1859), «Нанды басып кеткен қыз» (1859) атты ертегілері.

Ертегішінің көптеген ертегілері анимацияланып, эфирде көрсетілді. Солардың қатарында «Ұсқынсыз үйрек» (1956), «Жабайы аққулар» (1962), «Түймеқыз» (1964), «Қар ханшайымы» (1966), «Күн тимес күнікей» (1976), «Су перісі» (1976), «Қайтпас қайсар қалайы солдат» (1976), «патшаның жаңа көйлегі» (1990), «Шақпақ тас», «Күйеуімнің істеген ісінің бәрі жөн, бәрі дұрыс», «Кішкентай Иданың гүлдері», «Оле-Лукойе», «Алтын қазына», «Шошқа бағушы» (2012) т.б. атауға болады.

Жазушының фантазиясы мен халық ішінде сақталған аңыздарды еске түсіруі оған керемет ертегілік сюжет жасауға мүмкіндік берді. Дат жазушысының барлық туындыларында әділдіктің әділетсіздікті, мейірімділіктің жауыздықты түбі жеңетіндігіне деген терең сенім бар. Ханс ертегілерінде әртүрлі қызықты оқиғалар болып отырады. Ертегішіге әлемдік даңққа ие болу оңай болған жоқ.[3] 1829 жылы жарияланған «Холмен каналынан Амагердің шығысына дейін жаяу саяхат» атты фантастикалық әңгімелер жинағы Андерсенға үлкен атақ әкеледі. Осы уақыттан бастап, ол көптеген әдеби туындыларын жаза бастайды. Соның ішінде, даңқын шығарған «Ертегілер» (1835) атты жинағы жарық көреді. Андерсеннің «Ертегілерін» халық қызыға оқып, сұраныс көбейгендіктен, 1835, 1845 жылдары қайтадан жарияланады. Жазушының талантын дәлелдеген «Суреттері бар суретсіз кітап» атты жинағының жарық көруі оны бүкіл еуропаға танымал етті.

Андерсен халық ертегілерінің образдарын пайдаланған жоқ, өзі бұрын мүлде беймәлім жаңа образдар ойлап тапты. «Інжу мен алтыннан да қымбат» атты ертегі-пьесасында дракондар бұзылып қалады. Бір драконның сол жақ қанаты сынып қалса, екіншісінің аузынан от шашатын механизмі істен шығады. Әрине, бұл күйінде дракондар ұша алмайтын болғандықтан, ертегі кейіпкеріне транспорттың басқа түрін табуға тура келеді. Андерсен ертегілерінде бәрі бар: темір жол, ұшатын шар, тіпті газетке дейін басылып шығады. Ертегілерде заттарға жан бітіп, ойыншықтар белсенді әрекет жасайды. Ұршық допты бағып жүрсе, тарақ етікке күйеуге шығады немесе қайтпас қайсар қалайы солдат көптеген адам сенгісіз оқиғаларды басынан кешіреді. Автор адам бойындағы жаман әдеттерді, әлсіздіктерді заттарға телиді. Мәселен, тебен ине өзін жіңішке сезінгендігі сонша, соңында жіңішке тігін инесі екендігіне сеніп қалады. Тебен иненің өзін-өзі дәріптеуі тіпті күлкі туғызады. Ертегіші бір ханшайымның ерекше ақылдылығын суреттегенде: «оның ақылдылығы сонша, әлемдегі барлық газетті оқып шықты, бірақ оқығанының барлығын ұмытып қалды» деп жазады. Осы мазмұндағы сатиралық ертегілер Андерсенде көптеп кездеседі («Корольдің жаңа көйлегі» т.б.).[2] Андерсен ертегілері қазақ тіліне де аударылды. Оның бастамашысы аудармашы Сасан Нұрғалимов болды. Ол танымал ертегішінің ел арасына кең тараған он бес ертегісін көркем тілмен аударып, Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасынан 1951 жылы жеке жкітап түрінде жариялады. Бұл кітап бүгінге дейін жас балалардың қызыға оқитын кітаптарының бірі.[4]

Андерсен ертегілерін тек балалар ғана емес, үлкендер де қызыға оқиды. Себебі оның ертегілері әртүрлі жастағы, әртүрлі таптағы адамдарға арналған. Андерсен ертегілері адам санасын оятады, онда халық даналығы тұнық күйінде сақталған.

Вильгельм Гауф (Үлгі:Lang-dutch, 29 қараша 1802 жыл, Штутгарт – 18 қараша 1827 жыл, сонда) – неміс жазушысы және новеллист. [1]

Әдебиеттегі бидермейер бағытының өкілі. 1820 жылы Тюбинген университетіне түседі. Төрт жылдан соң философия және теология мамандықтары бойынша доктор дәрежесін алады. Кейін қорғаныс министрі барон Эрнст Юген фон Хёгельдің балаларына жеке оқытушы болып жұмыс істейді. Оларға арнап «Märchen» атты қиял-ғажайып ертегілер жинағын жазады. Ол 1826 жылы басылып шығады. Сонымен қатар «Кішкентай Мук», «Калиф-Ләйлек» атты атақты ертегілері бар. «Лихтенштейн» атты тарихи романы ХІХ ғасырдағы ең үздік романдардың бірі болады.



1827 жылы Штутгарт газетінің редакторы болады. Штутгартқа жақын жерде ВильгельмГауфқа арнап ескерткіш тұрғызылған. Байрсбронда «Вильгельм Гауф ертегілерінің мұражайы» бар.

Үйге тапсырма: Шетел ертегілерінің біреуін алып, талдап келу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет