Сабақтың жоспары
Поурочный план
The plan of the lesson
Күні / Дата / Date:
Топ / Группа / Group:
Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебиеті
Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Ы.Алтынсарин ертегілеріндегі ізгілік бағыттары.
Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас
Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: Дәріс
Мақсаты / Цели занятия / Objectives:
-білімдік / образовательная /educational: Студенттерге Ы.Алтынсариннің ертегілерімен әңгімелерінің тәрбиелік мәні маңызды екені туралы түсінік беру және әңгімелерінеталдау жасау, мәнерлеп оқудың әдісін қолдануға тәрбиелеу.
-дамытушылық / развивающая / developing: Танымдық іс-әрекеттерін дамыта отырып, балалардың жеке жұмыс жасай білудің қабілеттерін қалыптастыру.
-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Өз беттерінше ізденуге, танымдық іс-әрекеттерін кеңейтуге, сөз байлықтарын көркейтіп, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: тақта, сызбалар,әдеби кітаптар.
Сабақтың жоспары / План занятия / Plan
І.Ұйымдастыру бөлім
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Мақсатқа жету:
ІV. Студенттермен жұмыс
V .Шығармаларына талдау
VІ. Қорытынды
VІІ. Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы \ Ход занятия.
І. Ұйымдастыру бөлім: Сәлеметсіздер ме?,Здравствуйте, Good morning
Саусақ жаттығуы : Бала,бала,балақан,
Қане қайсы алақан .
Саусақтарың әйбат,әйбат,
Былай-былай ойнат.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Шарль Перро ертегілеріне кітапша өз қалаулары бойынша жасап келу.
ІV.Мақсатқа жету : Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сөйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүделерінің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Ыбырай Алтынсариннің жеңісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі........
V.Дәріс:( салынған) қосымша материал бар
Жоспар: 1.Ы. Алтынсарин ертегілерінің көркемдік ерекшелігі.
2.Мектепке дейінгі бала жасына түсінікті: «Ақылды бала»,т.б
3.Тақырыбы тәрбиелік мәні.
VІ. Бекіту: -Ы.Алтынсаринді балалар әдебиетінің атасы деп неге айтамыз?
-Балаларға арнап жазған алғашқы кітабының мәні
-Шығармаларындағы негізгі тақырып не?
VІІ. Үй тапсырмасы: «Ы. Алтынсарин балалар әдебиетінің -атасы»эссе жазу.
Әдебиет / Литература / Literature: Сетин Ф.И «Орыс балалар әдебиетінің тарихы» 1990ж. «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов - 1976ж. «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев – 1986ж.
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сөйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүделерінің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Ыбырай Алтынсариннің жеңісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі – проза жаныры болды. Оның «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Лұқпан хакім», т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, рухани-адамгершілік тәрбиелеуді мақсат етеді.
Адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен көркем шығарма өлеңдері арқылы балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық және рухани-адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
«Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп бекерге айтпаған. Бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Ы. Алтынсариннің балаларға арнап жазған: «Әке мен бала», «Бір уыс мақта», «Асыл шөп», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімелерін сахналап ойнау арқылы әдептілікке, адамшылдыққа, еңбекқорлыққа және жақсы мен жаманды айыра білуге балабақша табалдырығынан бастап үйретеміз. Мектепке дейінгі балаларды сюжетті суреттерді қолданып, ойнай отырып әңгіменің мазмұнын дұрыс, таза айтуға және сөздік қорларын дамытуға қалыптастырамыз. Сонымен бірге «Мына ертегіні ата», «Қай ертегіден?», «Суретті дұрыс орналастыр», т.б дидактикалық ойындары арқылы Ы.Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерін танып білуіне бағыт беру.
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог-ғалымдарының өткен замандардан бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселелерінің бірі 19 ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы – бірінші қазақ педагогы Ы. Алтынсарин. Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтармен, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы педагог ғалымдары К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Бунаковтармен, пікірлес болды. Оның 1879 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясын» алсақ, әрі мазмұны, әрі методика жағынан балаға дұрыс тәрбие беруге лайықталынып құрылғандығын көреміз. Қалай болғанда да балаға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейту үшін «Қазақ хрестоматиясын» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелерінде еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, т.б осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезімдеріне лайықталып, педагогикалық ғылымының талап ететін мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар оқу, еңбек, талап, мейірімділік тақырыптарына лайықты әңгімелерді әдейі саналы түрде таңдап алғанын көреміз.
Көркем әдебиет оқу іс-әрекеттерінде берілген ертегіні бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады және рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастырамыз. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолдана отырып, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Адагершілік қасиеттерді тәрбиелеу , балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқына әсер ету қажетілігімен байланысты болып келеді. Оны жүзеге асыруда адагершілік тәрбиесінің әр түрлі ұйымдастыру формалары мен амал-тәсілдері қолданады. Оларға адагершілік тақырыбына арналған этикалық әңгіме, әңгімелесу, лекция, пікірталас және оқырмандар конференциясын жатқызамыз.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
Қазақ халқының рухани-адамгершілік тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Ұлағатты ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұрпағын бар жақсы қасиеттерге баулып, оның әдепті, ар-ұятты, мейірімді, адамгершілігі мол болуын тілеп отырған. Рухани байлығымыз ұлтымыздың әдет-салты, мәдениеті, әдебиеті, өнері, тарихында жатыр. Адамгершілік-рухани тәрбие мәселесі қазақ ағартушыларының шығармашылығында терең орын алған. Қазақ ағартушылары - Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының адамгерішілік-рухани тәрбиесіне аса қатты көңіл бөлді. Халық шығармашылығын жинап зерттеу арқылы қазақтардың адамгершілік қасиеттерін және талғам деңгейін, болмысқа деген көзқарасын көрсете білді, рухани тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтты. Бүгінгі тәрбие ісінің міндеті – сол ұлттық байлықты жаңаша озық ұстанымдармен байланыстыра алып, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастырып, әр баланың өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына мүмкіншілік жасау.
Ыбырай Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің атасы деп бекер айтпаған, өйткені оның әңгімелерінің іштеріндегі қызықтыларын балалардың ой-санасы, жасына лайықтап жазу және өз жанынан да бірнеше әңгімелер шығару арқылы Ыбырай кейінгі ұрпақтар үшін аса құнды мұралар қалдырды.
Бекіту: -Ы.Алтынсаринді балалар әдебиетінің атасы деп неге айтамыз?
-Балаларға арнап жазған алғашқы кітабының мәні
-Шығармаларындағы негізгі тақырып не?
Сабақтың жоспары
Поурочный план
The plan of the lesson
Күні / Дата / Date:
Топ / Группа / Group:
Пән / Предмет / Subject: Балалар әдебиеті
Сабақтың тақырыбы / Тема занятия / Theme: Ы.Алтынсарин шығармаларына талдау.
Сабақтың үлгісі / Тип занятия / Type of the lesson: аралас
Сабақтың түрі / Вид занятия / Kind of the lesson: Практикалық сабақ
Мақсаты / Цели занятия / Objectives:
-білімдік / образовательная /educational: Ы.Алтынсарин әңгімелерінің мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу маңызының қаншалықты терең екендігі туралы студенттерге түсінік беру.Балаларға жеңіл шығармалардың қолдану жолдарын қарастыру.
-дамытушылық / развивающая / developing: Танымдық іс-әрекеттерін дамыта отырып, балалардың жеке жұмыс жасай білудің қабілеттерін қалыптастыру.
-тәрбиелік / воспитательная / bringing-u: Берілген әңгімелерге талдау жасауға үйрету, шығармаларды таза мәнерлеп ұқыпты оқуға тәрбиелеу.Өз беттерінше ізденуге, танымдық іс-әрекеттерін кеңейтуге, сөз байлықтарын көркейтіп, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар / Оборудование / Resources: тақта, портрет, ертегі кітаптары
Сабақтың жоспары / План занятия / Plan
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
Мақсатқа жету
Дәріс
Студенттермен Ы.Алтынсарин шығармаларына талдау жасау
Рефлексия
Үйге тапсырма
Сабақтың барысы \ Ход занятия
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме?,Здравствуйте, Good morning.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ы.Алтынсариннің үш әңгімесін алып келу.
ІІІ.Мақсатқа жету: Біз болашақ педагогпыз, біздің алдымызда үлкен міндет тұр:балалардың тілін дамыту, таза анық сөйлеуге үйрету, мектепке дейінгі балалардың таза сөйлеуі үшін тілдің дыбысталу мәдениетін қалыптастыру. Ол үшін әуелі өзіміз таза сөйлеуіміз керек. күнде біз сендермен саусақ жаттығуларын, сөздік жаттығуларын, таңертеңгі шеңбер, психо-жаттығулар жасауымыз керек.
Мынау көз, мынау көздерім,
Мынау құлақ,мынау құлақтарым.
Мынау ауыз, мынау мұрын,
Мынау іш, мынау арқа.
Мынау қолдарым,мынау аятарым.
Енді бүгінгі дәрісіміздің тақырыбын жазыңдар.
IV. Практикалық сабақ жоспар, әңгімелері,портрет (слайд)сызба, әңгімелері.
V. Оқушылармен практикалық барысындағы жұмыстар: Пікір талас сұрақтармен жұмыс және әңгімелерін мәнерлеп оқу және талдау жасау.(әңгімелері мен сызбалар салынған)
VI. Бекіту: (Сұрақтар салынған)
Әдебиет / Литература / Literature: Сетин Ф.И «Орыс балалар әдебиетінің тарихы» 1990ж. «Қазақ балалар әдебиетінің тарихы» Ш. Ахметов - 1976ж. «Қазақ фолклорының тарихы» А. Қоңыратбаев – 1986ж.
Жоспар:
1.Ы.Алтынсариннің бір шығармасына өз бетінше талдау жасау. «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Асыл шөп» т.б
2.«Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру мен тәрбиелеудегі Ы.Алтынсарин шығармаларының алатын орны» тақырыбында шағын хабарлама жасау.
3.Әңгімелеріне талдау.
1.Ы.Алтынсариннің бір шығармасына өз бетінше талдау жасау. «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Асыл шөп» т.б
Мейірімді бала
Ы. Алтынсарин
Қытай жұртында ескi заң бар, бiреудi алдағандығын мойындаған кiсiнiң қолын кесетұғын. Бiр төре осындай iспен кiнәлi болып, әлгi айтылған жазаны беруге ұйғарып тұрғанда, кiнәлi төренiң жас қыз баласы әкем үшiн жауап беремiн деп, жүгiрiп келедi. Қызды патшаға алып келген кезде:
– Тақсыр патшам, – дедi қыз, – менiң әкем жазаға лайық болғаны рас, сол үшiн қолынан айырылу керек болды. Мiнеки, тақсыр, әкемнiң қолы, – деп өзiнiң қолын көтердi. – Бұл қол да менiң жазықты болған атамның қолы, бiрақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейдi. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесiп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдырыңыз.
Патша баланың атасына мұнша мейiрiмдiлiгiне рақымы келiп, төренiң күнәсiн кештi дейдi.
Әдептілік
Ы. Алтынсарин
Бiр жұрттың үлкен оқымысты кісісі екiншi бiр елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бiр жарлы адам өтiп бара жатып, оқымыстыға келіп басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі. Қасындағы бай:
− Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? – деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
– Ешбiр ғылым-бiлiм үйренбеген ол кісі әдептiлiк көрсеткенде, мен одан әдепсiз болып көрінсем, лайық па? – деген екен.
Мақта қыз бен мысық
Ы. Алтынсарин
Мақта қыз үйін жинап жүріп,бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз:»Келмесең келме» деп, мейізді өзі жеп қояды.Жеп болған соң мысық келіп:
-Неге шақырдың?- деп сүрайды.
Мақта қыз айтпайды.Сонан соң мысық:
-Ендеше қатығынды төгем,- дейді.
Мақта қыз:
-Мен құйрығынды кесіп аламын!-дейді.Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
-Апа, апа, құйрығымды берші,- дейді.
Мақта қыз:
-Менің қатығымды төле!- дейді.
Мысық сиырға барады.
-Сиыр, маған қатық берші,- дейді.
Сиыр:
-Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші!-дейді.
Мысық ағашқа барып:
-Ағаш, ағаш, жапырағынды берші!-дейді.
Ағаш:
-Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең жапырақ беремін,-дейді.
Мысық суға бара жатса,су әкеле жатқан қыздарды көреді.
-Қыздар, қыздар, маған су беріндерші!- дейді.
Қыздар оған:
-Бізге сағыз әкеліп берсен, біз саған су береміз,- дейді.
Мысық дүкенге барады.
-Эй, дүкенші, маған сағыз берші!- дейді.
Дүкенші:
-Маған жұмыртқа бер,- дейді.
Мысық тауыққа барады.
-Тауық, тауық маған жұмыртқа берші!-дейді.
Тауықтар:
-Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз,- дейді.
Мысық:»Енді не қыламын?»-деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді.Мысық тышқанды бас салады.
-Жаныңнын барында айт. Үйінде нең бар?-дейді.
Тышқан қорыққанынан:
-Үйімде бір табақ тарым бар,- дейді.
Мысық:
-Маған бір уыс тары әкеліп бер.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді, мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді, жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.
2.«Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру мен тәрбиелеудегі Ы.Алтынсарин шығармаларының алатын орны»
Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сөйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүделерінің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Ыбырай Алтынсариннің жеңісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі – проза жаныры болды. Оның «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Лұқпан хакім», т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, рухани-адамгершілік тәрбиелеуді мақсат етеді.
Адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен көркем шығарма өлеңдері арқылы балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық және рухани-адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
«Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп бекерге айтпаған. Бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Ы. Алтынсариннің балаларға арнап жазған: «Әке мен бала», «Бір уыс мақта», «Асыл шөп», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімелерін сахналап ойнау арқылы әдептілікке, адамшылдыққа, еңбекқорлыққа және жақсы мен жаманды айыра білуге балабақша табалдырығынан бастап үйретеміз. Мектепке дейінгі балаларды сюжетті суреттерді қолданып, ойнай отырып әңгіменің мазмұнын дұрыс, таза айтуға және сөздік қорларын дамытуға қалыптастырамыз. Сонымен бірге «Мына ертегіні ата», «Қай ертегіден?», «Суретті дұрыс орналастыр», т.б дидактикалық ойындары арқылы Ы.Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерін танып білуіне бағыт беру.
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог-ғалымдарының өткен замандардан бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселелерінің бірі 19 ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы – бірінші қазақ педагогы Ы. Алтынсарин. Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтармен, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы педагог ғалымдары К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Бунаковтармен, пікірлес болды. Оның 1879 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясын» алсақ, әрі мазмұны, әрі методика жағынан балаға дұрыс тәрбие беруге лайықталынып құрылғандығын көреміз. Қалай болғанда да балаға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүниетанушылық көзқарасын кеңейту үшін «Қазақ хрестоматиясын» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелерінде еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, т.б осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезімдеріне лайықталып, педагогикалық ғылымының талап ететін мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар оқу, еңбек, талап, мейірімділік тақырыптарына лайықты әңгімелерді әдейі саналы түрде таңдап алғанын көреміз.
Көркем әдебиет оқу іс-әрекеттерінде берілген ертегіні бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады және рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастырамыз. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолдана отырып, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Адагершілік қасиеттерді тәрбиелеу , балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқына әсер ету қажетілігімен байланысты болып келеді. Оны жүзеге асыруда адагершілік тәрбиесінің әр түрлі ұйымдастыру формалары мен амал-тәсілдері қолданады. Оларға адагершілік тақырыбына арналған этикалық әңгіме, әңгімелесу, лекция, пікірталас және оқырмандар конференциясын жатқызамыз.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.
Қазақ халқының рухани-адамгершілік тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Ұлағатты ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұрпағын бар жақсы қасиеттерге баулып, оның әдепті, ар-ұятты, мейірімді, адамгершілігі мол болуын тілеп отырған. Рухани байлығымыз ұлтымыздың әдет-салты, мәдениеті, әдебиеті, өнері, тарихында жатыр. Адамгершілік-рухани тәрбие мәселесі қазақ ағартушыларының шығармашылығында терең орын алған. Қазақ ағартушылары - Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының адамгерішілік-рухани тәрбиесіне аса қатты көңіл бөлді. Халық шығармашылығын жинап зерттеу арқылы қазақтардың адамгершілік қасиеттерін және талғам деңгейін, болмысқа деген көзқарасын көрсете білді, рухани тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтты. Бүгінгі тәрбие ісінің міндеті – сол ұлттық байлықты жаңаша озық ұстанымдармен байланыстыра алып, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастырып, әр баланың өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына мүмкіншілік жасау.
Ыбырай Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің атасы деп бекер айтпаған, өйткені оның әңгімелерінің іштеріндегі қызықтыларын балалардың ой-санасы, жасына лайықтап жазу және өз жанынан да бірнеше әңгімелер шығару арқылы Ыбырай кейінгі ұрпақтар үшін аса құнды мұралар қалдырды.
3.Әңгімелеріне талдау.
Студенттермен сызба жұмыс жасау
1 топ
|
2 топ
|
Әке
|
Бала
|
Жақсы
|
Жаман
|
Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді
|
Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ
|
Ауру жігіт
Жерге құлады
Аю иіскеді
Жерден тұрды
Жауап берді
|
Сау бала
Ағашқа шықты
Аю
Ағаштан түсті
Сұрады
|
4. Пікірталастыру
«Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа»
-Қандай жолдаспен дос болу керек?
5. Үйге тапсырма:
«Ы. Алтынсарин шығармалары балалар әдебиетінің бастау көзі» тақырыбына эссе жазу
Достарыңызбен бөлісу: |